Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дін негізгі түсініктер

Автор:   •  Ноябрь 11, 2021  •  Лекция  •  1,155 Слов (5 Страниц)  •  1,238 Просмотры

Страница 1 из 5

1.Дін негізгі түсініктер.

Егер біз білім алуға заң жүзінде міндетті болсақ, діни ұйымдарға мүше болу әркімнің өз еркінде. Сөйтсе де АҚШ-та көптеген адам қандай да бір дінді ұстанады және діндарлар - қоғамның маңызды қүрамдас бөлігі. Дін саясатпен және мәдениетпен біте қайнап, ықпалдастықтармен (интеграция), шиеленістермен (конфликт) тығыз байланыста болады.

Дін дегеніміз - құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдас- тыққа біріктіретін, тылсым да қасиетті дүниелермен байланысты нанымдар мен тәжірибе жүйесі. Дін әлемде болып жатқан оқиғаларды тылсым күштерден деп түсіндіретін сенім жүйесінен (тұрғылықты африкалықтардың діні сияқтылар) тұрады. Бірақ тылсым мен қасиетті дегендерді қарастырмайтын марксизм мен ғылым сияқты сенім жүйесі бұған кірмейді. Дінді зерттейтін әлеуметтанушылар оған құндылықтар жиынты- ғы ретінде қарайды. Бірақ ол Құдай бар ма, жаныңды құтқаруға бола ма және хақ дін қайсы деген сияқты түсініктердің шынайы не жалған- дығына жауап іздемейді. Әлеуметтанушылар дінге мәдениеттің, қоғам- ның және өзге де әлеуметтік күштердің әсер ету жолдарын, сондай-ақ діннің адамдар мен әлеуметтік құрылымдарға ықпалын зерттейді.

Дін бізге бақылай алмайтын және түсінігімізге сыймайтын оқи- ғаларды түсініп, қабылдауға көмектеседі. Торнадо қурғақшылық және жұт белгілі бір үлкен күшке жатқызылғанда маңыздырақ бола гүседі. Сенім мен рәсімдер осы үлкен күшті бақылай алатын немесе тыныштандыра алатын тәсіл ретінде дамиды, нәтижесінде белгісіз құбылысқа жауап ретіндегі әрекетке айналады. Жаңбыр биі жаңбыр- ды шақырмауы мүмкін, дұға бағыштасақ та егін жақсы шықпауы ықтимал, бірақ екеуі де түсініксіз және тылсым қүбылысқа қарсы тұратын адамдарға таныс әрі тыныштандыратын әрекет. Діни сенім мен рәсімдер дұрыс я бұрыс болсын адамдарға күтпеген жағдайларды өткеруге көмектеседі.

2. Дінді әлеуметтанулық талдау.

Басқа әлеуметтік құрылымдардың зерттелуі сияқты дінге қатысты да түрлі әлеуметтанушылар әрқилы теориялық көзқарастар ұсынады. Бұл - келесі тараудың тақырыбы. Құрылымдық функцияшылдар діннің жеке адамдар мен қоғам үшін атқаратын қызметін зерттейді. Конфликтология теорияшылары дінніц әлеуметтік шиеленісті тудыруын немесе тежеуін саралайды. Үшінші топтағылардың тұрғысы ата лмыш екі көзқа- расты Макс Вебердің (Max Weber) жұмысымен байланысты біріктіреді.

Дюркгейм: діннің құрылымдық- функциялық теориясы

Дінді құрылымдық-функциялык; тұрғыдан зерттеу Эмиль Дюрк- геймнің (Emile Durkheim) еңбегінен бастау алады. Дюркгейм өзінің саралау жұмысын өзі діннің қарапайым түрлері деп атаған, барлық діндерді топтастыратын негізгі үш элементті анықтаудан бастады.

Діннің қарапайым түрлері

Біріншіден, діннің бәрі адам тәжірибесін қасиетті және қарабайыр (профан) деп екіге бөледі. Қарабайыр дегеніміз - күнделікті өмірде өздігінен болатын және әдепкі әрекет ретінде көрінетін барлық нәр- селер. Әдетте олар бізге таныс, біз оларды бақылап, оған айла-шарғы- ларымызды жасай аламыз. Қасиетті, керісінше, біз бақылап, түсіне алмайтын, қорқыныш пен табыну сезімін оятатын құбылыстар мен дүниелер. Екіншіден, барлық діндер адамдарға туу, өлу, жарату, жетістік, сәтсіздік және дағдарыс тәрізді құбылыстарға байланысты құпиялар- ды түсінуге көмектесетін тылсым күштер туралы сенімдерді ұстана- ды. Бұл сенімдер ресми діни доктриналардың негізін қалайды. Үшіншіден, барлық дінде рәсімдер бар. Қазіргі христиан дінінде дүниеге келу, өлу, үйлену, Исаның тууы және қайта тірілуі сияқты оқиғалар рәсімдермен өткізіледі. Бағзы замандарда көптеген хрис- тиандар егін егу және жинау кезінде діни рәсімдер жасайтын болған. Мұндай рәсімдер кейбір діндерде әлі де бар.

