Қатты қорытпалы және алмас коронкаларының құрылысын оқып үйрену
Автор: Nurdaulet Ulykpanov • Октябрь 12, 2018 • Реферат • 5,081 Слов (21 Страниц) • 1,360 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
ҰҢҒЫМАЛАР БҰРҒЫЛАУ
пәні бойынша зертханалық жұмыс
Актау 2018
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1
ҚАТТЫ ҚОРЫТПАЛЫ ЖӘНЕ АЛМАС КОРОНКАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЗЕРТТЕУ
Жұмыстың мақсаты:
- Қатты қорытпалы және алмас коронкаларының құрылысын оқып үйрену.
- Екі түрлі коронкалардың құрылысындағы ерекшеліктерді анықтау.
Теориялық түсіндіру:
Бұрғылау коронкасы, бұрғы қашауының бір түрі болып табылады. Олардың көпшілігінің қашаудан негізгі айырмашылығы ұзындық өлшемінің аздығы болып табылады. Бұрғылау коронкасы керн алу үшін (барлама бұрғылауда) қажет; сонымен қатар бұрғылау коронкасының көмегімен түпті жаппай бұрғылау(мысалы, шпур, диаметрі аз, кейде төмен жаратын ұңғылар) жүргізіледі. Тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттеріне байланысты, қатты қорытпалы және алмас коронкаларын қолданады.
Қатты қорытпалы коронкаларды қаттылығы орташа тау жыныстарын бұрғылағанда пайдаланады. Олар металл керамикалық қатты қорытпалы ВК-6 и ВК-8 кескіштерімен қапталады. Сазды, борлы, цементтілігі төмен құмтастарды, гипстерді және мергелдерді бұрғылағанда қабырғалы қатты қорытпалы коронкаларды (1 сур. а), ал алевролитті, аргиллитті, сазды және құмды тақта тасты, ізбес тасты бұрғылағанда кескіш коронкаларды (1 сур. б) қолданады. Өздігінен қайралатын қатты қорытпалы коронкалар (1 сур. в) құмтас, құмды тақта тас, базальт, габбро секілді абразивті тау жыныстарын бұрғылауға арналған.
Қатты қорытпалы коронкалар
1 сурет. Қатты қорытпалы коронкалар: а — қабырғалы (1 — тұлға, 2 — қабырға); б — кескіш (1 — тұлға, 2 — кескіш); в — өздігінен қайралатын (1 — тұлға, 2 — өздігінен қайралатын кескіш).
Алмас коронкаларды берік тастақ жыныстарды бұрғылау кезінде қолданады. Коронка алмас ұстайтын металлкерамикалық жұмыс бөлігінен (матрица) және болат тұлғадан тұрады. Матрица мен тұлға дайындау кезінде бір бірімен мықты етіп қосылады. Матрицаның беріктігі тау жыныстарының абразивтілігі және қаттылығына байланысты (10 - 50 HRC аралығында) жиналып алынады.. Коронкаларды қаптау үшін «борт» алмастарын қолданады. Алмас коронкалары айналу жылдамдығы 500—1500 айн/мин және коронкаға түсетін осьтік салмақ 6—12 кН (600—1200 кгс) аралығында болғанда тиімді жұмыс жасайды.
Бақылау сұрақтары:
- Бұрғылау коронкалары дегеніміз не?
- Бұрғылау коронкаларының қандай түрлерін білесің?
- Қатты қорытпалы және алмас коронкаларының айырмашалақтары қандай?
- Алмас коронкалардың артықшылығы қандай?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2
ШАРЛЫ ЖӘНЕ ҚАЛАҚШАЛЫ ҚАШАУЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЗЕРТТЕУ
Жұмыстың мақсаты:
1. Шарлы және қалақшалы қашаулардың құрылысын оқып үйрену.
- Екі түрлі қашаудың құрылысындағы ерекшеліктерді анықтау.
Теориялық түсіндіру:
Қашау - ұңғыма забойында оның енуі кезінде тау жыныстарын механиқалық талқандауға арналған бұрғылау кұрал-сайманы.
Жыныстарға әсер ету сипаты бойынша қашауларды томендегідей жіктеуге болады:
1. Кесіп-опыратын қашау — қалақшалық қашаулар (2-сурет), қатгмлыкы ұлкен емес және жемірлігі аз тұтқыр және пластиқалык жыныстарды (тұтқыр саздар, беріктігі аз сазды тақтатастар және т.б.) бұрғылауға арналған.
2. Ұсатып-опыратын қашау — шарлы қашаулар (3-сурет), орташа қаттылықтағы, қатты, мықты және өте мықты абразивсіз және абразивтілігі аз жыныстарды бұрғылауға арналған.
3. Кесіп-қажайтын қашаулар— алмастык және қатты қорытпалы жыныс бұзушы қосымшалары бар қашаулар. Олар орташа қаттылықтағы жыныстарды, сонымен қатар жоғары пластикалық тұтқырлығы аз жыныстардың орташа қаттылықтағы, тіпті абразивтілігі аз қатты жыныстармен кезектесіп келетін жынысғарды бұрғылауға арналған.
Бұрғылау қашаулары тағайындалуы бойынша үш түрге бөлінеді:
...