Саясат ұғымы, әдіс-тәсілдері мен қызметтері, парадигмалары
Автор: amangali1282 • Февраль 24, 2022 • Реферат • 1,531 Слов (7 Страниц) • 809 Просмотры
Ермекбай Қарақат 6В06101-топ
- Саясат ұғымы, әдіс-тәсілдері мен қызметтері, парадигмалары.
Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз – қоғамдағы үлкен əлеуметтік топтар мен топтар, ұлттар мен ұлыстардың мемлекет арасындағы, қарым–қатынас барысындағы өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған жəне оны қолдау тəсілдері жайлы əрекеттер жүйесі. Екінші сөзбен айтқанда саясат ұғымы қоғамның саяси саласындағы барлық құбылыстар мен үрдістерді, тенденцияларды бейнелейді.
Саясаттың қоғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп шығады:
Ø қоғамның жалпы мақсатын анықтау
Ø қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау
Ø қоғамдығы қатынастарды реттеу мен бөлу
Ø шешімдер қабылдау.
Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мəселесіне байланысты болуында. Саясат биліктің түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға жəне билікті қолдану əдісіне ықпал етіп отырады. Саясаттың өзекті мəселесі – белгілі идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Саясаттың ғылым ретінде қалыптасуына əсер еткен жағдайлар біріншіден, қоғамдық дамудың зандарының ашылуы жəне олардың саяси əрекеттерде басшылыққа алынуы. Екіншіден, əлеуметтік дамудың кез келген кезеңінде оның басты əлеуметтік күші тап болып есептеледі. Сол тап қана объективтік зандылықтарды өзінің практикалық қызметінде қолдана алады.Үшіншіден, саясаттың ғылым болуына ықпал ететін фактор – ол қоғамда нақтылы бір идеологияның бекітілуі жəне оның халық санасында орнығуы. Төртінші жағдай, ол саяси əректті жүргізетін ұйымдардың институттардың болуы. Ол үстем таптың ұйымы. Олай болса, осы ұйымдар таптың, жеке адамның мүддесін қорғау үшін белгілі ғылымға сүйенуі керек. Сонымен саясат ғылым ретінде – ол партия мен мемлекеттің мақсат міндеттері, зандылықтары, қозғаушы күштері, халық қызметінің негізгі мазмұны туралы логикалық бірліктегі білімдер жүйесі. Екінші сөзбен айтқанда неге саясат ғылым болады десек, өйткені ол қоғамның саяси өмірі жөніндегі ілім.
Саясатты ғылым ретінде танытатын ғылымның саласы – саясаттану болып табылады. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мəн-мағынасын түсініп білу үшін бірталай əдістерді пайдаланады. Əдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тəсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік жəне т. б. əдістер жатады. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, əлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялықпайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, əлеуметтік жəне тиімді – сыни деп бөлеміз
- Ежелгі Греция мен Рим ойшылдарының мемлекет туралы iлiмдерi.
Б.з.д. мыңжылдықтың басында Ежелгі Греция жеке жəне тəуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды. «Полис», -қала деген сөзден шыққан. Грек полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында əртүрлі əлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүрді. Ол кездегі басқару формасының негізгі түрлері мынадай еді: аристократия (ескі немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дəулеттілер тобы) жəне демократия (халық билігі). Б.з.д. VI-V ғғ. əртүрлі полистерде басқарудың өзіндік формалары пайда болып, одан əрі дамыды. Афинада демократия, Фивыда олигархия, Спарта мемлекетінде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгі Грецияның саяси ілімінде көрініс тапты. Ежелгі Грек полистерінде саяси көзқарастың пайда болуы мен дамуында 3 кезең айқын байқалады:
...