Ұстаз - мектептің жүрегі
Автор: zina_t73 • Январь 22, 2019 • Эссе • 1,329 Слов (6 Страниц) • 3,853 Просмотры
Эссе
«Ұстаз – мектептің жүрегі»
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин.
Әлемдегі мамандық атаулының төресі –ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін,оқытып үйрететін,білім нәрімен сусындататын мейірімді де абзал жандар. «Ұстаз мамандығы –барлық мамандықтың анасы», - десем еш қателеспейтін шығармын, себебі ұстаз алдынан тәрбие алып,болашақтарына жол салатын бүлдіршіндер ең алдымен ұстаз алдынан өтетіні айдан анық емес пе ? Мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған әрбір бүлдіршіннің өміріне жол көрсететін нұсқаушы адам ол –ұстаз.Ғылым иесі ғалым да, елін жаудан қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да , егін салған диқан да, ауа райына қарамай мал бағып терін төккен шопан да,адам өмірін арашалап қалатын ақ халатты абзал жандар да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, әділдік жолында күрескен заңгер де –бәрі ұстаздан тәлім –тәрбие алып,білім нәрімен сусындаған. Оған мына өлең жолдары да айғақ:
«Ғалым да шахтёр де бас иетін,
Ұстазым бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең...»
«Ұстаз болу –өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау», - деп француз ғұламасы Жан Жак Руссо айтқандай, жас балапандарды оқытуда, тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі өте зор.Алдына келген әрбір шәкірттің жүрегіне жол тауып, санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының ұрпақтарын тәрбиелеп шығару –әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Ұстаз болу дегеніміз – әрбір шәкіртке мейірім шуағын, жұдырықтай жүректеріне жүрек жылуын, қуаныш сезімін, адамгершілік, жауапкершілік сияқты ұлы қасиеттерді ұрпақ бойына дарыта білу.Ұстаз өз шәкірті үшін екінші ата – анасы, қамқоршысы, ақылшысы, сондықтан да алдындағы әрбір шәкіртке өз ата –анасындай тәрбие беру тек ұлағатты ұстаздардың ғана қолдарынан келеді.Баланы өмір кемесіне жетелейтін де, өмірдің таңғажайып құбылыстарымен таныстыратын да, жеткіншектің жарқын болашағына барар жолын айқындап беретін де, шешімі қиын өмірлік жұмбақтарда қол ұшын созатын, өз мойнына барлық жауапкершілікті алатын ұлағатты жан ол –ұстаз. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық жақсылықтарды игертуші, ал жаман қаиеттерден, соқыр сезімдерден, жаман пиғылдардан аулақтататын қасиеті бар адам»,- деп айтқан болатын. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне
құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын - Аристотельді, Абылай хан - Төле биді, Шәкәрім - Абайды, Бердақ - Күнқожаны, Жамбыл - Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»,- дегендей олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген.Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен өз ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым»,-деп еске алатын болған екен. Сондықтан да ұстазды сыйлау – өмірдегі әрбір пенденің бір борышы десек артық болмас. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.
«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан»,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай,ұстаздың тәлім -тәрбиесі мен өнегесі шәкірттердің болашақ азығы екені бәрімізге анық. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім – тәрбие алған оқушылар өмір майданында мойымай күресіп,қандай қиыншылық кездессе де төтеп бере алады,болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім.
...