Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттердің пайда болу ерекшеліктері

Автор:   •  Февраль 6, 2019  •  Реферат  •  2,393 Слов (10 Страниц)  •  1,026 Просмотры

Страница 1 из 10

        Қазақстан Республикасының Білім және  ғылым министрлігі

                                    «Қаржы  академиясы»  АҚ

                                           [pic 1]

                                                     

           РЕФЕРАТ

           Тақырыбы: Мемлекеттердің пайда болу ерекшеліктері

       

                                                       

                                                             Орындаған: Куанышбаева Р.Б.  ФК-11  

                                                             Тексерген: Какимжанова Н.Т.

                                              Астана,  2019

                         Мемлекеттердің пайда болу ерекшеліктері

    Жоспары:

1. Мемлекет ұғымы туралы түсінік.

2. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.

3. Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы.

     Мемлекет жайлы сөз қозғамас бұрын оның қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өткен жөн, себебі, қоғам саналы адамдардың ерікті түрде біріккен тобы болғандықтан, ол өз ішіндегі тәртіпті қамтамасыз ететін арнайы күштің болуын қажет етеді. Бұл арнайы күш қоғам мүшелерінің арасындағы тәртіпті ғана емес оның ары қарайғы даму бағытын да айқындауға міндетті болады, бұл күш мемлекет деп аталады. Мемлекет дегеніміз – өзіне тән басқару аппараты бар, қолында мәжбүрлеуші билікті шоғырландырған, қоғамды ұйымдастыратын және басқаратын арнайы саяси ұйым.

     Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4-5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын қоныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп болжалатын «ақылды адам»  қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мыңжылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дуниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адамдар мемлекетсіз өмір сүрді деп болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандық туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізінде, тобыр, топ болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық немесе рулық құрылыс кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде мемлекет пен құқық әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан алғашқы қауымдық немесе рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынас жасы үлкендердің, туысқандардың, көсемдердің, ру, тайпа басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, реттеліп отырылды.

    Мемлекеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардың қажеттіліктерді қанағаттандырудан туындайтын іс-әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею заңы жатыр. Еңбектің немесе іс-әрекеттің  осындай сал-салаға таралуы қоғамдағы адамдар арасындағы еңбек бөлінісіне, кәсіптің қалыптасуына, мамандықтың тууына, біліктіліктің, дағдының, әдеттің, ептіліктің, іскерліктің, шеберліктің, машықтылықтың жетілуіне әкелді. Осының нәтижесінде еңбектің белгілі бір түрімен айналысатын адамдардың үлкен топтары қалыптаса бастады (аңшылар, малшылар, егіншілер, қолөнершілер т.б.). Адамдар арасында әлеуметтік теңсіздік біртіндеп ұлғая түсіп, қоғам барынша күрделеніп оны басқаруды қалыптастырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің, бац мен кедей сияқты таптардың қалыптасуы, көшпеліліктен отырықшылыққа ауыс, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды. Жоғарыда айтылған әлеуметтік факторлармен қоса мемлекеттің пайда болуының демографиялық, психологиялық, геосаяси, жағрафиялық, этникалық т.б. сияқты факторлары бар.

...

Скачать:   txt (28.5 Kb)   pdf (174.4 Kb)   docx (63.3 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club