Қазақстандағы стандарттау терминологиясы
Автор: ayanammxxi • Апрель 27, 2022 • Реферат • 5,350 Слов (22 Страниц) • 270 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырып: . Қазақстандағы стандарттау терминологиясы.
Орындаған: Темірбай Аяна
Тексерген: Философия докторы, доцент м.а., Бейсембаева Г.З.
Нұр-Сұлтан, 2021
Мазмұны
І Кіріспе
- Терминдік жүйені стандарттау
- Терминологияны біріздендірудің мақсаты және атқарылатын жұмыстар
- Терминологияны біріздендірудің лингвистикалық қыры
- Терминологияны біріздендіру жұмысының ұйымдастырылуы туралы
ІІ Қортынды
ІІІ Қолданылған әдебиеттер
І Кіріспе
Біз терминологияны стандарттау – біріздендірудің жалғасы, келесі сатысы немесе біріздендірудің әдісі деп қарайтын ғалымдар пікіріне қосыламыз. Бұл орайда: «Біріздендірілген терминология стандарттау нысаны бола алады» (В.П. Даниленко, Л.И. Скворцов) деген ғалымдар тұжырым орынды айтылған. Терминология біріздендірілген, жүйеленген жағдайда ғана оны стандарттауға болады. Бұдан да біріздендірудің қаншалықты маңызды екенін әрі терминологиялық жұмыстардың өзара өте тығыз байланысты, бір-біріне жалғасты, тәуелді екенін көруге болады. Терминологияны стандарттау сала ұғымдарын нақтылап, оларды орнымен пайдаланып, мағынасын дәл түсінуді қамтамасыз ететін өте жауапты да қажетті терминологиялық жұмыстардың бірі.
Терминологияны стандарттау әр ұғым үшін бір ғана сөзді таңдап алып, оларды арнаулы құжаттарда бекіту (Г.В. Степанов). Ғалымдар әсіресе, ғылым саласында терминдерді шектен тыс қатаң нормаларды сақтауға мәжбүрлеп стандарттау ғылыми ой-сананың дамуын тежеп, оған кедергі келтіруі мүмкін деп санайды. Сондықтан терминологияны қалыптау (кодификациялау) арқылы міндеттеудің екі сатысы белгіленген. Біріншісі, егер ғылым саласындағы қатаң нормалау ғылыми ойдың дамуына кедергі келтіретін болса, онда терминге қойылатын талаптарға барынша сай келетін терминдердің жинағын шығару. Екіншісі – ұғымды дәл беретін бірмағыналы терминді пайдалану сөзсіз қажет болатын 72 болса (негізінен өндіріс саласында), онда терминдерді қалыптандыру мемлекеттік немесе салалық стандарттар арқылы жүзеге асырылады. Терминологиялық стандарт – терминдер мен олардың анықтамаларын сол ұсынылған қалпында қолдануды міндеттейтін құқықтық құжат, яғни, терминологияны біріздендіруде оларды қалыптау арқылы ұсынылған терминдердің сөздігі (жинағы), одан кейін терминологиялық стандарт жарияланады. А.В. Суперанская, Н.В. Подольская, Н.В. Васильева сияқты белгілі ғалымдардың «қалыптау» мен «стандарттау» терминдерін синоним атаулар ретінде қарауына да бұл жұмыстардың бір-бірімен тығыз байланыста жасалатындығы себеп болса керек. Қалыптау әдетте абстракті ұғымдары көбірек кездесетін ғылым салаларында, кейінгісі заттық, нақты ұғымдары басым өндіріс, басқару, ішкі және сыртқы сауда сияқты салаларда жиі қолданылады.
Терминологияның стандартталғандығы ақпараттандыру үдерістерін автоматтандырудың негізгі шарты деп саналады. Бұл тұрғыдан қарағанда да қазіргі технология мен ақпараттандыру ғасырында терминологияны стандарттаудың маңызы зор. Ғылым мен техниканың түрлі салаларының терминжүйесімен бірге, тілдің қоғам өміріндегі қолданысын қамтамасыз етуде, алуан түрлі ісқағаздарын жүргізуде нормативтік құқықтық терминологияны стандарттау да өте маңызды. Терминологияны стандарттау көптеген тілдерде қарқынды түрде жүзеге асырылды. Өткен ғасырдың 90-жылдарына қарай әлемде 15 мың стандарт болса, соның 200-ін Халықаралық стандарттау ұйымы ISO, тағы соншасын СЭВ бекіткен екен. Осы деректің өзі көптеген елдерде терминологияны стандарттауға ерекше мән беріліп отырғанын көрсетеді
...