Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Баланы жеке тұлға ретіндегі ойын арқылы қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар және оларды пайдаланудың тиімді жолдары

Автор:   •  Май 20, 2018  •  Реферат  •  6,131 Слов (25 Страниц)  •  227 Просмотры

Страница 1 из 25

                                

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

І ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Ойын түсінігінің мәні мен сипаты.......................................................................

1.2 Ойын  түрлері және құрылымы...........................................................................

ІІ  ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2.1.  Баланы жеке тұлға ретіндегі ойын арқылы қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар және оларды пайдаланудың тиімді жолдары................................

2.2. Тұлғаны тәрбиелеудегі ұлттық ойындардың ерекшеліктері..........................

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: «Бесіктен бағу көрмеген, өмірден қағу көрер» , - дегендей, Егеменді еліміздің тәуелсіз Мемлекет мәртебесін алғаннан кейінгі негізгі мақсаттарының бірі жан-жақты дамыған, парасатты бүлдіршін тәрбиелеу. Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» бағдарламасында біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп кемелденді, біздің балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады – деген сенімді сөзі бекер айтылмаған.

Бала тәрбиесі – күн сайын жүргізілетін тынымсыз процесс. Республикамызда қазіргі таңда бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлініп келеді. Еліме, жеріме деген сүйіспеншілік балабақшадан бастап қаланады. Қоғам талабына сай балабақшадағы тәрбиеші ой-өрісі жаңашыл, шығармашыл деңгейде қызмет атқара алатын, мәдениеті жоғары, ізденімпаз, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең білімпаз, шеберліктің шыңына шыққан тәрбиеші болуы керек. Әрбір тәрбиеші бүгінгі күн талабына сай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, ғылымилығын, міндеттері мен қағидаларын қайта қарастырып, әр түрлі пайда беретін тәсілдерді пайдаланудың мәні жеке тұлға ретінде дамуына, жалпы азаматтық, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға міндеттіміз. Баланы тәрбиелеу мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Себебі, бала 3 жасқа келгенде, «Мен–концепциясы»қалыптасады.  Ал мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің басты құралы – ойын . Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын – балаларға ақыл-ой, дене шынықтыру және сұлулық тәрбие берудің маңызды құралы болып келеді. Ойын айналадағыны танудың тәсілі. Ол балалардың өмірінде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады, логикалық ойлауын дамытады.

Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды  тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылады, себебі сол бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».

Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».

Ойын – жеке тұлғаны дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Балалықтың қанына ойын азық»,-деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бұл саладағы ғалымдар да шұғылданады. Көптеген ғалымдар, жазушылар бала ойынының педагогикалық, психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы ашып берді.Бұл жағдайды ескере отырып, одан әрі жетілдіру мақсатында «Тұлғаны тәрбиелеудегі ойынның ролі» тақырыбын зерттеуге алдық.

...

Скачать:   txt (87.9 Kb)   pdf (269.3 Kb)   docx (39.4 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club