Өзінің жері туралы өлкетану əдебиетінің библиографиясы
Автор: aidanasartayeva • Сентябрь 19, 2020 • Творческая работа • 796 Слов (4 Страниц) • 660 Просмотры
1-сарамандық жұмыс
Тақырыбы: «Өзінің жері туралы өлкетану əдебиетінің библиографиясы»
Мақсаты: Өлкетану әдеби деректерін іздеу мен пайдаланудағы практикалық дағдыларды қалыптастыру, каталогтардың, әдебиет тізімімен, библиографиялық және анықтамалық басылымдардың әр түрімен жұмыс істеуді үйрену.
Тапсырма: өзінің жері жайлы келесі тақырыптардың біреуі бойынша әр түрлі деректер көзімен әдебиет тізімін құрастыру (40 атаудан аз емес):
- Табиғат
- Халық
- Шаруашылық
- Тарих
- Мәдениет
Тапсырма жеке – топтық ( топ 2-3 адамнан). Әдебиет тізімі тақырып бойынша 40 кем болмайтын әдеби, картографиялық, электронды деректер атауларын қамтуы тиіс. Жұмысты тапсыру кезінде іздеу әдісін айту қажет: әдебиет қандай кітапханаларда, каталогтарда табылған, тізімді құрастыру кезінде қандай библиографиялық деректер қолданылды.
Менің жауабым:
- Қарғалы- Жамбыл ауданының орталығы-Ұзынағаш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде, Ұзынқарғалы өзенінің бойында, Іле Алатауының баурайында орналасқан ауыл.
Қарғалы (Жамбыл ауданы) [Электронды ресурс]: Уикипедия. Тегін энциклопедия. – URL: https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Қарғалы_(Жамбыл_ауданы) (шағымдану күні: 18.09.2020).
- Ұзынқарғалы- Іле алабындағы өзен. Алматы облысында Алматы, Жамбыл аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 128 км, су жинау алабы 1070 км2.
Ұзынқарғалы [Электронды ресурс]: Уикипедия. Тегін энциклопедия. – URL: https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Ұзынқарғалы (шағымдану күні: 18.09.2020).
- Қарғалы таулары туралы ауыл мешітінің имамы- Сейітқали Ыбытаев былай дейді: «Бұл тау - Алатау, Хан тәңірінің жалғасы. Хан тәңірі дейді, немесе қазақтар бұрын бұл тауды Үйсін тауы деген. Тянь-Шань деп ол кейіннен аталған...»
Алматыдағы алла жазуы бар тау арабтардың таңдайын қақтырды [Электронды ресурс]: Интернет Портал Нур, 2009-2020. URL: https://kaz.nur.kz/1736525-almatydagy-alla-zazuy-bar-tau-arabtardy-tadajyn-kaktyrdy-foto.html (шағымдану күні: 18.09.2020).
- Майбұлақ мешіті. Қарғалыдағы мешітте «Бата сайысы» болып өтті [Электронды ресурс]: UZYN.KZ, 2018-2020. URL: https://uzyn.kz/қarғalydaғy-meshitte-bata-sajysy-bolyp-өtti-foto/ (шағымдану күні: 18.09.2020).
- Қарғалы шүберек(суконный) комбинаты-Қазақстанда ең бірінші ашылған шүберек(сукно) өндіру комбинаты. Қарғалы ауылының ескі атауы-«Фабричный» осы өндірістің арқасында бүкіл КСРО-ға əйгілі болған.
Старейшая фабрика Казахстана [Электронды ресурс]: Огни Алатау, 2011-2020. URL: https://ognialatau.kz/news/cat-12/9508/ (шағымдану күні 18.09.2020).
- Қарғалы тәтісі - Жетісуды мекендеген ежелгі үйсін тайпасының зергерлік бұйымы. 1939 ж. Қарғалы сайының бойындағы Мыңошақтыда жер қазу жұмыстары кезінде табылған.
Бернштам А. Н. Золотая диадема из шаманского погребения на р. Каргалинка / в сб.: Краткие сообщения о докладах и полевых исследованиях Института истории материальной культуры. — Москва: Москва-Ленинград, 1940. — С. 16-20.
- Қарғалы сайы Тянь-Шань тау жүйесінің бір тармағы болып есептелетін Іле Алатауының орталық бөлігінің батыс жағында орналасқан.
Каргалинское ущелье [Электронды ресурс]: Adrenalinic silence, 2015-2020. URL: https://adrenalinicsilence.kz/marshruty-i-karty/kargalinskoe-ushhele/ (шағымдану күні 18.09.2020).
- Ұзын Қарғалы шатқалы Іле Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Шатқалдың жотасы Қастек шатқалына өтеді.
Қарғалы шатқалы [Электронды ресурс]: Уикипедия. Тегін энциклопедия. – URL: https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Қарғалы_шатқалы (шағымдану күні 18.09.2020).
- Қарғалы сайында бір-бірінен биіктігі бойынша ерекшеленетін 5 су сарқырамасы бар. Солардың ішіндегі ең биігі-Ұзын Қарғалы сарқырамасы. Сарқыраманың биіктігі 20 метр.
Ущелье реки Узын Каргалы [Электронды ресурс]. Zhetysu Travel, 2020. URL: https://images.app.goo.gl/SCQLdj4g8AFFd7sN9 (шағымдану күні 18.09.2020).
- Қарғалы ауылының тұрғындары саны бірде өсіп, бірде кеміген. 1999 жылдан бастап халық саны тұрақты өсіп келеді-17501 адам. Соңғы халық санағы 2009 жылы өткізілген. Санақ бойынша ауыл тұрғындарының саны 20114 адамға жетіп, оның ішінде 9739-ер жəне 10375-əйел адам құраған.
Каргалы (Жамбылский район) [Электронды ресурс]: Уикипедия. Тегін энциклопедия. – URL: https://ru.m.wikipedia.org/wiki/Каргалы_(Жамбылский_район) (шағымдану күні 18.09.2020).
- Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігінің аэроғарыш комитеті төрағасы. 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев [Электронды ресурс]: Уикипедия. Тегін энциклопедия. – URL: https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Талғат_Аманкелдіұлы_Мұсабаев (шағымдану күні 18.09.2020).
...