Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Махаббат қызық мол жылдар

Автор:   •  Март 31, 2019  •  Эссе  •  1,171 Слов (5 Страниц)  •  5,955 Просмотры

Страница 1 из 5

Кез-келген ақын-жазушылар туындысында шабытпен жазылып,жырына қосып, ерекше көзге түсетін, ақынның өз өмірінен сыр шертетін, шытырман оқиғаға толы өлең не роман-эпопея ол – махаббат тақырыбы деп айтсам артық болмас. Себебі махаббат түрліше болады, шабытыңа шабыт қосады. Осы тақырыпта өзіме ұнаған өте ерекше роман - Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты өте керемет туындысы. Бұл романды кішкентай кезімнен атауын ғана естуші едім. «Махаббат» деген атауынан ба әйтеуір оқуға уялатынмын. Кейіннен ең алғаш 8-сыныпта эссе жазуға керек болып 1 рет қана оқып шықтым. Соның өзінде өте әсерлі болды, кейіннен міндетті түрде оқып шығамын дедім де, 1- курсымда қолыма кітабы тиіп қайта оқыдым. Бұл жолы енді студентсің, бастан алғашқы махаббат деген жағдаяттарда өткен, бұл тақырыптарды жақсы-ақ түсінесің ғой! Романның басынан бастап-ақ жеке әлемге құдды бір киноға кіргендей болдым! Арасында қарқылдап күлдім де, жылап та алдым. Иә, иә үндінің, түріктің сериалдарын қарап отырғандай қызыға кіріп кетесің. Бірақ олардыңкімен салыстыруға да келмейді! Себебі, Махаббат қызық мол жылдар – мөлдір, кіршіксіз, бір-біріне деген ұлы сезім мен сыйластық өршіп тұрған нағы хикая. Роман 1970 жылы шықса да ,қазіргі заманауи туынды секілді. Жасөспірімдерден, еңкейген қартқа дейін жеңіл түсінеді. Ауызекі сойлеу стилі де, көркем әдебиеттің қаймағы да кездеседі. Басты кейіпкелер – Ербол мен Меңтай.

Ербол – қарапайым ғана қазақтың нағыз ержігіті, соғыстан он екі мүшесі сап-сау болып оралған ел батыры. Оның мінезі сондай жайдары,ақкөңіл, шығарма басында оқып отырғанда өте ұяң болып сипатталады. Романды оқып отырып Ерболдың іс-әрекетіне тіпті өзім ғашық болдым. Ербол 1945 жылы Алматыда, Қазақ Университетінің студенті болып қабылданады. Группасының ішінде жасынан ең үлкені де өзі. Аудитория іздеп, адасып жүріп, 33-ші аудиторияда гүлдерге толған баққа кіріп кетеді де, сол күннен бастап махаббат қайығына жол ашылады. 30 шақты қыздардың ішінде Ербол мен Жомартбек қана болатын. Жайқалған гүл қыздар ішінен, бір-бірінен өткен сұлулар да, ақылдылар да, өнерлілері де, қуы да болды. Әрине, сол 30 гүл ішінен Ерболға тек бір ғана ару оттай ыстық басылды. Ол – Меңтай еді. Меңтайдың бойынан нағыз көркем мінезділік сезіліп тұрды. Ербол оның алғаш «сәлеметсізбе, ағай» деген бір ауыз сөзінен бастап, оның ақылдылығына, сұлулығына, кішіпейілділігіне тәнті болған еді. Меңтай – шығармада өте сұлу қыз ретінде сипатталды. Бетіндегі әдемі меңіне байланысты қойылған есімі одан сайын көрік беріп тұр. Меңтай «ағайлап» жүріп ештеңе сездірмесе де, Ерболға деген сезімі бар еді. Бірақ, оның бойында нағыз қазақ қызына тән қасиеттің болғаны соншалық, өзінің сезімі туралы мүлдем білдіртпейді. Ерболда оған сезімін білдірсем, алшақтатып аламба деген күдікпен ештеңе айтпай керметтей өлең жолдарын арнап жүреді. Осылайша біраз жылдар да өтеді. Шығармада Меңтай мен Ерболдан бөлек өзге де қызықты кейіпкерлер бейнеленген. Олар – Майра,Жомартбек, Зайкүл, Сәлима, Бүркітбай , Тана, Шалдуар секілді тағы да басқа кейіпкерлер. Бұл кейіпкерлердің ішіндегі ең жағымсызы – Тұмажан болатын. Тұмажан – Меңтайдың соғыста қайтыс болған туған ағасының майдандасы, досы, тек өзін ойлайтын, өтірікті келістіре сөйлейтін арсыз жан. Себебі, Ербол мен Меңтайдың пәк махаббатына қаяу келтірген де осы Тұмажан болатын. Ол байғұс Меңтайға «ағаңнан қалған өсиет сені маған сеніп тапсырды деп, саған өзім қамқор боламын» деген өтірік шірітпе сөздермен Меңтайды алдап, өз арам ниетін жүзеге асырып, бір түнде-ақ кіршіксіз пәк қызды арамдаған болатын. Міне, шытырман оқиға сол кезде басталды. Ербол оған өз сезімін білдіріп, сөз салған уақытта Меңтай жылап қоя берді. Бірақ, Ерболдың адамгершілігінің молдығы соншалық , Меңтайды осы тапталған ары үшін тастап кеткен жоқ, жақсы көруін тоқтатқан жоқ! Ол Меңтайдың артынан жүгіріп, оған керісінше демеу болды,

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (42.8 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club