70-жылдары Камбоджа
Автор: Satu • Март 18, 2020 • Практическая работа • 419 Слов (2 Страниц) • 396 Просмотры
70-жылдардың басынан бастап халықаралық қатынастар өзінің дамуында жаңа кезеңге, яғни екі дүниенің бір-біріне қарсы тұруынан шиеленісті бәсеңдетуге көшу кезеңіне кірді. Оған 1970 жылы КСРО мен ГФР арасындағы Еуропаның шегараларын қайта қарау жөніндегі талаптарынан Батыс Герман жағының бас тартуына негізделген шарт бастама болды.
Батыс Берлинге қатысты мәселелер жөніндегі төрт жақты келісімнің Еуропада бейбітшілікті нығайтып, халықаралық шиеленісті бәсеңдету үшін маңызы зор болды. Ол ГДР мен ФРГ арасындағы, Поляк Халық Республикасы мен ГФР арасындағы және Чехословакия мен ГФР арасындағы шарттардан тұрды.
70-жылдары Камбоджа мәселесі дүниежүзін алаңдатты. Бұл елде бірнеше төңкеріс болып, 1975 жылы Қызыл кхмерлер (қытай үлгісіндегі коммунистер) билікке жетіп, өз халқының үштен бірін қырып тастады. Оған қарсы Вьетнам әскер жіберіп, Камбоджада Азамат соғысы басталды.
Бұл кезеңде халықаралық қауіпсіздік жолындағы күрес маңызды факторға айналды. 1975 ж. 30 шілде – 1 тамызда Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес басталды. Еуропалық 33 мемлекеттің, сондай-ақ АҚШ пен Канаданың басшылары қорытынды актіге қол қойып, онда кеңеске қатысушы елдердің өзара қатынастарының келісілген принциптері тіркелді, қарулы жанжалдар туу қаупін азайту шаралары, Еуропалық мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы мен формалары белгіленді.
Кеңестің қорытындылары дүниежүзі халықтарының қарусыздануға, ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін танытты.
Өкімет басына Р.Никсон бастаған республикалық өкіметтің келуі АҚШ пен КСРО арасындағы қатынастарды жұмсартты. 1972 ж. АҚШ
...