Қ. Мұхамедханов және абайтану
Автор: aaigerrrim • Январь 24, 2021 • Реферат • 1,044 Слов (5 Страниц) • 635 Просмотры
«Ғалымның есімі – келешек ұрпағына арнаған сөздері, Абай арқылы, «жылы жүрек және ыстық қайратпен» мәңгілік есте қалуы тиіс. Қазақ интеллигенциясының шынайы өкілі Қайым Мұхамедхановтың соңына қалдырған мұрасы – өміршеңдік, шынайы ақиқат, ерік – жігер, бекзаттық, рухани тазалық, биікке ұмтылу қасиеттері деген екен. Иә, Қ.Мұхамедхановтың артына қалдырған зор еңбегінің бірі Абай мұраларын зерттеу»,‒жазушы Герольд Бельгер айтқандай, XX ғасырдың 40-50 жылдары Абай мұрасын зерттеп, қазақ ғылымының дамуына зор үлес қосқан тұлға ‒ Қайым Сейітқұлұлы Мұхамедханов.
2 – слайд.
Қайым Мұхамедханов 1937 жылы әкесі Мұхамедхан Сейтқұлов тұтқындалғаннан кейін (1937 жылы 2 желтоқсанда ату жазасына кесілді) Қайым педагогикалық институттан қуылады. Жасөспірім жігітке әкесінің досы Мұхтар Әуезов моральдық тұрғыда қолдау береді, ол Қайым үшін ғұмыр бойы тәлімгер және ұстаз болып қалды. Адамдарды жақсы танитын Мұхтар Әуезов Қайымның бойынан ерекше дарын, имандылық пен адалдықты байқайды. Сол себепті Абайдың тұңғыш мұражайын ашуға негіздеме қалауды өзінің шәкірті Қайымға сеніп тапсырды. Қиындыққа толы сапарлар барысында Қайым Абай мұражайы үшін 500 ден аса жәдігерді тауып, сақтады, соның ішінде Абайдың жеке заттары, Абай және оның айналасындағы адамдардың қолжазбалары болды.
3-слайд.
Мұхтар Әуезов шәкіртіне ғылымдағы жаңа бағыт бойынша зерттеу жүргізуді сеніп тапсырды, ол – Абай мектебі. Ең бастысы ол Абайды көзі көрген қариялардың айтқандары және табылған жазба үзінділер арқылы ғылыми текстологиялық талдау әдісімен әр шығарманың Абайдың қай шәкіртіне тиесілі екендігін дәлелдеді. Өлшеусіз еңбек! Қайым Абай ізбасарлары қатарына алаш арыстарын енгізді.
Мұхамедхановтың зерттеушілік еңбегінің ауқымдылығы мен жаңашылдығын бағалай келе, оның 30-дан аса диссертация қорғағанын атайды. Абай шәкірттері мен ізбасарларын мектептер мен жоғарғы оқу орындары оқытады, ал бұл – қазақ әдебиетіндегі бірегей мектеп, ұлт мақтанышы. Бір өкініштісі, ғалым Мұхамедханов осындай жанкешті еңбегі үшін 1951 жылы репрессияға ұшырап, 25 жылға бас бостандығынан айрылғаны туралы ешқайда айтылып, жазылмаған.
4-слайд.
Қайым Мұхамедханов абайтану ғылымына бүкіл саналы ғұмырын арнады, ой еңбегі мен физикалық күш қуатын сарп етті Қайым Мұхамедханов ғұмыр бойы Абай сөзінің түпнұсқасын сақтаумен айналысты: Абай өлеңдері мен поэмаларына текстологиялық талдау жүргізіп, әрбір шығармасына ғылыми түсініктеме жазды, ұзақ жылдар бойы бір басылымнан екінші басылымға көшетін жаңсақтықтар мен қателерді жөндеді.
Ғылымдағы барлық әдістерді толық игеріп, теориялық-практикалық тұрғыдан күшті дайындығына байланысты көптеген салаларына қалам тербеді.
5-слайд.
1. 1930-1940 жылдары Абай мұрасын жинауға байланысты жолға шыққан экспедиция барысында ақынның өз басына және айналасына қатысты 500-ДЕН АСТАМ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРДІ ТАУЫП, ЖИНАҚТАДЫ. Бұл Абайдың дүниелерін қамтыған материалдық мәдениет үлгілері болса, сирек қолжазба мен кітаптарды есептегенде шығыс әдебиетіне байланысты 300-ден аса әдебиет жинастырған. Осындай баға жетпес құнды жәдігерлердің негізінде қазақ даласында алғаш рет Семейде 1940 жылы Абай музейі жасақталды.
2. Әдебиет ғылымының ішінде ең күрделі саласы саналатын ТЕКСТОЛОГИЯДА Қайым Мұхамедханов көрнекті із қалдырды. Абай өлеңдерінің дұрыс қалыптасуына, дұрыс оқылып, дұрыс жазылуына белсенді араласты. Ұлы ақын шығармаларының әр жылғы басылымдарына түзетулер мен өзгертулер енгізіп, Абай мұрасының түпнұсқалығын сақтауды мұқият қадағалады.
3. Сонымен қатар ол Абайдың БАРЛЫҚ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АУДАРМАЛАРЫНА ЖӘНЕ ПОЭМАЛАРЫНА ТҮГЕЛ ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕРІН ЖАЗЫП, ғылыми айналымға енгізді. Шығарманың дүниеге келу тарихын, түрткі болған жағдаяттар мен басты кейіпкерлер жайлы түсініктерді
...