Еуропадағы жаңа заман басталған дәуірдегі ірі әулеттер(патшалық) генеологиялық кестесі
Автор: Bakitzhan • Октябрь 3, 2018 • Реферат • 1,049 Слов (5 Страниц) • 1,317 Просмотры
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекетік университеті
Тарих факультеті
Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы
СРСП
Еуропадағы жаңа заман басталған дәуірдегі ірі әулеттер(патшалық) генеологиялық кестесі
Орындаған:Тажикбаева А.
МО-17
Тексерген: Аймахов Е.Н.
Қарағанды 2018-2019жж.
4-тақырып. Еуропадағы жаңа заман басталған дәуірдегі ірі әулеттер (патшалық) генеологиялық кестесі.
Сұрақтар:
- Ортағасырлық тарихтан білетін ірі әулеттердің тарихи рөлін байқаңыз. (мысалға Каролингтердің және т.б.).
- Еуропаның феодалдық сеньорлық жүйесінің мәнін арнайы әдебиет арқылы түсіндіруге тырсыңыз.
Жауаптары:
- Ортағасырлық тарихтан белгілі ірі әулеттердің тарихи рөлін байқаңыз. (мысалға Каролингтердің және т.б.)
Романовтар әулеті , 1613 — 1917 жылдар аралығында Ресейдібилеген. Құжаттар бойынша 14 ғасырдың ортасында өмір сүрген боярин А.И. Кобыладан бастау алады. 16 ғасырдың басына дейін Кошкиндер әулеті, сонан соң Захариндер әулеті деп аталды. Романовтар әулетінің күшеюі 1547 ж. Иван ІV патша Романның қызы Анастасияға үйленгеннен кейін басталды. Анастасияның ағасы Никита патшаның ең жақын кеңесшісіне айналды. 1598 ж. Иван ІV-нің Анастасиядан туған баласы Федор Ивановичтен мұрагер қалмай қайтыс болғаннан кейін Рюрик әулеті биліктен кетті. Патша болып Шет мырзаның тұқымы шоқынған татар Б.Годунов сайланды. Ол Романовтар әулетін өзінің бақталасы санап, қудалады. Федор Никитич Романовтың шашы алынып, Филарет деген атпен монастырьге жіберілді. 1605 — 13 ж. Ресейде болған бұлғақ жылдары таққа отырған жалған патша Лжедмитрий ІІ Тушинодағы лагерінде Филаретті орыс патриархы деп жариялады. 1610 ж. ол Польшаға елшілікті басқарып барып, сонда тұтқынға алынды (1619 жылға дейін). 1613 ж. 21 ақпанда Земский соборда Федор Никитич (Филарет) Романовтың 16 жасар баласы Михаил (1613 — 45) орыс патшасы болып тағайындалды. Іс жүзіндегі билік оның әкесі Федордың (Филарет 1633 ж. өлді) қолында болды. Алексей Михайловичтің патшалығы кезеңінде (1645 — 76) әлеуметтік және саяси өмірде қайта құрулар жүргізілді. Оның аурушаң баласы Федор Алексеевич алты жылдай (1676 — 82) билік құрды. Ол өлген соң Петр І (1682 — 1725) патша болды. Оның билігі кезінде елде ірі реформаларжүргізіліп, Ресей Еуропаның ең күшті елдерінің біріне айналды. 1721 ж. Петр І Ресей императоры атанды. Ол өлген соң таққа жесірі Екатерина І (1725 — 27) отырды. Петрдің ұлы ханзада Алексей Петрович әкесіне қарсы қастандыққа қатысушы деп айыпталып, 1718 ж. маусымда өлтірілді. Оның баласы Петр ІІ Алексеевич 1727 — 30 ж. билік құрды. Ол өлген соң Романовтар әулетінен еркек кіндікті ұрпақ болмай, 1730 — 40 ж. Алексей Михайловичтің Иван деген баласынан туған немересі Анна Ивановна, ал 1741 — 61 ж. Петр І-нің қызы Елизавета Петровна патшалық құрды. Ол қайтыс болған соң Романовтар әулеті әйелдер жағынан да таусылды. Енді Ресей тағына Балтық жағалауынан келген, Петр І-ге жиен болып табылатын Гольштейн — Готторптар өкілдері Романовтар әулеті атанып, билік құра бастады. Петр І-нің қызы Аннаның баласы Петр ІІІ деген атпен 1761 — 62 ж. таққа отырды. 1762 — 96 ж. оның әйелі Екатерина ІІ (Анхельт-Цербстская деген неміс ханшайымы), 1796 — 1801 ж. осы патшайымның баласы Павел, 1801 — 25 ж. Александр І, 1825 — 55 ж. Николай І, 1855 — 81 ж. Александр ІІ, 1881 — 94 ж. Александр ІІІ билік құрды. Романовтар әулетінің ең соңғы өкілі Николай ІІ таққа 1894 — 1917 ж. отырды. Ол 1917 ж. Ақпан революциясы нәтижесінде биліктен айырылып, 1918 ж. 16 шілдеде Екатеринбургте тергеусіз, сотсыз отбасымен большевиктердің қолынан опат болды. Әулеттің аман қалған үрім-бұтақтары шет елдерде тұрады. 1731 ж. Кіші жүздің бір бөлігі Ресейге бодан болған соң-ақ қазақ ақсүйектері де Романовтар әулетіне ант бере бастады. Олар 18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың басында қазақ билеушілерін арнайы грамотамен бекітіп отырды. 1822 — 24 және 1867 — 68 ж. жүргізілген реформалар нәтижесінде қазақ билеушілері саяси биліктен мүлдем шеттетіліп, болыстық дәрежеге дейін төмендетілді.
...