Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көк түріктік қарулар: Садақ

Автор:   •  Апрель 6, 2019  •  Доклад  •  816 Слов (4 Страниц)  •  503 Просмотры

Страница 1 из 4

Көшпелі қазақ халқының жауынгерлік дәстүрінде ату, шабу, кесу, түйреу және соғуға ыңғайлы найза, садақ, қылыш, айбалта және шоқпар секілді бес түрлі қару қолданылған Өйткені, қарудың бұл түрлері ат үстінде отырып ұрыс салуға және жаяу соғысқа, шұғыл қимыл жасауға ыңғайлы, жеңіл сілтенетін қару түрлері болып саналады. Сонымен қатар қорғаныс мақсатында жауынгерлер үстіне сауыт киіп, қалқан ұстады. «Ер қаруы – бес қару» деген сөз осыған байланысты шыққаны белгілі. Алайда бұл көшпелі қазақ халқы бұдан басқа қару пайдаланбады деген сөзді білдірмейді. Бес қару түсінігі бүгінде түрліше тәпсірленіп жүр. Кейбір зерттеушілер бес қарудың ішіндегі айбалта мен шоқпардың орнына қалқан мен сауытты қосып жатады. Тағы бір деректерде бес қару деп тартыспақ (садақ), атыспақ (мылтық), шанышпақ (найза, сүңгі), шабыспақ (қылыш, алдаспан, селебе), салыспақ (шоқпар, айбалта) яғни негізінен жекпе-жек кезінде пайдаланылатын қару түрлері айтылады. 1899 жылы Орынборда басылып шыққан «Сборник киргизских пословиц» деп аталатын жинақта бес қарудың екі нұсқасы берілген: Бірінші нұсқада пышақ, найза, қылыш, садақ және мылтық түрлері жатқызылса (106-б.), екіншісінде пышақ, таяқ, біз, шақпақ, арқан-жіп секілді тұрмыстық заттар жиынтығы көрсетіліпті (94-б.). Ал Шоқан Уәлихановтың «Қазақ оқ-дәрісінің құрамы» атты еңбегінде «Бес қаруға ертеректе қайқы қылыш, кейін сапылар, селебе мен жекеауыз және «үнемі әр қазақта болатын пышақ», одан әрі найза, садақ, жақ және жебелері, мылтық» деп көрсетілген. Мылтық демекші көшпелі қазақ жұрты отпен атылатын қару түрін де жетік меңгерген. Ату тәсілін жетік меңгеріп қана қоймай дала шеберлері мылтықтың кейбір түрлерін қолдан құятын дәрежеге жеткен. Бұл мылтық түрлеріне шиті, бытыралы, білтелі, шүріппелі, опырмалы, қос ауыз, жеке ауыз, көкберен секілді атаулар таңып отырған. Қазақ даласына мылтық түрлері ХV-ХVIІ ғасырларда пайда бола бастады. Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде қазақ даласында сирек болса да отты қарудың түрі кездесетіні, олардың атадан балаға мұра ретінде қалдырылатын құнды мұра ретінде саналғаны айтылады. Сонымен қатар әр мылтықтың қасиетіне қарай «көз кеш», «күлдір-мамай» сияқты өз аттары болатынын, оқтарды қорғасыннан жасайтынын, мылтықты қолдануға байланысты керекті барлық қосалқы жарақтарды да толық сипаттап жазып қалдырған. Ол қазақтардағы қарудың түрлерін екіге бөліп көрсетеді. Біріншісі – мал күзеткенде қажет болатын қамшы, құрық, сойыл секілді жарақтар. Екіншісі – соғыс және ішкі қақтығыстар кезінде қолданылатын қарулар. Оларға өзі атап өткен бес қаруды жатқызады. Енді осы көшпелі бабаларымыз қолданған қару түрлеріне жеке-жеке тоқталып көрейік: Садақ Ең көне әрі көп таралған қару түрлерінің бірі. Садақтың тарихы сонау мезолит дәуірінен басталады. Садақ қарапайым және күрделі деп екі түрге бөлінеді. Қарапайым садақты үйеңкі, басқа да қатты ағаш шыбықтарын доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды. Күрделі

...

Скачать:   txt (10.3 Kb)   pdf (38.1 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club