Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сын есімнің аналитикалық формасы

Автор:   •  Май 8, 2023  •  Реферат  •  17,565 Слов (71 Страниц)  •  284 Просмотры

Страница 1 из 71

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Аналитикалық форма туралы осы кезге дейін біраз зерттеулер жасалды. Олардың біразы шетел ғалымдарының еңбектері болса, біразы қазақ ғалымдарының зерттеу жұмыстары. Сол еңбектердің барлығында да аналитикалық форманы етістікке ғана қатысты қарастырады. Ал, есім сөздерге аналитикалық форманың тән екендігін көп ғалымдар байқаса да, аналитикалық форма есім сөздерге де жат емес деумен ғана шектеледі. Ал, зат есім, сын есім, сан есімдердің аналитикалық формасына тән басты белгілер мен жасалу жолдарының ерекшеліктері, есім сөздердің аналитикалық формасының жасалу барысындағы туындайтын мәселелер қарастырылмайды. Диплом жұмысында алға қойған өзекті мәселелердің бірі ретінде біз аналитикалық форманың тек етістікке ғана емес, есім сөздерге де қатысты екендігін көрсету, сонымен қатар, осы мәселені қарастыруда туындайтын кейбір проблемалардың шешімін табу. Нақтырақ айтсақ, сын есімнің аналитикалық формасын жасауға қатысатын күшейткіш үстеулердің күшейткіш көмекшілерге жатқызылу керектігі, күрделі сан есімдерге жатқызылып жүрген жүзге жуық, мыңға тарта сияқты сөздердің аналитикалық формаға жатқызылу керектігі, т.с.с. мәселелердің шешімін бір ізге түсіру дипломдық жұмыстың басты өзекті мәселелері болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – аналитикалық форма туралы зерттеулерді қарастыра отырып, етістіктің аналитикалық формасын негізге алып аналитикалық форманың есім сөздерге де тән екендігін дәлелдеу. Есім сөздердің аналитикалық формасын айқындай отырып, онда кездесетін күрделі проблемалар мен қиындықтарды қарастыру, олардың шешімін табу. Зат есім, сын есім және сан есімнің аналитикалық формасының өзіндік ерекшеліктері мен айқын белгілерін, жасалу жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтау, есім сөздердің аналитикалық формасының өзекті мәселелеріне талдау жасау.

Жұмыс белгіленген мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жоспарланды:

  • Күрделі сөздер мен аналитикалық форманың ара жігін ашып, айқындау;
  • Аналитикалық форманың есім сөздерге, яғни зат есім, сын есім және сан есімдерге қатысын анықтау;
  • Етістіктің аналитикалық формасын негізге ала отырып, есім сөздердің жасалу жолдары мен әдіс-тәсілдерін, орын тәртібін таныту;
  • Аналитикалық форма туралы отандық және шетелдік ғалымдардың пікір-көзқарастарын қорытындылай келе, есім сөздердің аналитикалық формасына тән негізгі белгілер мен ерекшеліктерді көрсету.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы. Қазақ тіл білімінде бұрын етістікке ғана телінген аналитикалық форманың есім сөздерге, яғни зат есім, сын есім және сан есімдерге де қатысты екендігі көрсетіліп, дәлелденді. Есім сөздердің аналитикалық формаларының жасалуындағы ерекшеліктер, орын тәртібіндегі өзгешеліктер мен айрықша белгілер анықталды. Зат есім, сын есім және сан есімдердің аналитикалық формасы жасалуымен байланысты проблемалық мәселелер ескеріліп, оларды шешу үшін ұсыныстар берілді.

Пайдаланылған дерек көздер. Қазақ тіл білімі ғалымдарынан Н.Оралбаева, А.Ысқақов, С.Исаев, жалпы тіл білімі мен түркологиядан Ф.Ганиев, Б.Серебренников, О.Суник, В.Жирмунский, т.б. еңбектері теориялық негізде пайдаланылды.


1. АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Тіл білімінде сөз формаларының екі түрі бар екендігі белгілі. Олар:

  • Негізгі сөзге көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын аналитикалық формалар немесе сөздің аналитикалық формалары;
  • Сөзге форма тудыратын қосымшалар жалғану арқылы жасалатын синтетикалық формалар немесе сөздің синтетикалық формалары.

Мұндағы сөздің синтетикалық формалары 2 түрлі жолмен, атап айтқанда, аффиксация арқылы және дыбыстың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады.

1. Сөзге әртүрлі аффиксациялардың жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары жасалады. Сөздердің синтетикалық формаларының аффиксация тәсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән және ол жиі ұшырасады.  Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілердің, етікшілері, етікшілеріміз, орыс тілінде: стол-столы, ағылшын тілінде: table-tables. Сөздердің синтетикалық формаларының жасалуының афиксация жолы тіл-тілде суффиксация және префиксация түрінде көрінеді, ал түркі тілдерінде мұның бір-ақ түрі  суффиксация қолданылады.

...

Скачать:   txt (238.8 Kb)   pdf (421.1 Kb)   docx (257.2 Kb)  
Продолжить читать еще 70 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club