Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өзара ауыстырымдылық туралы негізгі түсініктер

Автор:   •  Октябрь 26, 2022  •  Реферат  •  1,036 Слов (5 Страниц)  •  466 Просмотры

Страница 1 из 5

3 Өзара ауыстырымдылық туралы негізгі түсініктер

Жұмыстың мақсаты:“Технологиялық машиналарды монтаждау және пайдалану” пәнін игеру барысында өзараауыстырымдылық туралы негізгі түсініктерді игеру және оларды анықтау.

Мазмұны: Өзара ауыстырымдылық дегеніміз бөлшектердің, қосылыс бірліктердің жөндеу кезінде реттеусіз, таңдамай, қиыстырып келтірмей затқа тиісті талаптарда сәйкес барлық сапа көрсеткішін қамтамасыз ететін қасиет. Өзара ауыстырымдылық бөлшектер қосылыс бірліктердің элементтерінің барлық геометриялық және физико-химиялық параметрлері алдын-ала анықталған шектерді дайындау кезінде қарастырылады.

Өзара ауыстырымдылық нышандарын қолданудың негізгі жетістіктері:

  • жинау  процесстерінде еңбекшымдылықты азайту;
  • өндірісте мамандайту және кооперациялардың кең түрде қолдануда;
  • дайындау және жинау үрдістерінде жұмысты автоматтандыру, сол арқылы технологиялық прогрессивті тәсілдерді енгізу;
  • затты жөндеуді тез, арзан және жеңіл өткізу мүмкіншілігі.

Өзара ауыстырымдылық толық,толық емес және топты түрде болады.

Толық түрде барлық параметрлер толық сақталады. Толық емес түрде өзара ауыстырымдылық мүмкіндік есептерге негізделеді. Топты түрде бөлшектерді топқа бөлумен өзара ауыстырымдылық орындалады, бұл жөндеу кәсіпорындарында қолданылады.

 Өзара ауыстырымдылық сыртқы және ішкі түрде болады.

Сыртқы өзара ауыстырымдылық нышандарына пайдаланулық көрсеткіштер, өлшемдерді және қосыларын беттердің пішіні жатады. Мысалы: эл.қозғалтқышта-біліктің айналу жылдамдығы және қуаты; теңселу ішпектерінде-сыртқы сақинасын сыртқы диаметрі және ішкі сақинаның ішкі диаметрі және айналу дәлдігі.

Ішкі өзара ауыстырымдылық затқа кіретін бөлшек, қосылыс бірлік, механизмдерге қатысты болады.

“Білік” және “Тесік” туралы түсініктер.

Білік дегеніміз бөлшек элементтер және қосылатын өлшемдердің шартты түрде қабылданған сыртқы (қапталынатын) бетте қолданатын термин.

Тесік дегеніміз бөлшек элементтері және қосылатын өлшемдердің шартты түрде қабылданған ішкі (қаптайтын) бетте қолданылатын термин.

Осы өлшемдер цилиндр емес элементтерге де қолданылады. Өлшемдер мөлшеріне байланысты номиналды, нақтылы және шекті түрде болады.

Номиналды өлшем дегеніміз бөлшектің ауытқуын есептеу бастауы ретінде қабылданып шектік өлшемдерді анықтайтын өлшем, номинал өлшем затты дайындау кезінде түрлі конструктивтік, технологиялық, эстетикалық және т.б. шарттарды ескере отырып кинематикалық, динамикалық және беріктік есептерін орындау барысында қабылданады номинал өлшем стандартпен МЕСТ 6636-69 өлшемдер қатары Ra5,Ra10,Ra20,Ra40 және Ra80 болады.

Номинал өлшемді тағайындағанда реттегі ірісіне артықшылық беріледі, мысалы: Ra5 тен Ra10, Ra10 тенRa20 т.б.

Нақтылы өлшем дегеніміз өлшеуіш құралдары арқылы тағайындалған өлшем, қысқа өлшеуіш құралдың қате жібергіштік шектігі ескеріледі. Нақты қабылдау үшін бірнеше рет өлшеу керек. Өлшеуіш құралдың өлшеуіш дәлдігі дайындағанда МЕСТ 8.051-81 белгіленеді.

Шектік өлшем дегеніміз нақты өлшемнің екі шекті мүмкіндік өлшемдер аралығы. Үлкені шектің өлшемнің ең үлкені, ал ең кішісі болады.

Шектік өлшенің max мәні «білік» үшін ең жоғарғысы, «Т» үшін ең төменгі мөлшері,  min мәні «Б» үшін ең төменгі, «тесік» үшін ең жоғарғы болады.

    max мәні-өтетін шектік (Бmax+Tmin)

    min мәні-өтпейтін шектік (Бmin+Tmax)

Нақты өлшемді шекті өлшемдермен салыстыру арқасында бөлшек элементтерінің жарамдылығын анықтауға болады.

Шектік өлшемдер бөлшек қосылыстарының сипаттайтын және олардың дайындауда мүмкіндік дәлдік еместігін анықтайды, осы жағдайда шектік өлшемдер номиналды өлшемнен аз немесе көп болуы, немесе олармен үйлесімді болуы мүмкін.

Тесіктер үшін беттердің көбірек шығып тұратын нүктелерімен тесікте тығыз түйісуді қамтамасыз ету үшін (қосылатын бөлшек мөлшері идеалды геометриялық пішінде тесікке саңлаусыз орналасады) дұрыс цилиндрдің ең үлкен диаметрі өтетін шектіктен кем болмауы керек.

...

Скачать:   txt (15 Kb)   pdf (210.4 Kb)   docx (117.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club