Археологияның зерттеу әдістері
Автор: 1975125 • Январь 29, 2022 • Реферат • 867 Слов (4 Страниц) • 678 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.
Археология пәні бойынша осөж жұмысы.
Тақырып:Археологияның зерттеу әдістері.
Орындаған:Орынбай Бейімбет тарих 102.
Тексерген:Уразмагамбетов Н. Н
Археологияның зерттеу әдістері.
Археологиялық зерттеулер далалық және камералды, яғни лабораториялық болып екіге бөлінеді. Далалық зерттеу тек қазба жұмыстары емес, ол ең алдымен археологиялық ескерткіштерді іздеу.
Кез-келген құрылыс басталмас бұрын (қала, завод, су қойиасы және т.б.) ескерткіштерді қорғау туралы Заңға сәйкес құрылыс аймағында археологиялық зерттеулер жүргізілу керек. Егер ескерткіш табылса құрылыс басталғанша зерттелуі тиіс.
Ескерткіштерді табу үшін алдымен археологиялық барлау жүргізіледі. Барлау жүргізудің ең сенімді әрі қарапайым тәсілі – зерттейтін территорияны жаяу аралау қажет. Ортағасырлық қалалар, пирамидалар, қорғандар алыстан көге түсіп тез табылады. Ал, көне тұрақтарды табу үшін археолог жерде жатқан заттарға ерекше назар аударуы тиіс. Сондықтан, археолог зираттардың әрбір кезеңге тән белгілерін білуі керек және заттың табылған жерін топографиялық картаға түсіріп отыруы қажет. Карта арқылы заттардың көп шоғырланған ауданын анықтап, сонда қазба жүргізуі мүмкін. Егер жер бетінен заттай дерек аз табылса немесе кездеспесе, онда барлау қазығын немесе траншеясын (ор) қазады.
ХХ ғасыр басында әуе шары арқылы римдік Ости портының фото суреті түсірілген. Осыдан бастап аэрофотосурет тәсілі пайдаланылған. Аэрофото тәсілі ежелгі қаланың көлемін, жолдарын, ежелгі каналдардың орындарын табуға мүмкіндік береді.
Электро барлау тәсілі де кең қолданылады. Оның негізінде ток арқылы жер қарсылығы өлшенеді.
Жер қарсылығы оның ылғалдылығына байланысты.
Егер жердің астында ежелгі қабырғалар болса ылғалдылығы төмен болады. Сондықтан, электроқондырғыдағы көрсеткішті өзгеруіне қарап отырып көзге көрінбейтін жердің астындағы ежелгі тұрғын үйлердің жоспарын (жобасын) қалпына келтіруге болады. Сондай-ақ, металды деректорларды және радарлы аппараттар да пайда болды.
Далалық жұмыстардың негізгі түрі – қазба жүргізу.
Қазба жүргізу – мыңдаған жылдар бойы желмен, сумен, өсімдіктердің шіріген қалдықтарымен қалыптасқан жердің беткі қабатын, оның астында қалған ежелгі заттар немесе қабырға қалдықтарына зиян келтірместен қазып, аршып алу. Қазба жұмыстары тек күрекпен ғана емес, сонымен қатар, пышақпен, медициналық скальпельмен, кейде сурет салатын шеткамен жүргізіледі. Қазба жүргізілетін жер алдымен бірдей квадрат алаңдарға бөлініп, әрбір квадрат нөмірленеді. Бұл тор деп аталады.
Қазба жүргізілгенде адамдар бірнеше рет мекендеген көп қабатты ескерткіштер жиі кездеседі. Адам өмірінің қалдықтары кезедесетін қабатты археологияда мәдени қабат деп атайды. Мәдени қабаттың қалыңдығы әртүрл шамада келеді. Кейбір ескерткіштерде мәдени қабаттың қалыңдығы 20-30см-ді құраса кейбірінде 50-60 м-ге дейін барады.
Сондықтан археолог қазба жүргізгенде ежелгі заттарды тек тауып қана қоймай, оны жойылып кетуінен сақтау керек. Затты тапкан соң жалпы сипаттамасын жасау керек, суретін салады, фото суретке түсіреді, қандай квадраттан, қанша тереңдіктен табылғанын белгілеп жоспарға енгізеді, стратиграфиясын жасайды, барлық жарымды материалдарды талдауға (анализге) алады. Сондықтан, археологтың жұмысын хирургтың жұмысымен салыстыруға болады.
...