Тұқым қуалайтын дерматоздар (ихтиоз, туа пайда болған буллезды эпидермиолиз) Этиологиясы, патогенезі, клиникасы
Автор: jadi • Февраль 16, 2018 • Реферат • 983 Слов (4 Страниц) • 1,675 Просмотры
РМҚК «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті»
Интерннің өзіндік жұмысы
Мамандығы:Жалпы тәжірибелік дәрігер
Кафедрасы:№2 Жалпы тәжірбиелік дәрігер
Дисциплина:Дерматовенерология
Курс:6
Тақырыбы:Тұқым қуалайтын дерматоздар (ихтиоз, туа пайда болған буллезды эпидермиолиз) Этиологиясы, патогенезі, клиникасы. Тұқым қуалайтын дерматоз кезіндегі ересектер мен балаларда амбулаторлы жағдайда жүргізу тактикасы, ажырату диагностикасы.
Орындаған: Жәрдемхан Нұрбек.
Группа:635
Ақтөбе қ., 2016 ж.
Жоспары:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
а)дерматоздар туралы жалпы түсінік.
б) ихтиоз этиологиясы, патогенезі.
в) буллезды эпидермиолиз.
3.Қорытынды
Дерматоздар - деп әртүрлі туа біткен және жүре пайда болған тері және оның қосалқыларының дерттік жағдайларын айтады. Бұл түсінік терінің дистрофиялық, қабынулық, инфекциялық, тұқым қуалайтын және басқа бүліністерін біріктіреді. Дерматоз атаусөзі тері ауруларының жекелеген түрлеріне және олардың топтастырылған (мәселен, «дерма-титтер», «микоздар», «дерматозооноздар» т.б.) түрлеріне бірдей қолда-нылады. Кейбір жұқпалы аурулар (бөртпе сүзек, жәншау, қызылша, гепатит т.б.) кездерінде теріде байқалатын бөртпелер дерматоздарға жатпайды.
Этиологиясы. Біршама дерматоздар тұқым қуалау арқылы ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Бұл тұқым қуалайтын дерматоздардан туа біткен дерматоздарды ажырату қажет. Соңғылары баланың құрсақ ішінде уыттануынан, жұқпалануынан, қан айналымының бұзылыстарынан пайда болады және ұрпақтан ұрпаққа тарамайды.
Дерматоз дамытатын себепкер ықпалдар экзогендік және эндогендік болып бөлінеді.
Экзогендік себепкер ықпалдардан дамитын дерматоздардың пайда болу ерекшелігі болып бұл ықпалдардың тұтас организмге әсер етулерінен дамуы есептеледі. Жұқпалар организмге қоршаған ортадан тікелей тері немесе тыныс алу, ас қорыту жолдары арқылы түседі. Кейде дерматоз дамуына терінің қорғаныстық қабілетін төмендететін бір себепкер ықпалдың әсері жеткілікті болады. Мәселен, қатты үйкелеу, күйік, үсік, ультракүлгін және иондағыш сәулелердің көп мөлшері, қою қышқылдар мен сілтілер, қышыма қотыр кенесі енуі кездерінде.
Көпшілік жағдайларда дерматоз дамуы үшін организмнің реактивтілігін төмендететін және қорғаныстық тетіктерін әлсірететін қосымша себепкер ықпалдар қажет болады. Мәселен, терінің ластануы, майда жарақаттар болуы пиодермия немесе микоздар дамуына бейімдейді. Теріде қан тамырларының бұзылыстары оның физикалық ықпалдарға төзімділігін азайтады, терінің өткізгіштігі көтерілуі химиялық заттардың және жұқпалардың тері қабаттарына жеңіл өтіп кетуіне, диабет кезінде тері арқылы глюкоза шығарылуы микробтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туындатады. Денеде орныққан жұқпалар (мәселен, бадамша бездерде, тістерде, өт жолдары мен өт қабында жұқпалардың болуы) жүйелік қызыл жегі, терінің аллергиялық васкулиті дамуына әкеледі. Организмде зат алмасуларының бұзылыстары, витаминдердің тапшылығы дерматоздар дамытады. Организмде нәруыздар алмасуының бұзылыстарынан терінің айқын өзгерістеріне әкелетін подагра, амилоидоз, порфирия және басқа аурулар пайда болады.
...