Абай жəне орыс əдебиеті
Автор: gulmira.00 • Март 30, 2019 • Реферат • 6,370 Слов (26 Страниц) • 2,049 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министірлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындығы
мемлекеттік университеті.
СӨЖ
Тақырыбы: Абай жəне орыс əдебиеті..
Тобы: ГК-809
Тексерген: Қадыров. А.Қ.
Тапсырған: Дінмуханбетова Г.Ж
Семей қаласы 2019 жыл
1.1 Абайдың орыс достары
1.2 Абай мұрасының орыс тілінде танылуы
ІІ. Абай аудармаларының көркемдігі
2.1. Абай аудармаларының зерттелуі
2.2 Орыс классиктерімен үндестік сарындары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Абай шығармашылығы-әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс. Парасатшыл Абай өз өмір сүрсе де, өз еліндегі артына өшпес мұра қалдырған өнерлілерді білген. Сол сияқты қыршын жасында дүние салған, бірақ өз халқына емес, бүкіл адамзат үшін рухани мол мұра қалдырған, есімі елге қадірлі болған Пушкин, Лермонтовтардың өміріне де қанық. Абай аз өмірде адамшылдықтың қарызы үшін еңбек ету керек екенін терең түсінді. Ал Абайдың өзі болса, өз халқының даналық ойын да, оның ғасырлар бойы жасаған ақындық, әншілік өшпес өнерін де бойына сіңіре білген. Ол шығыстың, батыстың рухани мәдениетін, классикалық поэзиясын талғап, тану арқылы солардан үлгі, тағылым алған. Әлем поэзиясы саңлақтарынан үйрене отырып, ол өзінің ұлттық қазақ топырағынан аулақтамай, оның тіліне, әдет-ғұрпына, ауыз әдебиетіне, аңыз-әңгімелеріне, тарихына иек арта халқының жаңа, төл әдебиетін жасаған, реалистік әдебиетіміздің көшін бастаған. Қиял дүниесінен аулақтап, реалистік өмірге үңілген. Сол арқылы халқының тағдырын – кешегісі мен бүгінгісін, мұратты ертеңін суреттеген. Ақын өмір қайшылықтарын бүкпесіз ашып, жақсылық пен жамандықты, әсемдік пен адамгершілікті, адам мінездерінің алуан қыры мен иірімдерін тереңдей бейнелеген. Зерттеуіміздің негізгі нысанасы Абай шығармашылығына қалам тартып, ой бөліспегені кемде-кем. Ақынның аяулы тағдырын,асыл жырлары адамзаттың қай-қайсысының болмасын жүрегіне оңай еніп, адамгершілікке үндеген. Абай шығармалары мен ол мұра жайлы зерттеулік пікірлер 1889 жылдан бастап ресми баспасөздерде жариялану,танылу тарихын ғылыми тұрғыдан біртіндеп аша түсу әрекеті біздің әдебиетімізде елуінші жылдардан сөз етіле бастады. Ал, қазақ әдебиеті тарихында бұл тақырып алғаш рет Абайды тану тарихынан деген атпен , жалпы ақын мұрасының зерттелуі тарихынан шағын шолу пікірлер Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Исмайлов, М.С.Сильченко, Әбіш Жиреншиндер тарапынан көтерілді. Соңғы жылдарда Абайдың мұрасы жайлы дербес библиографиялық көрсеткіш құрастырылды. Еңбен негізінен хронологиялық принцип тұрғысында жасалды. Абай мұрасының зерттелу жайына жасанды түрде болса да түрткі салған 1951 жылғы абай мұрасы туралы айтыстың қорытындысында осы мұраны зерттеушілер алдында қазақ халқы мен орыс халқын жақындастыру процесіндегі Абайдың тарихы орны мен орыс мәдениетінің ақын шығармасына еткен ықпалы туралы күрделі проблеманы шешуді алға қойды. Бұл салада елеулі нәтижеге жетіп, табысты болғаны 1959 жылғы қазақ әдебиетінің ғылыми-теориялық конференциясының ұсыныстарында атап көрсетілді. Мұны Абай мұрасы туралы соңғы жылдардағы зерттеу еңбектерінің көпшілігі- осыған арналуынан да көреміз. Абай мұрасының соңғы кездегі зерттеушілері Абайдың орыс әдебиеті классиктерімен творчестволық байланысы туралы мәселені негізінен ұлы ақын өмір сүрген дәуірдің нақтылы тарихи шындығымен байланыстыра қарастырды. Мұнда Абайдың жаңа бағыттағы әдеби көштің жол басшысы ретінде қалыптасуы Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи жағдайларымен тығыз байланысты сол процестің негізінде туып отырған құбылыс. Зерттеушілер Ә.Жиреншин, М.Әуезов, М.С.Сильченко, филология ғылымдарының кандидаттары С.Нұрышов, З.Ахметов, Н.Польбина, әдебиетші Т.Әлімқұлов, Қ.Нұрмаханов т.б.ізденістер көтерген мәселені ғылыми тұрғыдан тереңірек танытуда қоғамдық ой-пікірге ықпалы тиіп отырды. Абайдың өмірі мен творчестволық қызметін зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан ғалымның бірі-тарихшы Әбіш Жиреншин. 1939 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін бұл тақырыптан іргесін аулақ салмаған зертеуші қаламынан Абай Құнанбаев, Абай и его русские друзья ! Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары ! Ақынның өмірі (1961)атты монографиялық зерттеулер мен қырық шақты ғылыми мақалалар туындады. Абайдың өмір жолы мен творчестволық қызметі туралы құнды ой-пікір білдірген Қ.Ысқақов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Рамазанов, А.Н.Седельников, Т.Ибраһимов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Қ.Мұхаметханов, Ә.Жиреншин, С.Мұқанов, Ф.Н.Киреев, Ф.Маликов, Г.И.Семенюк,Б.Кенжебаев,Х.Сүйіншәлиев,З.Ахметов,С.Қирабаев,Р.Нұрғалиев,М.Мырзахметов,М.Мағауин,Т.Жұртбаев, Б.Асылжанов, Ж.Қасымбаев, М.Хасанаев, Н.Алдамжаров,М.Бейсебаев,Б.Байғалие всияқты ғалым-зерттеушілердің еңбектеріндегі ой-пікірлерді де қажетті тұстарында пайдаландық.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері :
Абайдың дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасу жолдарындағы Абай өмірбаяны, оның көзқарасы қалыптасуына орыс демократтық достарының әсерін танытуды жүйелеу, аудармаларының көркемдігін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу.
- Абай және орыс әдебиетінің қарым-қатысы туралы зерттеулер арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттыру:
- Абайдың орыс достары туралы жазылған зерттеулерді жүйелеу арқылы қоғамдық пікірлерді айқындау:
-Абайдың орыс достары Михаэлис туралы деректерді түгел қамтып, студенттерді ақынның өмірбаяндық деректермен танымдық белсенділігін дамыту:
-Абай орыс достары арқылы оқыған кітаптарының құндылығын анықтау.
-Абайдың орыс классиктерімен үндестігін саралау:
-Абай аудармаларының көркемдік ерекшелігін қамту :
-Абайдың дүниетанымдық көзқарасын зерттеген ғалымдар еңбегі жүйеленіп, талдау жасалды;
...