Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Автор: whaleinsky • Декабрь 13, 2018 • Реферат • 655 Слов (3 Страниц) • 1,791 Просмотры
Реферат
Тақырыбы:Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Дайындаған:Султангалиева Аделя
Тексерген:
2014жыл
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899
жылы наурыз айының 30-нда Павлодар
облысының Баянауыл ауданындағы қазір
өз есімімен аталатын ауылда дүниеге
келген. Жас Қаныш мектептегі оқуын ой-
дағыдай тәмамдағаннан кейін елде біраз
қызмет істейді де, 1926 жылы Томск тех-
нологиялык, институтының тау-кен фа-
культетін геология-барлау мамандығы
бойынша бітіреді. Сөйтіп, Қарағанды об-
лысындағы Қарсақбай кенішінде инже-
нер болып жұмысқа кіріседі. Сол тұста-
ак, ол геология ғылымы саласына біржо-
ла бет бұрады.
Енді Қ. Сәтбаев минералдық шикі-
заттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай си-
яқты аймақтарға ерекше назар аудара
зерттейді. 1927-28 жылдары Жезқазған,
Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары,
Қарағанды көмір бассейні және Қара-
тау полиметалл кендері жөнінде ғылы-
ми маңызды еңбектер жариялайды.
Осыдан соң Атасу темір-марганец кен-
дерінің негізінде Қарағанды облысында
қара металлургия өндірісін дамыту
жөнінде мәселе көтереді. Ал 1940 жылы
Қ Сәтбаевқа Жезқазған-Ұлытау аудан-
дарында жүргізген аса маңызды геоло-
гиялық зерттеулеріндегі көрнекті ғылы-
ми жетістіктері үшін ресми диссертация
қорғаусыз-ақ геология-минералогия
ғылымының докторы ғылыми дәрежесі
беріледі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ол
Қазақстан өндірісін стратегиялық шикі-
затпен қамтамасыз ету ісіне көп күш
салады. Ірі Никополь марганец кені неміс
фашистері уақытша басып алған аудан-
да болуы, Чиатура марганец кенінің қара
металлургия орталықтарынан үзіліп
қалуы, тағы басқа жағдайлар елімізде
танк бронын құюға аса қажет марганец-
ке тапшылық туғызған еді. Міне, осын-
дай қиын-қыстау шақта Қ. Сәтбаевтың
тікелей жетекшілігімен және өзінің қоян-
қолтық қатысуымен Жезді марганец кені
ашылады да өте қысқа мерзімде іске
қосылады Сөйтіп, Оралдың қара метал-
лургия өндірісі жеткілікті мөлшерде мар-
ганецпен қамтамасыз етіледі.
Қаныш Имантайұлы 1943 жылдан
КСРО ҒА-ның мүше-корреспонденті
бола жүріп Қазақстанда ғылымды дамы-
туға барынша мүш-жігер салады. Соның
нәтижесінде 1946 жылы Республика
Ғылым Академиясы жеке шаңырақ көте-
реді. Қ. Сәтбаев Академияның тұңғыш
президенті болады. Оның басшылығы
мен жүзеге асырылған аса маңызды
шарапардың бірі - Қазақстан экономи-
калық аудандарының өндіргіш күштерін
тереңдете зерттеу және оларды кешенді
игеруге бағытталған Ғылым Академия-
сының көшпелі сессияларының өтуі.
Мұндай сессиялар Алтайда, Солтүстік,
Батыс, Оңтүстік және Орталық Қазақ-
станда өткізілді. Бұл салиқалы
мәжілістерге өндірістегі жетекші маман-
дар кеңінен қатыстырылып отырды. Он-
дағы мақсат - ғылым мен техниканың
ынтымағын, тығыз байланысын күшей-
ту. Бір жағынан ғылымның ең соңғы жа-
ңалықтарын өндіріс тәжірибесіне енгізу
болса, екінші жағынан өндірістің аса бай
практикалық тәжірибесіндегі деректерді
жинақтап, талдап, қорытындылау, ең
әрісі даусыз ақиқат деп саналып жүрген
теориялық қағидалардың өзіне түзету-
лер енгізу көзделген.
1950 жылдардың басында Қ. Сәтба-
ев және оның шәкірттері отандық гео-
логия ғылымының аса маңызды туынды-
ларының бірі - Сарыарқаның (Орталық
Қазақстанның) кешенді металлогендік
және болжамдық картасын жасауға
кірісті. Келемі 1 млн шаршы шақырым
жерді қамтитын Сарыарқа сияқты аудан-
...