Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абайтану 1980жылдары

Автор:   •  Май 4, 2023  •  Лекция  •  1,296 Слов (6 Страниц)  •  121 Просмотры

Страница 1 из 6

Абайтану 1980жылдары

Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық сериялық басылымның І-L томдарының аннотацияланған библиографиялық көрсеткіші әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалған. ІІІ томға абайтану саласында 1960-1980 жыл аралығында жарық көрген зерттеулер мен мақалалардың таңдамалылары енген: Ә.Марғұлан «Абай қолжазбасы», А.Машанов «Ұлы ұстаз Абай», Ә.Нұршайықов «Шұғылалы шумақтар», З.Ахметов «Өлең өрнектер», З.Қабдолов «Абайдың ақындығы», Т. Кәкішев «Абайдың сатирасы», Р.Бердібаев «Кемеңгерлік келбеті», Ә.Дербісәлин «Қазақ поэмасының тарихынан» және т.б.

Жалпы ред. басқ. Жанғара Дәдебаев

ІV томға абайтану саласында 1960-1980 жыл аралығында жарық көрген зерттеулер мен мақалалардың таңдамалылары енген: Б. Кенжебаев «Абай Құнанбайұлы», М. Мағауин «Абайдың белгісіз əңгімесі», Ш.Елеукенов «Абайдың эпистолярлық рома- ны», Р. Сыздықова «Абай тілінің зерттелуі», Ж. Ысмағұлов «Абай аудармаларындағы Пушкин», С.Байжанов «Абайға қатысты кейбір архив деректері», Ə.Нарымбетов «Сегіз аяқ», Г.Бельгер «Абай мен Гете» және т.б.

«Абайтану» - Абайдың туғанына 140 жыл толуына орай қазақ және орыс тілдерінде «Ғылым» баспасынан 1988 ж. жарық көрген библиографиялық көрсеткіш. Авторы - М. Мырзахметов.

Еңбек кіріспе сөз бен үлкен 2 бөлімнен тұрады. Онда 1939-85 ж. аралығында Абай және оның мұрасы жайлы қазақ және орыс тілдерінде жарияланған мақалалар, зерттеулер, моногр. еңбектер тізілген. Ақын шығармалары және оның басқа тілдерге аударылуы туралы деректер келтірілген. Әр бөлім 60-тан астам тақырыпқа шоғырландырылған. Кітап соңында әр бөлім бойынша пайдаланған газет-журналдардың тізімі ұсынылған. Кітап көпшілік оқырманға, мектеп оқушыларына, студенттерге, аспиранттарға, әдебиетшілерге, әдебиет зерттеушілеріне, кітапхана қызметкерлеріне арналған. Көлемі 12,6 баспа табақ, 1990 дана болып басылған.

/М.Мырзахметов. «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. Алматы, 1982»/.  Мұндағы бір ескерер жағдай космополитизм  туралы қаулы қатаң бақылауда тұрған кезде, сол саяси қысымнан сескенбей – ақ   «Абайдың шығысы М.Әуезов зерттеуінде» деген төрт тараудан тұратын еңбектің ең үлкен тарауы  1982 жылы  жарияланып кеткен еді.

Тұңғыш рет бұл сала ғылыми тұрғыдан өз шешімін тауып, 1989 жылы докторлық дисертация қорғалғаннан кейін Абай мұрасының шығысына орай кандидаттық диссертациялар да қорғала бастады. Мысалы Жабал Шойынбеттің «Абай қарасөзінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері», Мақсат  Әліпханның  Абай мен Жүсіп Баласағунидің «Құтадғу білігіне»  байланысты «Құттың кілті-кісілік», Сайдалы Оразалиевтің «Абай мен Дауани», Ноябрь Кенжеғараевтің «Абайдың айтушы мен тыңдаушы туралы танымы»,  Тоты Көшенованың «Абай өлеңдері құрылысындағы ерекшелік», Рахат Саламатованың «Абайтанудың Мұхтар  Әуезовтен кейінгі кезеңі», Талғат Ербай «Абай және Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау», Айжан Картаева «Абай мен М. Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық», Қалипа Әтенова «Қазақ отбасы тәрбиесінің даму тарихы»

Мұхтар әуезов және абайтану проблемалары» - ҚазССР ғылым академиясының әдебиет және өнер институтының 1982 ж. «Ғылым» баспасынан шығарған зерттеу еңбек. Авторы М. Мырзахметов. Кітап 4 тараудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Автор зерттеулерін: «Абай өмірбаяны - абайтанудың іргелі саласы», «М. Әуезов - Абай шығармаларын жинаушы әрі текстологы», «Абай мұрасының шығысқа қатысы М. Әуезов зерттеуінде» және «Абайдың әдеби ортасы» деген тақырыптар төңірегінде өрбітіп, Әуезовтың абайтану негізін қалау, ақынның Ғылыми өмірбаянын жазу, өлеңдерінің көркемдік, жаңашылдық ерекшеліктерін, дүниетанымын ашу жолындағы еңбегін, текстологиялық ізденістерін, Абай мұрасының шығысқа қатысымен ақындық ортасын анықтаудағы зерттеулерін сөз етеді. Көлемі 16,4 б. т., 2 мың дана болып басылған.

...

Скачать:   txt (18.1 Kb)   pdf (188.1 Kb)   docx (818.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club