Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ашыққан сол 1931 жылдар

Автор:   •  Октябрь 3, 2020  •  Реферат  •  5,373 Слов (22 Страниц)  •  370 Просмотры

Страница 1 из 22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Медицина және денсаулық сақтау факультеті

[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы: Ашыққан сол 1931 жылдар

Оқытушы: Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы

Студент: Калдурдыева Гүлсімай Мұхтарқызы

Мамандығы: Жалпы медицина 1 курс

Алматы қаласы 2020 жыл

Мазмұны:

І Кіріспе.

1. Елге қасірет әкелген ашаршылыққа шолу.____________________________3

ІІ Негізгі бөлім.

2.1. Талайды қан жылатқан- Ұлы ашаршылық.__________________________6

2.2. Елден көшкен халықты не күтіп тұрды?____________________________9

2.3. Ғалым Ахмедов шығармасынан үзінді.____________________________13

2.4. Голощекин жайлы пікірлер мен мақалалар________________________18

2.5. Голощекинге қарсы шыққандар мен шыға алмағандар_______________20

ІІІ Қорытынды__________________________________________________24

IV Пайдаланылған әдебиеттер_____________________________________26

Аннотация

Әрбір істің артында, қандай да жағдай болмасын бір себеп болуы керек қой. Сол секілді 1931 жылғы ашаршылықпен 1921 жылдардағы ашаршылықтың да айырмасы бар. Табиғаттың жолыбен келген кесел 2ші рет қайта келуі мүмкін бе?! Және дәл сол жерге қайтадан ауыр азап тартқызып, халықты қан жылатып, баланы жетім, әйелді жесір, ананы баласыз, әкені ұрпақсыз қалдырып, жанды ауыртып, халыққа қайта мұң салуы мүмкін бе?! Мүмкін де мүмкін емес те деп айта алмаймын жәй ғана ақпаратқа сүйеніп шындықты аша алуым мүмкін. Бірақ ол жылға, сонау ХХ ғасырға барып мәселенің анығына жете алмаймын. Тек бар мәліметке сүйеніп қана жағдайды айта аламын...

Кіріспе

Елге қасірет әкелген ашаршылыққа шолу.

   Қалалар салып бердік, зауыт-фабрика қалдырдық, совет заманы туралы осылай кеуде қағып сөйлейтіндер бар. Ия айтқандары рас, бірақ сол зауыттар, сол елдіктер қазақтан тартып алған 40 миллион малдың ақшасына, 5 миллион аштан өлген қазақтың наласына соғылды емеспе? Ол былай ғой, Сталин КСРО-ны мешеу елден зауыт-фабрикасы бар елге айналдырғысы келді, бірақ техника сатып алатын бюджетте соқыр тиында жоқ еді. Мұртты көсем керек ақшаны халықты тонау арқылы таппақ болды, сол үшін 1927 жылы «Ұжымдастыру» деген саясат олап тапты. 100 ауылдың күшін біріктірсек өнімділігі артады деп соқты. Большевиктер шаруа қожалығын жойып, оның орнына  ірі ұжымдық шаруашылық құрамыз деді. Идея жақсы болды, ол ұжымдық шаруашылық тиімділі мен өнімділігі жағынан да алда тұрады. Бірақ оны іске асыру ешқандай өлшемге де, әділеттілікке де сыймайды. Не керек колхоз дейтін резервацияға қазақты қамағасын, малының бәрін үкіметтікі деп жариялады. Сосын «Скатавод, Овцевод, Москва» сынды қасапқаналарды салып тастап, қазақтың малын сұраусыз сойып, етін еуропа елдеріне сатты. Түскен ақшаға зауыт-фабриканың жабдықтарын сатып алып жатты. Қасапқаналар осылай ет дайындауда рекорд орнатып жатқанда, қазақтар шетте аштан қырылып жатты.

   Ұжымдастыру науқаны әр жерде жайылып, бүкіл аумақты қамтып жатқан қазақ ауылдарын сыпыра қуып, бір жерге әкеліп үйіп тастаудың саясаты болды. Осының кесірінен дала ашылды бос жер көбейді, осы кезде ішкі Ресейден ұжымдастыруға көмек деген желеумен 500мың орыс отбасы көшірілді. Экологиялық ыңғайлы жерлерде шашырай қонған 100деген ауылдарды орнынан қуып, шөл далада колхоз құрды. Осылайша қазақ жерінен айырылды. Артынша үкімет малды да тартып алды. Жерсіз, малсыз қазаққа аштан өлуден басқа жол қалмады. Ақырында малын тартып алып, өзін қырып жатқанда қазақ қарап қалмады қол жинап, коммунистерге қарсы соғыс ашты. Алайда қолында қаруы жоқ, азғантай қазақ не істей алады? Көтерілістің барлығы, аяусыз жаншылып қанға батырылды. Арғы жағы қасірет, құлдық кеп, 1-2 ру ғана атысып-шабысып, қырылып жүріп, шетелге шығып кетті. Өзінің табыс көзі малынан айырылған қазақ құлдырап, кері кетті, жұмысқа тұрамын, нан табамын деп қалаға келген қазақтарды үкімет арнайы жасақ құрып, аң-құс атып, аулағаны туралы деректер бар. Адамзат тарихында мұндай «Геноцит» көрген халық жоқ.

...

Скачать:   txt (72.6 Kb)   pdf (226.8 Kb)   docx (69 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club