Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

“Аналитикалық химия” пәнінің ЭОӘПК

Автор:   •  Август 13, 2018  •  Лекция  •  39,183 Слов (157 Страниц)  •  1,729 Просмотры

Страница 1 из 157

“Аналитикалық  химия”  пәнінің   ЭОӘПК.

1.ТОБ.СМиС,  БТ.

Кіріспе

Бағдарлама аналитикалық химия пәнінің негізгі мазмұндары  зертханалық жұмыстардың тақырыптары, теориялық тұжырымдар мен есептер, оқу-зерттеу жұмыстарының тақырыптары, негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі енген.

Аналитикалық химия жалпы бейорганикалық химияның негізгі тарауларына негізделіп оқытылады. Сондықтан бағдарламаға элементтерді сапалық жағынан анықтау тарауы еңгізілмеген. Аналитикалық химияны оқытқан кезде органикалық химияның (көмірсулар, майлар, аминоқышқылдар, ақ уыздар), физикалық химияның (заттардың құрылысы, химиялық реакцияның кинетикасы, электрохимия, коллоидтық жүйелер), физиканың (толқындық механика, оптика, электротехника) негізгі тарауларын білу қажет.

Дәріс сабағында негізгі сұрақтарды баяндаған кезде ғылымның казіргі жетістіктерімен ұштастыру крек. Зертханалық жұмыстардың тақырыптары студенттердің алатын мамандықтарына сәйкес келуі қажет. Зертханалық

сабақтарда аналитикалық тәсілдер іріктелініп, студенттердің ғылыми жаттығу жүргізу қабілеттері артырылады. СӨБЖЖ сабақта студенттердің ой-өрісін арттыру және білімді өндірісте қолдануға, есеп шығару және жеке тапсырмаларды орындау тақырыптарына үлкен көңіл бөлінеді.

Аналитикалық химия бір мезгілде – химиялық талдау әдістерін және физика-химиялық талдау әдістерін қамтиды.

Бағдарлама аумақты болып саналады, сондықтан оқытылатын тақырыптарды дәріске немесе зертханалық сабақтарға еңгізіп алатын мамандықтарына сәйкес өзгертіп, оқытуға болады.

Пәннің мақсаттары және міндеттері

Аналитикалық химия – химиялық қосылыстардың құрамын және құрылысын анықтау тәсілдері туралы ғылым. Аналитикалық химия пәнінің ғылым болып саналатындығы, химиялық талдаудың теориясы мен практикасын зерттейді.

Пәннің мақсаты – заттарды анықтаудың жаңа әдістерін меңгеру және оларды белгілі міндеттерді орындау жолына жұмсау.

Пәннің міндеттері:

  • теория саласында: химиялық процестердің теориясын дамыту, алгоритмдерді және есептеу техникасын қолдану арқылы термодинамикалық күрделі химиялық жүйелерді есептеу;
  • әдістемелік тұрғыдан: жаңа әдістер мен тәсілдер негізінде автоматизациялық процестерге аналитикалық анықтау қондырғыларын енгізу;
  • практикалық тұрғыдан: қосымша заттың өте аз мөлшерін анықтау әдістері (өте таза заттар алу), өте жоғарғы таңдауды керек ететін анықтау тәсілдерін шығару, экспресс анықтау әдістерін, ультрамикроанықтау тәсілдерін зерттеп енгізу.

Пәннің мазмұны

Сандық талдау

Аналитикалық химияның міндеттері және әдістері. Химиялық, физикалық және физика-химиялық талдау әдістері туралы түсінік.

  1. Сандық талдаудың принциптері. Сандық талдаудың маңызы және оның даму келешегі. Сандық талдаудың жіктелуі, әдістері: химиялық, физикалық, физика-химиялық.
  2. Өлшеу арқылы алынған сандарды математикалық өндеу. Алынған сандардың туралығы және қайтфмдылығы. Рационалды есептеу ережесі және таза, қолданбалы химия халықаралық одағы бекіткен ереже бойынша эксперимент арқылы алынған сандарды статистика әдісі бойынша өндеу.

Химиялық талдау әдістері

  1. Гравиметриялық талдау. 

Өлшеу талдауының қағидасы. Талдау әдістерінің жіктелуі. Аз еритін қосылыстардың тұнбалы теориясының негіздері. Ерігіштік көбейтіндісінің ережесі және оны химиялық талдауда қолдану, тұнбаның ерігіштігіне әсер ететін факторлар: тұздардың әсері, біраттас иондардың болуы, тотығу-тотықсыздану процестері, комплекстүзгіштік. Тұнбалық және өлшемдік пішіні, оларға қойылатын талаптар.Кристалды және аморфты тұнбалар, тұнбаға түсу жағдайлары. Тұнба алынған кезде жүретін коагуляциялық және пептизациялық процестер. Аналитикалық химиядағы коллоидты ерітінділер түзілудің жағымды және жағымсыз жақтары. Тұнбаларды ластануға әкелетін процесстер. Өлшемді талдауда органикалық тұнба түсіргіш заттарды қолдану. Өлшемді талдаудың ерекшеліктері және кемшіліктері. Гравиметриялық талдаудың жұмыс техникасы және есептеулері. Қателіктің көздері және одан құтылудың жолдары.

...

Скачать:   txt (454.1 Kb)   pdf (3 Mb)   docx (2.1 Mb)  
Продолжить читать еще 156 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club