Саяси ойлардың даму кезеңі, мемлекетті басқару идеялары
Автор: ai_xcii • Февраль 19, 2023 • Реферат • 1,556 Слов (7 Страниц) • 308 Просмотры
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Жаратылыстану институты
6B05101 Биология және сабақтас ғылымдар
[pic 1]
БӨЖ
Тақырыбы: Саяси ойлардың даму кезеңі, мемлекетті басқару идеялары
Тексерген: Дабылтаева М.
Орындаған: Багсбай Аида
2022-2023 оқу жылы
Жоспар:
- Ежелгі дүниедегі саяси ойлар
- Орта ғасырлардағы саяси ойлар және оған діннің ықпалы
- Қайта өрлеу дәуірі мен жаңа замандағы саяси ойлар
- Қазіргі замандағы саяси теориялар
- Саяси билік формалары
- Қазақстандағы билік формасы
Ежелгі Римдегі саяси ойлар.
Көне Римдегі саяси ойлар да өз тарихи тамырын тереңнен алды. Антикалық Римдегі саяси ілімдер тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
- Патшалық (б.з.д. 754-510 жж) кезең
- Республикалық (б.з.д. 28-509жж) кезең
- Императорлық (б.з.д. 27-476 жж) кезең
Біздің дәуірімізге дейінгі 395 жылы Рим империясы екіге бөлінді. Және көне Римдегі саяси ілімдердің қалыптасуы бірнеше қоғамдық таптың арасында күшті таптық күреспен бірге қатар жүрді. Өздерінің бағдарламасында рим реформаторлары Сократ, Платон, Аристотельдің мемлекет, заңдар және саясат пен саясаткерлер туралы идеяларын пайдаланды. Ежелгі Римдегі саяси ілімдер негізінен соған арқа сүйеді. Әсіресе рим ойшылдары саясат пен құқықты дамытуда ерекше рөл атқарды. Солардың бірі – Цицерон. Марк Туллий Цицерон атақты заңгер, мемлекет қайраткері, ойшыл. Ол өз шығармашылығында мемлекет пен құқық мәселесін қарастыры. Мемлекет туралы, заңдар туралы, міндеткерлік туралы атты еңбектердің авторы. Цицерон мемлекетке (respublika) анықтама бергенде оған халық – адамдардың бей-берекетсіз мақсатсыз жиынтығы емес, керісінше қоғамда өз ынтымағы бар, ортақ мақсаты мен құқығы үшін топтасқан адамдар жиынтығы деп анықтама береді. Осылайша Цицерон мемлекетке алғаш рет заң тұрғысынан анықтама берген ойшыл, ғұлама. Цицерон да көне грек философтары сияқты мемлекеттің үш түрін көрсетеді: патша билігі, аристократия және халық билігі (демократия). Патша осы көрсетілген формаларды пайдаланып мемлекетті ұтымды басқарса, мемлекет дұрыс дамиды дейді. Ал Греаклит «қарама-қарсылықтар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Яки белгілі бір қарама-қайшылыққа өтеді. Суық жылынады, жылылық суынады, ылғал кебеді, құрғақ ылғалданады» деген тұжырымға сүйенген ол өмір мен өлімді, түзу мен қисықты, жақсылық мен жамандықты, күн мен түнді, жоғары мен төменді бір таяқтың екі ұшы іспетті деп біледі.
Демокрит (б.з.д 460-370 жылдар шамасында) өмір сүрген, құлдық демократияны жақтаған, антикалық материализмнің өкілі болды. Егер адамдар бір-біріне сенсе, қастандық жасамаса, онда заңдардың да қажеті болмайды деген пікір айтады.
Әйгілі грек ойшылдары Платон мен Аристотель алдыңғы таризи материалдарды талдап, саяси өмір туралы біртұтас ілім қалыптастырған. Платонның еңбектері философияның идеализм бағытында, яғни мемлекеттің идеалды үлгісін құруды мақсат еткен. Идеалды мемлекет туралы Платонның «Мемлекет», «Заңдар», «Софист», «Парменид» еңбектерінде айтылады, мұнда ол адал мемлекетті адал адаммен салыстырады. Платон аристократиялық басқаруды идеалды деп белгілейді және оған керісінше нашар мемлекетті басқару түрлерін көрсетеді.
Аристотель (б.з.д 384-322) мемлекет деген де оны Полис – ежелгі грек еліндегі қоғам мен мемлекеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала-мемлекетті айтады. Негізгі саяси еңбектері – «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика». Аристотель пікірінше биліктің дұрыс түрі – монархия, аристократия, политияны жатқызады. Ал бұрыс түріне – тирания, олигархия мен демократия. Аристотель бойынша, демократия белгілі бір уақыттан кейін охлократияға – қара тобыр адамдардың билігіне айналады.
Ежелгі Египет, Қытай, Вавилонда халықтардың таным-түсініктері діни-мифологиялық сипат алған. Бұларда сол кездегі саяси билік пен тәртіп аспан тәңіріне тәуелді деген таным басым болды. Демек саяси-құқықтық көзқарас мифологиялық дүниетанымның құрамдас бөлігі болған. Қытай өркениеті жуықтап алғанда біздің жыл санауымызға дейінгі 14-13 ғ.ғ қалыптасқын. Ал саяси ойлар б.з.д 6-5ғ.ғ ойшыл ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала бастаған. Конфуций (551-479) әлеуметтік, саяси ілімнің және патриархарлық мемлекет теориясының негізін салушы болып есептеледі. Конфуций өз ілімін Лунь Юй деген жинағында баяндаған. Конфуций ілімінде халықтың тұрмысының жақсы болуы – негізгі өзекті мәселе болды деуге болады.
...