Сталиннің қуғын сүргу жылдары
Автор: Жанэля Несипбаева • Апрель 15, 2019 • Реферат • 2,612 Слов (11 Страниц) • 1,616 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1][pic 2]
СӨЖ
«Қазіргі Қазақстан тарихы»пәні бойынша
Тақырыбы: «Сталиннің қуғын сүргу жылдары»
Орындаған: Несипбаева Жанэля Елдосовна
__1__ курсбілімгері
Факультет «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті »
Мамандық «Шет тілі:екі шет тілі»
Тексерген оқытушы: Байдалиев Дархан Дәулетжанұлы
Тараз, 2019
Жоспары:
Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім............................................................................................................
1.1937-1938 жылдардағы қуғын сүргіннің басталуы мен себептері ..................5
2. Сталин және Қазақстан.......................................................................................6
3.Сталиндік жазалаудың құрбаны болғандар ......................................................9
4.Қазақстандағы лагерьлер жүйесі......................................................................11
Қорытынды............................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................13
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Кеңестік қоғам тұсында қазақ тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтары жеткілікті. Солардың бірі бұрынғы Кеңес елінде болған қуғын-сүргін қасіреті. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «...20-шы жылдары басталған «Қызыл қудалау науқаны», 30-шы, 40-шы жылдар, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып қанды көбік шашты. Марқабаттылықты желеу етіп, ұлы мұраттарды уағыздаған болып көлсіреген қараниет жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді,»- деп көрсетті. [1.506]
Басы 1920-шы жылдарда қалыптасқан елдегі репрессиялық саясаттың күшті жазалаушы механизмі қалыптасып, 1930жылдар бойына «халық жауларымен» үзіліссіз күресте жетілдіріп отырды. Әсіресе бұл механизм 1937-1938 жылдар үлкен террор кезінде қарқынды жұмыс атқарды. Олардың басынушылық әрекеттері, сот істерін жаппай өңдеп, оларды «жоспарлы» түрде соттауға дейін жеткізуі репрессияның жаппай етек алуына түрткі болды. Егер де 1930 жылдың ортасында саяси репрессия орталықтағы және жергілікті жердегі сталиндік жетекшілікке қарсы белгілі және айқын әлеуетті тобына жүргізілсе, 1937 жылдары террор тоталдық сипат алды.
Қазақстандықтардың саяси қуғын-сүргінге ұшырау себептерін зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Себебі аталмыш тақырыпты жан-жақты зерделеу арқылы кеңес мемлекетінің зорлық-зомбылық шараларының мәні ашылып, өткен тарихымызды жаңаша талдауға көмегін тигізетіні анық. Кеңес үкіметі өз халқын қуғын-сүргінге ұшырату саясатын мақсатты түрде жүргізді.
1937-1938 жылдары қазақтың көрнекті қайраткерлерінің барлығы репрессияланды. Сондай ақ репрессия құрбандары ішінде Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Санжар Асфендияров және тағы басқалары бар. Бүгінгі таңда Қазақстанның орталық көшелеріне, мемлекеттік мекемелерге осы қазақтың көрнекті азаматтарының аты берілген. Олардың еңбектерін біз студенттер оқып, көптеген ғалымдар зерттейді.
Қазір біздің тарихымыздағы Сталиннің рөлі туралы айтыс тартыстар көп. Оның тарихи тұлғасы қарама-қайшылықта айтылады. Шындыққа қарасақ, Сталиннің социализм жеңісін қамтамасыз етудегі, оны қорғаудағы үлесі шексіз, десе де осы жолда ірі саяси қателіктерге жол берді, оның өзімен маңайындағылардың қателіктерінің арқасында халқымыз жапа шекті.Алайда бұл қорлықтарды Сталин білмеген дейді. Ал біз білетін құжаттар басқаша айтады, партия мен халық алдындағы Сталин мен оның маңайындағылардың жаппай қуғын- сүргін ұйымдастыруы мен заңсыздыққа жол беруі-кешірілмейді. Бұл біз және бізден кейінгі ұрпақ үшін тарихи сабақ.
...