C# тілі арқылы ойын жасау
Автор: Jan6672 • Май 28, 2023 • Курсовая работа • 5,380 Слов (22 Страниц) • 187 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ КЕ АҚ «ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» КАФЕДРАСЫ
Курстық жұмыс
Пәні: «С# тілінде қосымшаны әзірлеу»
Тақырыбы: “C# тілі арқылы ойын жасау”
______________________ Жетекші: Токсеит Д.Қ
(Баға)
_________________
(подпись)
Комиссия мүшесі: Орындаған: Қалмұрат Алмат
(подпись)
(подпись)
Темиртау, 2023
Мазмұны
КІРІСПЕ ..........................................................................................................1
1. C# жоғарғы бағдармалау тілі
1.1 Visual Studio және оның платформалары................................................2
1.2. Visual Studio қолданбасындағы панель элементі..............................6
2. Курстық жұмыс бойынша Form да ойын түрін құру
2.1. Бағдарламаның ішкі логика.....................................................................6
2.2. Ойынды жасау және оны жұмыс істегенін тексеру..............................8
3. C# жоғарғы бағдармалау тілі
3.1. C# тілінің тарихы .....................................................................................12
3.2. C# тілінің ерекшеліктері..........................................................................17
Қортынды............................................................................................................14
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................15
Кіріспе
Microsoft Visual Studio — Майкрософт компаниясының өнімдер тізбегі, құрамына біріктірілген өңдеу ортасы бағдарламалық жасақтамасы және басқа да аспаптық (инструменталды) құралдар кіреді. Аталған өнімдер консольдік қосымшалармен қатар қолданбалы бағдарламалық жасақтамалары да кіреді, мысалы қолданушының графикалық интерфейсі жасақтамасы, сонымен қатар Windows Forms технологиясын қолдану арқылы да, және веб-сайт, веб-жасақтамалар, веб-қызметтер. Машинелік кодында және басқа Басқарылатын код арқылы да Microsoft Windows, Windows Mobile, Windows CE, .NET Framework, .NET Compact Framework және Microsoft Silverlight сияқты барлық платформаларға қолданылады. C# бағдарламасы арқылы көптеген программалар, ойындар жасауға мүмкіндік береді Қазіргі кезде компьютердің көмегімен əртүрлі есептерді шығаруға мүмкіндік беретін сан алуан бағдарламалау тілдері бар. Жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдерінің бірі – С# тілі. С# бағдарламалау тілі 1972 жылы Bell Laboratories фирмасының қызметкері Денис Ритчидің басшылығымен Америкада жасап шығарылды. С# тілі – құрылымы Паскаль тіліне ұқсас жоғарғы деңгейлі қуатты тіл. NET- бағдармалау тілі технологиясындағы жаңа платформа, ол желіге қосылған компьютерлерге арналып жасалған. С# көмегімен шағын мобильді компьютерлерде орындалатын бағдармалау жасау ыңғайлы деп есептелінеді. Мен бүгінгі осы курстық жұмысымда С# бағдармалау тілі NET Framework арқылы ойын жасайтын боламын. Оның пайдаланушыға берер пайдасы ой жүйріктігін жақсартуға көмектеседі. Біз бұл жұмыста белгілі кодтар арқылы ойын түрін жасап көрсететін боламын. Басқада бағдарламалар бар. Оларды басқада тілдер арқылы жасауға болады. Бұл жұмысқа өз қызығушылығым арқылы жетістікке жетіп отырмын.
1
Visual Studio және оның платформалары
С# тілін («Си-шарп» деп айтылады, мұнда Бетховеннің «Ай сонатасындағы» музыкалық нотация — до-диез таңбасы (#) пайдаланылған; ағылшындар оны «сишарп» деп оқиды) Microsoft компаниясының маманы Андерс Хейлзберг(Anders Hejlsberg) объектіге бағытталға программалау тілі ретінде С, C++, Java және BASIC тілдерінің негізінде жасап шығарған. Бұл пәнде осы тілдің негізгі элементтері қарастырылады. С # тілі Microsoft фирмасының .NET архитектурасы үшін программалар жазуға арналған тілі. .NET-программалау технологиясындағы жаңа платформа, ол желіге қосылған компьютерлерге арналып жасалған. NET көмегімен шағын мобильді компьютерлерде орындалатын программалар жазу ыңғайлы деп есептеледі. Бұл технология Visual Studio.NET деп аталады да, бұл ортада Visual Basic, басқарылатын С++ және С # тілдерінде программалар жасау қарастырылған, бірақ ол осылармен ғана шектеліп қалмайды. С # тілінің мүмкіндігі Java тілімен қатарлас, осы екі тіл қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға жатады. С# тілін сүйемелдейтін .NET платформасының программа жасау ортасы бастапқы программаны бірден машиналық кодқа емес, MicroSoft Intermediate Language (MSIL не IL) атты аралық тілге аударады. Ол ОЖ-дан, компьютер типінен тәуелсіз командалардан тұрады да, бірден орындалмай, тілдің жалпы орындалу ортасы Common Language Runtime – CLR деп аталатын жүйе арқылы атқарылады. CLR ортасы кез келген ОЖ-да орындала береді. Программаны орындау кезінде, CLR JIT-компиляторын (just in time – дер кезінде) шақырады. Компилятор программаны бөліктерге бөле отырып, оның тек осы сәтте керек бөлігін ғана орындайды. Компилятор жұмысы нәтижесінде құрастыру (сборка) деп аталатын ехе немесе dll типті файл жасалады, онда IL тіліндегі код пен метамәліметтер болады. Метамәліметтер программада қолданылатын объектілер және құрастыру туралы ақпарат сақтайды. Ол тіларалық әрекеттесу, қауіпсіздік, сенімділік сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. .NET платформасында көлемді кластар кітапханасы бар, оны осы ортадағы кез келген тілде пайдалана беруге болады. .NET ортасында жасалған кез келген программа жоба (project) болып саналады. Жоба — бір-бірімен байланысқан бастапқы немесе соларға қосымша файлдар жиыны, соларды компиляциядан өткізіп біріктірсек, атқарылатын бір файл шығуы мүмкін. Бұл көлемді программалар жасау үшін өте ыңғайлы.
...