Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарихты тану-болашаққа бағдар жол

Автор:   •  Август 12, 2021  •  Доклад  •  649 Слов (3 Страниц)  •  634 Просмотры

Страница 1 из 3

ТАРИХТЫ БІЛУ - КЕЛЕШЕККЕ БАСТАР ЖОЛ

Танай Жанат Қуанышұлы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ЖОББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі

Өркениет  көші өркендеген бүгінгі дәуірде адамзат екінші мыңжылдықтың ширек ғасырының соңына жақындап келеді. Күн сайын көбірек адамдар тарихтың тұңғиығына қарап, өткенді құрметтеу болар мемлекеттің алғышарты ретінде көруге болады. Шығыс даналығында мынадай қанатты сөз бар: «Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады». Осыған байланысты 2018  жылдың 21қарашасында  бүгінгі болмысы мен бағдары бөлек, дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан үшін мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын. Мақаланың мазмұнында қазақ халқы бақытты өмір сүріп, осындай бір бейбіт күнде бұрын-соңды болмаған апатты бастан кешіргені, қиын кезеңдерге төтеп бермегені туралы толық пікірлер бар. Әрбір тарихи кезеңге зерделей көз салатын болсақ, Ұлы дала ұрпақтарының көреген, ойшыл, заманынан озып туған ұлдары ел-жұртының, халқының, ұлтының сана-сезімінің жаңғыруына зор үлестерін қосқанын аңғарамыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында мұның «жай ғана әдемі афоризм еместігін» ескерткен еді.

Қазақстан  тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.

Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.

Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.

Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді».Қазақстан мемлекетінің негізгі жұрты қазақ халқының өткен тарихы баяндалады. Сол тарих арқылы өзіңнің кім екеніңді танып білуге, тың ақпараттар білуге, тарих арқылы қазақ жерінің байлықтары мен белгілі жерлерін таныуға, тіпті әсіресе тарихпен мақтауға да болатындығын Елбасы болып дәлелдеп берді.

Арғысы сонау бағзы заманда өмір сүрген Қорқыттың, «екінші Аристотель» атанған әл-Фарабидің ілімі біздің халқымыздың ғана емес, әлем жұртшылығының сана-сезімін жаңғыртса, бергісі қазақтың данышпан ғұламасы – Абайдың отаршылдықтың құрсауында қалған қазақтың рухын, ұлттық намысын көтеру мақсатында жазған еңбектері тұтас дәуір ұрпақтарын тәрбиеледі десек, асылық айтқан болмас. Хакімнің қоғам өмірі, дін мәселелері туралы философиялық ой-пікірлері Шығыс пен Батыс елдерінің алдыңғы қатарлы ойшылдарының пайымдарымен теңесетінін зерттеушілер айтып та, жазып та жүр. ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының рухани жаңғыруына Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов сияқты Алаш арыстары ерекше атсалысты.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (90.1 Kb)   docx (216.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club