Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ағылшын алфавиті және үш әріптен тұратын жабық буынды сөздерді оқып үйрену

Автор:   •  Апрель 3, 2019  •  Творческая работа  •  595 Слов (3 Страниц)  •  3,591 Просмотры

Страница 1 из 3


       
Ағылшын алфавиті және үш әріптен тұратын жабық буынды сөздерді оқып үйрену.

Ағылшын тілі алфавиті 26 әріптен тұрады. 21 дауыссыз (қоңыр түспен жазылған), 5 дауысты (қызыл түспен жазылған) дыбыс бар. Көкпен жазылған W (дабл ю) және Y (уай) дыбыстары кейде дауыссыз, кейде дауысты бола алады.  Бұл әріптерді міндетті түрде жазылуымен/айтылуымен жаттап алуларыңыз керек!

Жабық буын дегеніміз дауыссыз дыбысқа аяқталатын буындар.

  • "A" әрпі жабық буында [ә] болып оқылады.
  • "Е" әрпі жабық буында [э] болып оқылады.
  • "I" әрпі жабық буында [и] болып оқылады.
  • "О" әрпі жабық буында [о] болып оқылады. Қазақша о емес, о мен ұ әрпінің қосылған түрі сияқты.
  • "U" әрпі жабық буында [а] болып оқылады.

        Төрт әріптен тұратын ашық буынды сөздерді оқып үйрену.  Ашық буын дегеніміз - дауысты дыбысқа аяқталатын буындар.

  • Ашық буында "A" әрпі алфавиттегідей [эй] болып оқылады, сөз соңындағы "e" әрпі оқылмайды.  Мысалы: Tape [тэйп], Wave [уэйв]
  • "S" әрпінен кейін e, y, i әріптері келетін болса [з] деп оқылады. Басқа уақытта [с] деп оқылады.  Мысалы: Case [кэйз], Base [бэйз]
  • "G" әрпінен кейін e, y, i әріптері келетін болса [дж] деп оқылады, басқа уақытта [г] деп оқылады.  Мысалы: Cage [кэйдж]
  • "C" әрпінен кейін e, y, i әріптері келетін болса [с] деп оқылады, басқа уақытта [к] деп оқылады.  Мысалы: Face [фэйс]
  • "E" әрпі ашық буында алфавиттегідей [и] болып оқылады, соңғы "e" әрпі оқылмайды.
  • "О" әрпі ашық буында алфавиттегідей [оу] деп оқылады, соңғы "e" әрпі оқылмайды.
  • "U" әрпі ашық буында алфавиттегідей [ю] деп оқылады, соңғы "e" әрпі оқылмайды.

Екі әріп - бір дыбыс, бір әріп - екі дыбыс.  Ол қандай әріптер екенін сабақ барысында түсінесіздер.

  • Бір әріп екі дыбысты құрайды: "X" әрпі [кс] дыбысын береді.
  • Екі әріп бір дыбысты білдіреді.
  • "ck" әріптері бірге тұрса [к] дыбысын береді.
  • "ch" әріптері қатар тұрса [ч] дыбысын береді.
  • "Sh" әріптері қатар тұрса [ш] дыбысын береді.
  • "ng", "nk", "th", "y" əріптерінің оқылуын үйрену.
  • "ng" əріптері қатар тұрса [ң] дыбысын береді.
  • "nk" əріптері қатар тұрса [ңк] дыбысын береді.
  • "th" əріптері қатар тұрса екі түрлі дыбыс беруі мүмкін.
    1) Сақау [з]
    2) Сақау [с]
    Қай кезде қай дыбысты беретініне нақты ережесі жоқ, сол себептен сөздерді оқылуымен қосып жаттап алу керек.

1) Сақау [з] дыбысын беретін сөздер. Бұл дыбысты дұрыс айту үшін тілді астыңғы жəне үстіңгі тістердің арасына қойып [з] деп айтамыз.

2) сақау [с] дыбысын беретін сөздер.

  • "y" əрпі ашық буында немесе бір буынды сөздерде сөз соңында тұратын болса [ай] дыбысын береді.
  • "y" əрпі жабық буында [и] деп оқылады, орысша [ы] дыбысына ұқсас жуандау болып айтылады.
  • "y" əрпі сөздің басында немесе дауыссыз дыбыс қызметін атқарса [йы], [йі] дыбыстарын береді.

Сөз соңындағы -s жалғауының əр түрлі оқылуын үйренеміз.

1) Көпше түрді білдіретін -s жалғауы қатаң дауыссыз дыбыстан кейін келсе [с] болып оқылады.

Қатаң дауыссыз - глухие согласные

2) Көпше түрді білдіретін -s жалғауы ұяң дауыссыз дыбыстан кейін келсе [з] болып оқылады.
Ұяң дауыссыз - звонкие согласные

...

Скачать:   txt (6.2 Kb)   pdf (104.7 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club