Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазак тiлi мен әдебиетi: баланы жеке жұмыс жасай алуfа ынталандыру жолдары

Автор:   •  Декабрь 12, 2023  •  Статья  •  830 Слов (4 Страниц)  •  62 Просмотры

Страница 1 из 4

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ: БАЛАНЫ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙ АЛУҒА ЫНТАЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ

Ынталандыру – уәждеу, тарту, қызықтыру. Мақсат дербестікке, еңбекке баулу, ізденімпаздық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, үйрету. Әр мұғалім өзінің сабағы арқылы баланың әр қырын аша алады, әр түрлі дағдыны қалыптастыра да, дамыта да алады. Ұзақ процесс болғанымен, біз өз тәжірибемізде, мысалы, үнемі айғайлап қрыс еститін балада ұрысқа көну және оны қалыпты процесс екен деп тану дағдысы қалыптасқанын сезбей қаламыз, я болмаса бір баладан үнемі бірінші болып сабақ сұрап, сол баланы көбірек сабаққа тарту арқылы ол балада сіздің пәніңіз бойынша алға деген ұмтылыс, алда болу дағдысының қалыптасып кеткенін де байқамай қалуымыз мүмкін. Демек, айлап, жылдап біздің әр 45 минутымыз бір балада ұмтылысты, бір балада шегіністі қалыптастырып жатуы мүмкін. Ал оған қарамай өз бетімен жұмыс істеп, өз әрекетінше білім алуына өзі жағдай жасай алатындай дәрежеге қалай жетеміз? Мәселе осы жерден тарқайды. Негізінен өз бетімен жұмыс жасау төмен жастан бастау алуға тиіс. Әсіресе балабақша, бастауыш буында дағды қалыптасуы керек те, орта және жоғары буынға аяқ басқанда дамыту процесі жүруге тиіс. Дамыту процесі ынталандыру арқылы жемісін бере бастайды.

Баланы өз бетінше жұмыс жасауға қалай ынталандыруға болады? Алдымен, баланы жақсы тану үшін сауалнама алудың маңызды екенін ескерген дұрыс. Сауалнама сұрақтарының үлгілерін ұсынамын, сәйкесінше пәндерге қызықтыру мақсатында сұрақтарын өзгерте отырып қолданған абзал.

