Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кенесары Қасымұлы көтерілісі (1837-1847)

Автор:   •  Ноябрь 11, 2023  •  Реферат  •  983 Слов (4 Страниц)  •  203 Просмотры

Страница 1 из 4

Кенесары Қасымұлы көтерілісі (1837-1847)

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс-қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері XIX ғасырдың 20-30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.

Ал көтерілістің қозғаушы күштеріне келетін болсақ ол қарапайым халық пен шаруалар болды. Менің ойымша бұл көтерілістің басқа көтерілістерден айырмашылығы 3 жүз руларының түгел қатысуында деп ойлаймын. Себебі біз бұл көтеріліске дейінгі көтерілістерден 3 жүз руларының басының бірікпегенін, олардың руға бөлінгенін байқауымызға болады. Бұл уақытқа дейін қазақ халқы Ресей патшалығымен тек Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз болып жеке қақтығыстарда болды. Ал Кенесары бастаған бұл көтерілісте Кенесары Қасымұлы 3 жүзді 1 тудың астына жинап Қазақ халқының бірлігін көрсете алды. Әрине, ол Кенесары Қасымұлының мықты тұлға, басшы болғанының дәлелі.

Айта кетсек, бұл көтеріліске 3 жүз бірден қосыла қоймады. Кейбір рулар көтеріліс басталған уақыттан бастап Кенесарының қасында болса, кейбір рулар уақыт өте қосылды. Ал кейбір рулар көтерілістен қалып қойып жатты. Оның себебі Кенесарының бір жүз жерінен екінші жүздің жеріне ауысып отыруымен және көтеріліс аймағының үнемі өзгеріп отыруымен байланысты. Кейбір көтерілісшілер көшіп-қонатын мекендерінде қалып қоюға мәжбүр болды.

Менің ойымша қазақ руларының барлығы бірдей ресейге қарсы шықпады. Себебі Шөмекей, табын секілді рулар қазақ даласының ішкі жағында орналасқандықтан ресейге қарсы шыға қойған жоқ.

Кейбір зерттеушілер Арғын және жаппас руларының көтеріліске қатысуын жоққа шығарды. Мысалы Ал ол рудың ішінде Қазақстанның түпкір түпкіріне шашырай орналасқан Қарпық, Темеш, Қаракесек секілді тармақтары бар.Ал бұл рулар көтеріліске әр түрлі уақыттарда қосылған. Демек арғын руын көтерілісте болмады деп айтуға негіз жоқ.

Көтеріліске қатысушы рулардың саны 1843-1845 жж көбейе түскен. Себебі ол жылдары көтеріліс өзінің шырқау шегіне жетті. Дәл осы кезеңде көтеріліс Қазақстанның қазіргі жерінің едәуір бөлігін қамтыған еді. Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті». Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті. 80-нен астам би, старшын, сұлтандар көтеріліске қатысты.

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (55.1 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club