Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ІІ-сәбилер тобына арналған «Дидактикалық ойындар» бағдарламасы

Автор:   •  Сентябрь 28, 2018  •  Реферат  •  11,609 Слов (47 Страниц)  •  1,910 Просмотры

Страница 1 из 47

Вариативті бөлімге арналған

«Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту»

«Дидактикалық ойындар»

«Шебер қолдар»

«Бала тілін дамыту»

«Таза ауадағы шынықтыру»

«Сиқырлы сандар»

БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Мазмұны

1. Түсіндірме жазба--------------------------------------------------------------- 5

2. 5-6 жастағы балаларға арналған «Бала тілін дамыту» бағдарламасы---------------------------6-13

3. 4-5 жастағы балаларға арналған «Шебер қолдар» бағдарламасы---------------------------------------------------14-22

4. ІІ-сәбилер тобына арналған «Дидактикалық ойындар» бағдарламасы----------------------------------------------------23-39

5. Ортаңғы топ балаларына арналған «Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту» бағдарламасы---------40-54

6. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға арналған «Таза ауадағы шынықтыру» бағдарламасы ------------------55-70

7. Мектепалды даярлық тобына (сынып) арналған «Сиқырлы сандар» бағдарламасы---------------------------------------71-78

Түсіндірме жазба

Тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы болып есептелетін мектепке дейінгі білім беруде білім мазмұны балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Соған сәйкес, вариативті компонент бойынша «Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту», «Дидактикалық ойындар», «Шебер қолдар», «Бала тілін дамыту», «Таза ауадағы шынықтыру» және «Сиқырлы сандар» бағдарламалары дайындалып, оның негізгі мақсаты баланың жас ерекшеліктеріне қарай қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-қиялдарын дамыту тұрғысында құрылды.

Бағдарлама мазмұнында баланы кіші жастан еңбекке баулу, шынықтыру, тілін дамыту, ойын элементтері арқылы логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілетін жетілдіру және сахналық қойылымдар негізінде дарынды балаларды анықтау жұмыстарына басымдық берілген.

Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшелері дайындаған бағдарламалар негізінде бала бойына еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін сіңіре отырып, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік мол.

5-6 жастағы балаларға арналған «Бала тілін дамыту» бағдарламасы

( Вариативтік компонент)

Кіріспе

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бала тілін дамытуға, олардың сөздік қорларын молайтуға, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Яғни, мектеп жасына дейінгі кезеңде балалармен сөздік жұмысын жан-жақты жүргізу «Қатынас» білім беру саласының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Педагог балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамытуға және белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасай білуге үйретеді.

Балалардың сөздік қорын молайтуда ойынның, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы тез игеріледі, таным белсенділіктері қалыптасады, сондай-ақ ақыл- ойы өсіп жетіледі. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық - саусақ ойыны болып табылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен

...

Скачать:   txt (143.7 Kb)   pdf (169.9 Kb)   docx (77.8 Kb)  
Продолжить читать еще 46 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club