Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мыс концентратын шарпымалы балқыту арқылы алу

Автор:   •  Январь 2, 2019  •  Курсовая работа  •  13,985 Слов (56 Страниц)  •  996 Просмотры

Страница 1 из 56

1  ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМІ

1.1 Мыстың минералдары мен кендері

Құрамында мыс бар 250-ден астам минералдар белгілі. Олардың ішінде өндірстік маңызы бар минералдар келесілер.

1.1-ші кесте. Мыс минералдары

Минералдар

Формуласы

Мыс мөлшері,%

Сульфидті минералдар

Халькозин

Ковелин

Борнит

Халькопирит

Талнахит

Кубанит

Cu2S

CuS

Cu5FeS4

CuFeS2

CuFeS(1,8-2)

CuFe2S3

79,9

66,5

63,3

34,6

36-34,6

23,3

Тотыққан минералдар

Куприт

Тенорит

Малахит

Азурит

Диоптаз

Хризокола

Халькантит

Cu2O

CuO

CuCO3·Cu(OH)2

2CuCO3·Cu(OH)2

CuSiO3·H2O

CuSiO3·2H2O

CuSO4·5H2O

88,8

79,9

57,4

55,1

40,3

36,2

25,5

Минералдағы мыстың қосылыстары тұрғысынан  мыс кендері  үш негізгі топқа бөлінеді: сульфидті, тотыққан және сом тума.

Табиғи кен орындарында мыс негізінен сульфидті кендерде болады. Онда мыс халькопирит және борнит минералдарына кіреді.

Тотыққан кендер жер қабатында таралуы бойынша сульфидті кендерден кейін екінші орында. Оларда мыс куприт, азурит және малахит түрінде кездеседі.

Сом тума мыс кен орындары өте сирек кездеседі де, қазір өндірістік қолданысы жоқ.

Кен орындарының түрлері: мысты құмайттар және доломиттер (қабатты кен орындары), мысты-порфирлі кендер (өзекті-кірмелі), колчеданды, мысты-никельді, кварцты-мыс өзектері, скрапты (түйіспелі-месоматты), сом тума мыс және мысты-титанды-ванадийлі кен орындары.

Мыс кендерінің негізгі түрлерінің құрамы 1.2-ші кестеде келтірілген.

1.2-ші кесте. Мыс кендерінің химиялық құрамы

Кендер

Кендегі компоненттер мөлшері,%

Cu

Fe

S

SiO2

Al2O3

Au,г/т

Ag,г/т

Колчеданды

Порфирлі

Мысты құмайттар

Қабатты (пластовые)  

1,5-3

0,6-1,5

1,9-7

1-5

38-42

1-3

1-2

1-4

36-44

1-2

0,2-0,5

1,5-3

5-10

50-80

63-75

60-70

1-2

5-15

12-18

5-20

2-5

жоқ

-

іздері

10-50

жоқ

-

3-24

Дүние жүзіндегі ірі мыс кен орындары: Жоғарғы Катанга, Солтүстік Родезия (Африка), Браден, Чумиката (Чили), Бингхем, Сантта Рита, Рей (Юта, Нью-Мексико, Аризона штаттары, АҚШ), Рио-Тинто (Испания), Оутокумпо (Финляндия), Садон кен орны (Алания, Ресей), Орал (Ресей), Каджаран кен орны (Армения).

Қазақстанда да ірі кен орындары бар. Ең ірісі Жезқазған кен орны мысты құмайттан тұрады. Негізгі минералдар – халькопирит, борнит, халькозин. Екінші Қонырат кен орнында мысты-порфирлі кендер.  Негізгі минералдар пирит, халькопирит, халькозин, қосымша борнит, ковелин.

Шығыс Қазақстанда негізінен колчеданды кендер өндіріледі. Негізгі минералдар  пирит, халькопирит, қосымша пирротин, халькозин, борнит.

Мыс кендері құрамындағы пайдалы элементтердің мөлшеріне, әсіресе мысқа,  байланысты алдын ала дайындықтан кейін  бірден қорытылуға жіберілуі мүмкін, немесе байытуға жібереді.  Мыс кендерін байытудың негізгі әдісі коллективті және селективті флотация. Байыту фабрикаларынан алынған концентраттардың кейбір түрлері 1.3-ші кестеде келтірілген.

...

Скачать:   txt (103.3 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (2.5 Mb)  
Продолжить читать еще 55 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club