Ардақты ұстазым
Автор: Акжаркын Бабаджанова • Ноябрь 26, 2018 • Эссе • 1,480 Слов (6 Страниц) • 1,676 Просмотры
Ардақты ұстазым
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды Әрине, бұл жолда ата – анамен қатар мектеп ұстаздарының да ықпалы ерекше. Кейде қырағы ұстаздар оқушының келешектегі кемелді өмірін болжап, бағыт-бағдар беретіндей көрінеді. -- Бәрекелді! Көзінде - от, жүрегінде - жалын бар, осы оқушым келешекте «елге қызмет етеді» - деген тәлімді тәрбие беретін жылы – жылы сөздерде қандай мейірімділік жатыр. Расында, ұлағатты ұстаздың мұраты – білікті, білімді шәкірт дайындау. Осы тұрғыда, мектебімнің мұғалімдерінің еңбегі ерен. Сондай білікті ұстаздарды мереке қарсаңында жинап, құрмет көрсетіп, мерейін асыруда қызмет жасасаң қандай тамаша?! Ұстаз бейнесі - шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан, қандай сұлу десеңші?! Сол ұстаздардың бірі қазір менің бала жүрегімде нық орын алған. Ол - қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын апай. Әр шығарманы сыңғырлаған үнімен оқи отырып асыл ойды санамызға беріп, нық етіп құюға бар күшін жұмылдыратын жан. Әлі есімде ұстазымды көргенім, Өз анамдай болған еді ол менің. Содан бері мұғалімді қадірлеп, Білім деген асқар тауға өрледім. Ұстаз болу – күрестің батырлығы, Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы -дегендей ұстаздың лаулаған жалыны - әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі. Ол - сезім мен нұр шашар сәуле. Ақжарқын апайыммен кездескен әрбір нұрлы күндер жүрегімде ұзақ сақталатыны айқын... Қорыта келгенде, аса көрнекті қазақ геологы, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша: «...Мұғалімдер күнінде не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ» - деп толғаған.
...