Этнолингвистиканың зерттелуі
Автор: janka1973 • Май 9, 2018 • Реферат • 2,916 Слов (12 Страниц) • 1,072 Просмотры
Ғ 69
Ғабит Халұлы Қ. Қазақ мифолониясының тілдік көрінісі. – Алматы: "Арыс", 2006.- 168б.
- ЭТНОЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ ДІНИ ЛЕКСИКАНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
- Этнолингвистиканың зерттелуі
Тіл білімі мен оның салаларын тілші қауім бірнеше неше ғасырдан бері фонетика, лексикология, грамматика, семантика, диалектология, саластырмалы лингвистика, тарихи лингвистика сипаттамалық (компаративтік) лингвистика, құрылымдық (структуралық) лингвистика, жалпы теориялық лингвистика т.б. тармақтарға таралып, таза тілдік тұрғыда қарастырып келеді.
Алайда Х1Х ғасырдың соңымен ХХ ғасырдың басынан бастап зерттеуші ғаламдар тілдік құбылыстарды дәстүрлі бағытта ғана қарастырып қоймай, оны басқа да қоғамдық ғылымдармен (тарих, дін, география, социология, культорология, археология, психология, т.б.) салыстыра отырып, ауқымды зерттеулер жүргізді. Осының нәтижесінде психолингвистика, л социолингвистика, лингвомәдентиеттану, т.б. тәрізді гуманитарлық ғылым салары пайда болса кейін келе, жаратылыстану, техникалық ғылымдар, оның ішінде практикалық, эксперименттік және математикалық тәсілдемелердің тіл ғылымымен байланысынан қлднабалы лингвистиканың салалары болып есептелетін статистикалық лингвистика, компьютерлік лингвистика, инжинерлік лингвистика, автоматты лингвистика, есептеу лингвистикасы, т.б. жарыққа шықты, Қазірде тіл ғылымы өзге қағамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар арасында орыны айқындалап бекемделіп, өмірдің барлық саласында маңыздылығын танытып отыр. Адамадар тіл ғылымының жетістіктерін пайдаланв отырып, өзге ғылымдар саласында көрнекті табыстарға қол жеткізуде. Мұның басты себебі тілдің өзіне тән сәйкестік, жалпылық қасиеттерінен деуге болады. Демек, қазір көпшілік қауым "тіл деген не?" деген сауалына бұрынғыдай "тіл – адамдардың қатынас құралы" деген біржақты ұғымнан гөрі оның нақты, күрделі құбылыс екенін тани бастады. Солардың қатарына қазақ тіл ғылымында енді – енді қалыптасып келе жатқан этнолингвистика саласы да жатады.
Дүнедегі барлық қоғамдық құбылыстар мен табиғи құбылыстар ішінде тіл мен тұқым (нәсілдік белгі, қан) - әр ұлыстың ата – бабаларынан өзінен кейінгі ұрпақтарға жалғасатын, онайлықпен өзгермейтін негізгі белгілер саналады. Тіл тарихы ұлт тарихынан да ұзақ. Белгілі халық немесе оны құраған ру – тайпалар тарихта ортақ тіл, территория, экономика, психикалық жақтардан бірлікке келіп, ұлт болып қалыптасып, тарих сахынасында өзіндік орын иленуде тідің орны ерекше болды. Ұлттық тіл болмайынша, ұлттық мәдениеттің қалыптауы, оның ғасырлар көшіне ілесіп, бүгінгі күнге дейін жетуі мүмкін еместей дейміз.
Бүгінде "мәдениет" сөзіне мынадай екі түрлі анықтама беріліп жүр: мәдениет – адамзаттың өзіндік даму тарихында жаратқан барлық рухани және заттық байлығының жиынтығы. Әрине, бұл ұғым – бүгінгідей дамыған өркениетті мәдениетті емес, адамзаттық ең ертедегі мифологиялық, аңыздық ертегілерінен бастап, оның қазіргідей озық ғылыми – техникалық жетістіктер мен мәдениеттерін тұтастай қамтиды. Бұл - "мәдениет" сөзінің кең мағынадағы анықтамасы. Мәдениет жөніндегі келесі бір ұғым: мәдениет дегеніміз – қоғам дамуының әр бір дамуының басқышы мен кезеңдеріндегі адамадардың идеологиясы ж"не соған сәйкес заңдары, тәртібі мен ұйымдық құрылымы. Бұл – оның тар көлемдегі анықтамасы.
Жоғары мәдениетке берілген анықтаманың қай тұрғысынан қарағанда да, мәдениет пен тілдің байланысы тәрізді. Тіл - мәдениеттің өмір түру формасы болса, мәдениет – оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан алғанда тіл мен мәдениетті бір – бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады.
Тіл – қоғамдық өмірдің сәулесі. Одан қоғамдық өмірдің кез келген өзгерістері айқын көрініс табады. Әсіресе тілдегі лексика бұл жағында өте сезімтал болып, қоғаның саяси, экономика, мәдениет, ағарту, өнер, идеология, мораль, т.б. жақтарындағы өзгерістер сөз жоқ лексикада бейнеленеді. Демек, ұлттық тіл, халақтық лексикаға талдау жасау арқылы халықтың өткені мен бүгіні, қоғам даму тарихынан, жалпы мәдениетінен мағлұмат ала аламыз.
...