Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бейнелеу өнері тарихындағы идиалогиялық қызметі

Автор:   •  Декабрь 3, 2019  •  Курсовая работа  •  8,993 Слов (36 Страниц)  •  844 Просмотры

Страница 1 из 36

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі.

 Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті

Курстық Жұмыс

Педагогикалық Факультеті

Тақырыбы: «Бейнелеу өнері тарихындағы идиалогиялық қызметі»

Орындаған:ИИЧ-21 қазақша тобының студенті

Сафиолла М.Е.

Қабылдаған:Балкенов Ж.Ш.

Қарағанды, 2019

Жоспар

Кіріспе.......................................................................................................................

I.Бейнелеу өнері жалпы түсінік..............................................................................

1.1.Бейнелеу өнерінің тарихы және даму жолы...................................................

1.2.Орта ғасырлардағы европадағы және азиядағы бейнелеу өнері...................

II.Қазақстандағы бейнелеу өнері............................................................................

2.1.Сақтардың бейнелеу өнері.................................................................................

2.2.Бейнелеу өнерінің түрлері және жанрлары.....................................................

2.3. Қазақ мәдениетіндегі заманауи бейнелеу өнерінің ерекшеліктері..............

Қорытынды...............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................

Kіpicпе

             Тақырыптың өзектілігі: бейнелеу өнері    бұл өнер өзіндік эстетикалық ерекшелігі бар, адамдарды өнерімен баулап алатын қажеттілікке ие өнер. Сонымен қатар ол көп адамдарды өзіне ғана тартпай өнер арқылы ой тудыратын өнер. Бұдан басқа тұрмыстада архитекуралық нысан салып жатқандада көп қолданылады..

       Мақсаты: Жаратылыс сұлулығын яғни бейнелеу өнерін барынша ашып түсіндіру . Бейнелеу өнерінің неше түрінің  бар екенін . Бұдан басқа бейнелеу өнерінің тарихын , өзектілігін  айту. Бейнелеу өнерін барынша ашып түсіндіру және  Бейнелеу өнері өмірді көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, тольғырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамызбен түйсік - сезімімізге әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр денгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қана қараймыз. Көркем шығармалар арқылы еткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі - суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын керсетуінде, суретші образдарының, емір шындығының типтік жағын тандап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте улкен, оның қоғам өміріндегі релі аса зор. Суретшінің сұлулықты дүрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері құрылысы арқылы, енді біреулері кескіндеме құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтанбасы мен айқындалады. Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы.

     Міндеттері:

1. Тыңдаушының ой-өрісі мен білімдерін тақырыпты  жан-жақты түсіндіріп бейнелеу өнеріне деген ойын дамыту.

2. Бейнелеу өнерінің маңызын оны қолдану жолдарын дұрыс таңдап алу.

I.Бейнелеу өнері туралы жалпы түсінік

Бейнелеу өнері— дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.

Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.[1]

...

Скачать:   txt (129.4 Kb)   pdf (337.4 Kb)   docx (48 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club