Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Автор:   •  Декабрь 21, 2021  •  Эссе  •  738 Слов (3 Страниц)  •  273 Просмотры

Страница 1 из 3

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы 
Ұстаз болу – адамның асылдығы, — деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, ұстаз ақылды, мейірімді, батыл, білімді, жан-жақты адамұ Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Сол себепті де ұстазға өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялайтын жан. Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай, мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай болу керек. 


Ұстаз – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім мамандығының  қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған ұзақ еңбек жолында әрқашан шығармашылық ізденісте, ой қозғалысында болатыны барлығымызға белгілі.  Мұғалім- жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Себебі, болашақ ұрпақтың білімді, саналы болып өсуі алдымен ата-анаға, кейін ұстазға тікелей басланысты. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибесінде пайдаланып, алдындағы шәкірттерінің болашақ өмірге нық қадам басуы үшін қолынан келгенінің барлығын жасайтын ұстаздардың алдында қарыздармыз.

Мөлдір суды қанша ішсең де шөлің қанбайтыны сияқты, ұстаз жа шәкірттерінен  еш жалықпайды. Конфуцийдің: «Сені түсінсе – бұл бақыт, сені сүйсе – бұл үлкен бақыт, ал өзің сүйсең – ол нағыз бақытың» дегендей ұстаз шәкірттерін жанындай сүйеді.

Сәбиді аялаған аналық парыз қандай киелі болса, шәкірт тәрбиесін мойнына жүктеп алған жауапкершілік деп түсінетін ұстаздар ең аяулы жандар. Барша маман иесі де ұстаздың алдынан өтеді. Тәрбие мен білім ажырағасыз: Білім бермей тәрбиелеу мүмкін емес, ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді. Әр оқушының дүниетанымын, мұратын, рухани деңгейін анықтау ұстазар үшін үйреншікті болып кеткен десек те қателепеспіз. Ұстаздар ұрпақ тәрбиелеуде басты назарды адамгершілікке аударып, жалпы адамзаттың рухани құндылығына көңіл бөледі.

Ұстаздар-бүгінгі күннің батырлары. Себебі, қалам ұстап көрмеген, әр үйдің еркелерін өзінің жылуымен қарсы алып, әрқайсысының сауатын ашып, өмірдің ақ-қарасын айыруға көмек берген де, отан мен жерді, тілді, патриоттық сезімді оятатын да осы- педагог ұстаздар. Жалпы педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты.

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі, екіншіден, пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі, үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған ұстаздың ғана бойынан табылған қасиеттер. Ұстаздар осыншама қасиетті бойына жия отырып, өз жұмыстарының мамандары болып қана қоймай, өз үйінің берекесін келтіретін ардақты әке-ана мен аяулы жар. Ұстаздардың еңбегі-әрқашан бағалы.

...

Скачать:   txt (10.2 Kb)   pdf (48 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club