Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстарды тергеудің бастапқы кезеңінде тергеушінің жедел бөлімшелермен өзара әрекеттесуі
Автор: kundyz07 • Ноябрь 14, 2021 • Лекция • 1,810 Слов (8 Страниц) • 559 Просмотры
ЛЕКЦИЯ №7
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ НЕМЕСЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖЕЛІ ЖҰМЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН ТЕРГЕУДІҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТЕРГЕУШІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
1. Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстарды тергеудің бастапқы кезеңінде тергеушінің жедел бөлімшелермен өзара әрекеттесуі
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің 2014 ж. 29 шілдедегі № 477 бұйрығына сәйкес ҚР ІІМ ақпараттық-талдау орталығы (АТО) құрылған ол ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ақпараттық талдау орталығының құрылымында жалпы мақсаттағы есепке алу және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бөлімі, жедел-іздестіру ақпарат бөлімі, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі жұмыс жасайды осы аталған қызметтер ақпараттандыру және байланыс өрісіндегі қылмыстарды ашу, тергеу өрісіндегі қызметтерді негізінен жүзеге асырумен айналысады.
Ондай қызметтердің қатарында мыналарды атап көрсетуге болады:
- компьютерлік ақпаратқа құқыққа қайшы кіру фактілерін анықтау және олардың жолын кесу;
- ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды дайындау, тарату және пайдаланумен күрес жүргізу;
- электронды төлем жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдалану жолымен алаяқтық әрекеттердің жасалуына қарсы іс-қимылдарды жүргізу;
- кәмелетке толмағандардың қатысуымен дайындалған порнографиялық материалдарды Интернет жүйесі арқылы таратумен күрес жүргізу;
- Интернет желісін қоса есептегендегі, ақпараттық-телекоммуникациялық желілердегі құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу;
- ұялы және өткізгіш арқылы байланыстардың ресурстарын заңсыз пайдаланумен байланыстарды қылмыстарды анықтау және алдын алу;
- жерсеріктік және кабельдік телевидениенің коммерциялық каналдарына құқыққа қайшы ену әрекеттеріне қарсы іс-қимыл және тосқауыл жасау;
- радиоэлектрондық және арнайы техникалық құралдардың заңсыз айналысымен күрес жүргізу;
- ақпараттық технологиялар өрісіндегі авторлық және аралас құқықтарды бұзу фактілерін анықтау және тосқауыл қою;
- ақпараттық технологиялар өрісіндегі халықаралық қылмыстармен күрес жүргізу;
- ақпараттық технологиялар өрісіндегі халықаралық сипатқа ие қылмыстарға қарсы іс-қимыл;
- шет мемлекеттердің ұлттық байланыс пунктерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
- ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын қылмыстармен күрес жүргізу өрісіндегі халықаралық ынтымақтастық.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша ақпараттандыру және байланыс өрісіндегі қылмыстар жүйесі
Алғаш рет компьютерлік қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 1997 ж. ҚР ҚК-де тек «Компьютерлік ақпаратқа құқыққа қайшы ену, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату» деген бір бапта көрсетілген болатын және ол «Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстар» деп аталатын тарауға енгізілген еді.
«Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР ҚК-де жаңа «Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» деп аталатын жаңа тарау пайда болды. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексі күшіне енді.
Жаңа қылмыстық заңды жобалау жұмыстары кезеңінде-ақ Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қорғауды күшейту қажеттігіне баса назар аударылған болатын. Осылайша, мамандар қылмыстық заңнаманың қазіргі жағдайы, оның тұрақты өзгерістерінде ойластырылған және нақты дәйектіліктің болмауымен, жетіспеушілігімен, кейде қазіргі заманғы заңсыз шабуылдарды, әсіресе ақпараттық технологиялар, медицина, экология, қала құрылысы және сәулет қызметі саласында қылмыстық-құқықтық реттеудің болмауымен сипатталатынын дұрыс атап өтті.
...