  1. Сыныпта өзіңнен көмегін аямайтын досыңды қалай сипаттар едің? Ең жақсы қасиетіне баға бере аласың ба?
  2. Қазақ тіліне тән әріптерден қай әріпті ерекше әдемі етіп сала аласың? Одан басталатын біршама сөздерді көркем етіп жазып көрші.
  3. Өзің оқитын кітаптардағы қай кейіпкерге ұқсағың келеді? Неліктен?
  4. Сізге ұша алу мүмкіндігі берілсе, қайда ұшып барар едің? Неге ол жерді таңдағаныңды ашып жазып берші.
  • Осы сауалдар бойынша жауаптардың маңыздылығына талдау жасап көрелік. Алғашқы сұрақтағы досты сипаттауда қолданған сөздердің бала үшін де, пән үшін де мәні үлкен. Оның талдау жасай алуы, баға беруге ұмтылысы, сөйлемдер құрылысындағы үндестік немесе үйлесімділіктің жоқтығы, я болмаса сөздерді байланыстырудағы қиындықтар осы жауапта анық байқалады. Болашақтағы сабақта психологиялық көмек бере алатындығымызды да ескеруге болады.
  • Қазақ тілі пәні бойынша каллиграфияны түзетуге бағытталған тапсырма ретінде қарауға да болмас па? Не болмаса баланың ұмтылысына зер салсақ та жетіп жатыр. Өйткені әр сабақ сайын диктант жаздыра алмайсыз, я болмаса көркем жазуға ынталандыратын басқа жолдарды мәтін талдауда қолданар болсаңыз, критерийге енгізуге де болады. Бірақ бұл сауалнама барысында сіз оны оқушыны тану үшін қолдануыңыз керек, яғни сұраққа жауап жазуға ыңғай танытып отыр ма? Қаншалықты деңгейде толық жауап жаза алды? Немқұрайды жаза салды ма? Олай болған жағдайда каллиграфия түзетуге оң ниеті болмаса, қалай ынталандырар едіңіз? Міне, мұғалімнің осы төңіректе ойланғаны абзал.
  • Үшінші сұрақта оқушы белгілі бір кейіпкер туралы тез ойланбай өз ойын қағазға түсіре алуы басты назарда ұсталады. Демек, өз айтары бар немесе көптен сол кейіпкерді өзіне идеал тұтынып жүрген шығар. Оқушылар арасынан бізді ойландыруға тиістісі -  «қай оқушыда жауап жоқ», міне, сол оқушыны қазақ тіліне немесе әдебиетке қызықтыруға жұмыстануға тура келеді. Оқуға құштарлықты арттыру басты назардан түспегені жақсы. Мәселе неден бастаймын? Нені оқытуға болады? Әрине, жауап біреу-ақ: жекелеген үзінді арқылы, мәтін бөлшектері арқылы, оған қызықтыра алмасаңыз, бейнежазба арқылы, болмаса киноүзінділері арқылы тарту көзделеді.
  • Соңғы сұрақтағы жауаптың ішінен неліктен олай жауап жазғанына назар аударамыз. Оқушы өз ойын дербес білдіре алды ма? Сөйлемдері байланыса ма, лексикалық сөздік қоры бұрынғыдан жетілген бе? Осы сұраққа ауызша жауап алып көрсеңіз де жақсы болар еді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша практик маман болсаңыз, осындай сауалнама алып, оны жақсы талдауға дағдыланар болсақ, оны әр бөлім бойынша сатылап, сәйкестендіріп, үнемі қолданысқа енгізіп алу да артық болмас еді. Әсіресе, бұл тоқсандық қорытынды бақылау алу кезінде оқушы жауаптарының сәтті болуына көп септігін тигізері анық. Мысалы, аптасына пән екі рет өтер болса, сегіз сабақтан кейін тағы ұқсас сауалнама алуға болады. Нәтижесі бойынша тапсырмалар әзірлеп отырамыз. Айталық, бір оқушының өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруды мақсат етсек, оған сауалнамадағы жазбаларына сәйкестендіріп, мәтін таңдаймыз. Оның жақсы көретін кейіпкері Қожа болса, сабақтағы не үйге берілген тапсырмасы Қожа туралы мәтін болғаны дұрыс. Бақылайтын болсақ, Қожа туралы кластер құру, Қожа бейнесіне қатысты жоба дайындау, постер жасау немесе арнау хат жазу ол үшін жеңілірек болар ма еді?! Демек, оның жеке жұмыс жасай алу дағдысын, іздендіру дағдысын жақсартуға бағытталған жұмысыңыздың бір жемісі болар ма еді?! Сонда біз назарға алатын мәселе өз пәніміз бойынша баланың жеке қызығушылығын таба алуымыздың қажеттігі болып тұр. Қызығушылығын тапқан жағдайда белсенділігінің артуына ықпал етеміз. Қызықтыратын не нәрсе? Логикалық сұрақтар болса, логикалық тапсырмалар әзірлеген дұрыс. Детективтерді жақсы көретінін анықтасаңыз, эпизодтардан сюжет құру тапсырмасы тым тартымдырақ болмас па? Комиксті ұнататындығын байқасақ, комикс құрастыруға бағыттауымыз керек. Қайткен жаңдайда да ол оқушы берілген тақырып төңірегінде өз лексикалық қорын жетілдіре өз ойын айқын білдіре алып, нақты дәлелдер келтіруге ұмтылатындай дәрежеге жетуге тиіс. Осылайша жекеден жұптық тапсырма беруге көше аламыз. Жұптық тапсырмалар арқылы топтық тапсырмалар орындаудағы рөліне де аса мән бере алатын боламыз.

...

Скачать:   txt (11.1 Kb)   pdf (86.4 Kb)   docx (193.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club