Маркс және басқалар: конфликт теориясы және дін

Дюркгейм сияқты Маркс та дінді дәстүрдің қолдаушысы ретін- де көрді. Бұл қолдау жаншылған кедейлер күреспей шыдауы керек (Құдайдың мейірімі түскен кедей мен жуас және т.б.) және әрбір адам патшаның Құдайдай құқы барына сене отырып, теңсіздікті мойын- дап, салық төлеуі керек (Цезарьға беру) деген ұйғарымдар арасында ауытқып тұрады. Маркс гың Дюркгеймнен айырмашылығы діннің дәстүрді қолда- уын кері әсерде түсіндіреді. Маркс дінді халыққа арналған есірткі деп санайды. Жогары тап өкілдері кедейлердің бұл дүниедегі қаналуын байқатпау үшін, олардың ойын өлімнен кейінгі өмірге аударады. Бұл тұжырымды объективті және құрылымдық-функциялық теориядан құнды деп айта алмайсыз. Өйгкені ол - дін доктринасының ақиқат не жалған екендігін саралайды. Заманауи конфликт теориясы Маркс түжырымының шеңберінен асып кеткен. Оның қосқан негізгі үлесі - әлеуметтік топтар арасын- дағы қақтытыстарды басу немесе тірлікке ынталандырудағы діннің рөлін анықтауы. Дін Иракта сүннит және шейіт мұсылмандар ара- сындағы, Ирландияда католиктер мен протестанттар арасындагы және басқа да мемлекеттердегі қақтығыстарға себеп болды. Ал енді бір жағынан, мұсылмандар, христиандар, индуистер және басқа діни бір- лестіктер кедейлерді өз тағдырын қабылдауға шақырғанда және бар- лығымыз Құдайдың жаратқан пенделеріміз деп уағыз айтқанда діни қақтығыстарды азайтты. Қақтығыстарды азайтса да, көбейтсе де дін билік үшін күресте топтардың құралы болды және бола алады. Маркс дін әрдайым қаналған тапты ұстап тұруға көмектесе алады деп сенген. Ал біз бүгінде сол қаналған тап - дінді өз әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін дол- дана алатынын білдік. Оған бір мысал - афроамерикалық шіркеулер мен олардың Әулие кіші Мартин Лютер Кинг сияқты жетекшілерінің АҚШ-тағы азаматтық құқық үшін күрестегі рөлі. Конфликт теориясының дінді зерттеуге қосқан тағы бір үлесі - қалыптасқан институттар арасында қарама-қайшылықтар пайда болатыны және олардың өзгерістерге алып келетіні туралы диалек- тикалық идея. Негізінен, конфликтология теорияшылары қоршаған ортадағы әлеуметтік өзгерістер сол қоғамдағы діни қауымдастықтар- дың да өзгеруіне алып келеді деп жорамалдайды. Мысалы, әйелдер- ге деген көзқарастың өзгеруі Реформашыл Еврейлерге, Методистерге және басқа реформаларға алып келді. Осылайша, әйелдер министр немесе раввин (еврейлердің діни қауымының рухани басшысы) болып қызмет етуге құқық алды. Сонымен қатар конфликтология теорияшылары діндегі өзгерістер үлкен әлеуметтік өзгеріске себеп болады деп тұжырымдайды. Мысалы, АҚШ-тағы испан тілді қауым- дастықта евангелие шіркеулерінің (дәстүрлі католиктік) көбеюі латынамерикалықтардың тиімді саяси лобби ұйымдастыруында маңызды рөл атқарды. 2006 жылдың наурыз айында басым бөлігі ла- тынамерикалықтар мен біраз евангелие христиандарынан құралган 500 000-нан астам адам анти-иммиграциялық заңнамаларға қарсы шеруге шықты. Қарсылық танытып шыққандардың көбі шеру жай- лы евангелие қызметкерлерінен естіген.

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   pdf (87.9 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club