Мемлекеттің қалыптасуының бастапқы кезеңі: Ғұндар
Автор: aselia0405 • Ноябрь 20, 2022 • Реферат • 3,200 Слов (13 Страниц) • 542 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ
“Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті”
РЕФЕРАТ
Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Мемлекеттің қалыптасуының бастапқы кезеңі: Ғұндар
Орындағандар: Жеделбаева Аселья
Топ:1703-22
Қабылдаған: Бекманова Д. М.
Шымкент 2022
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................. 3
- Ғұндар мемлекеті................................................................................ 4
- Ғұндардың шаруашылығы................................................................ 6 3 Ғұндардың саудасы.............................................................................7
4 Ғұндардың қоғамы..............................................................................8
Қорытынды...........................................................................................10
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................11
2
КІРІСПЕ
Ғұндар - ежелгі замандағы еліміздің батыс өңіріндегі көшпенді ұдыстың бірі. 24 тайпадан біріккен көшпенді ғұндардың одағы б.з.д II ғасырда дәуірлеп, біздің заманымыздың I ғасырында ыдырады. Ғұндар өзінің басшысы Мөде тәңірқұт тұсында төңірегіндегі толып жатқан ұлыстарды өзіне бағындырып, шығыста Лиуахты өзенінен батыста Памир тауына дейінгі, солтүстікте Байкал көлінен оңтүстікте Ұлы қорғанға дейінгі ұлан байтақ жерге үстемдік еткен.
Тарихи деректердің дәлелдеуіне қарағанда,осы ғұндардың бір бөлігі ежелгі замандағы қазақ ұлыстарымен тоғысып, қазақ халқын құрған қайнардың біріне айналған.
Үйсін ұлысы Хыши тілігінде қошып-қонып жүрген кезде,іргелес көрші ұлы иозылардың шапқыншылығына ұшырап,халқы азып-тозып, ғұндарға барып паналаған. Осы жаугершілікте үйсін күнбиі Нәнді би жау қолынан қаза тапқанда, оның жаңа туып, жетім қалған баласы Елжау биді ғұн тәңірқұты асырап ер жеткізіп, азып-тозып ғұндарға келген үйсін халқын жинап өз қолына беріп,әкесінің тағына отырғызған. Үйсіндер ғұн елінде 20 жылдай тұрып, аралас-құралас өмір өткізді. Ғұн тайпалары мен үйсін тайпаларының тоғысуы осы кезден басталған.
Онан үйсін ұлысы Іле өңіріне қоныс аударып, іргелі елге айналды.
Б.з.д 71 жылы үйсін билеушілері Хан патшалығымен тізе қоса отырып, қазіргі Баркөл ауданында ғұндардың оң қанат ордасына тұтқиылдан шабуыл жасап ойсырата жеңді. Осы бір соғыста үйсін күнбиі Оңқай би ғұндардың 40 мың адамын қолға түсіріп өзіне қосып алды. Бұдан кейінгі соғыстарда үйсіндер ғұндардың қыруар адамын қолға түсірді. Олар үйсін ұлысына сіңісіп, олардың жан саны мен күш-қуатын молайта түсті.
3
1.ҒҰНДАР МЕМЛЕКЕТІ
Көшпелі мал шаруашылығына көшкеннен кейін экономиканың мүмкіндіктерін пайдалану, бірқатар аудандарда көшпелі мал шаруашылығынын ойдым-ойдым сулы жерлердегі егіншілікпен етене ұштастыру, қолөнер мен үйдегі кәсіпшіліктердің дамуы, сауда байланыстарының күшеюі - осының бәрі Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі және жартылай көшпелі тайпаларының өркендеуіне себепші болды. Б.з.б III - б.з III ғасырларда олар Қазақстанның және көршілес елдердің территориясында бірқатар ірі әрі тұрақты әуелгі таптық бірлестіктер құрды. Жетісуда және Оңтүстік Қазақстанда әсіресе үйсін қоғамы және Сырдарияның орта бойындағы кангюй деген атпен мәлім болған тайпалар бірлестігі ерекше маңыз алды. Бұл қоғамдардағы әскери ұйым жоғары деңгейде болды.
...