Қазақстан республикасы территориясындағы шөлдену процесінің географиясы
Автор: tolegen.sara • Октябрь 22, 2018 • Реферат • 9,790 Слов (40 Страниц) • 1,478 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қазақстан республикасы территориясындағы шөлдену процесінің географиясы
Алматы, 2017ж
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................3
- Шөл және шөлейт зоналарының физикалық-географиялық жағдайы....4
- Шөлдену процесімен күресу жолдары......................................................8
- Шөлдену мәселелерінің қазіргі жай-күйі................................................10
- Топырақ экологиясы................................................................................18
- Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы....................................................22
- Қазақстандағы ормандардың экологриясы..............................................26
Қорытынды.......................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................31
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзекті мәселелері. Қазақстандағы шөлдену процесіне территориялық сипаттама беріліп, онымен күресу шаралары қамтылған. Қазақстан аумағы батысында Каспий теңізі мен Еділ сағасынан, Шығысында Алтай жоталарына дейін, ал солтүстігінде Орал таулары мен Батыс Сібір жазықтығынан, оңтүстігінде Орта Азия шөлдері мен Тянь-Шань қарлы шыңдарына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жатыр. Ғылыми жұмыста Қазақстанның далалық аймақтарындағы жер бедерінің құнарлылығын сақтау, түрлі антропогендік өзгерістердің нәтижесінде орын алып отырған шөлдену аймақтарының ұлғаюы, топырақ эрозиясының артуы және онымен күрес жолдары бүгінгі таңдағы бізді қоршаған ортаның ең өзекті бағыттары болып табылады.
Республикалық «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 2008-2014 жылдары елімізде барлығы 111 мың гектар жерге 44 млн түп ағаш отырғызылды.
Мыңдаған адамның еңбегі зая кетпей, көшеттер бүгіндері жайқалған орманға айналды. Осылайша Елорданы қоршап тұратын жасыл сақина да жүзеге асырылуда. Биыл егілген көшеттер мен жас ормандарды аралаған Парламент сенатының депутаттары «Жасыл елдің» тындырған жұмыстарына оң баға берді. ҚР Үкіметінің отырысында 2015- 2017 жылдары «Жасыл Ел» бағдарламасын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Жалпы елді көгалдандыру бағдарламасы 2020 жылға дейін арналған.
Жұмыстың жаңашылдығы. Қазақстанның климат ерекшеліктеріне баса назар аудыралып, статистикалық мәліметтерді пайдаланып, еліміздің шөл және шөлейт аймақтарының бай табиғатының ерекшеліктері сипатталынды. Мұнда құрғақ Орта Азия мен Қазақстанның шөл және шөлейттер кеңістігінің басты сипаттары талданып, ғылыми тұрғыдан жүйеленді. Қазақстандағы шөл және шөлейт аймақтарының ұлғаю себептері және онымен күрес жолдары басты назары болды.
Мақсаты. Қазақстандағы шөлді аймақтарда және шөлейттену процесі жүріп жатқан аймақтардың себептерін анықтап, оған қарсы сауықтыру шараларын жүргізу.
Жұмыстың міндеттері:
- Қазақстанның табиғат жағдайының қазіргі ахуалына баға беру;
- Қазақстандағы шөлдену процесі деңгейін айқындап, онымен пәрменді күрес жолдарын көрсету;
- Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалдарды сипаттап, оны жақсарту жолдарын ғылыми тұрғыдан тұжырымдау.
1.Шөл және шөлейт зоналарының физикалық-географиялық жағдайы
Шөлейт зонасы КСРО бойынша тұтас өңірді алып жатқан жоқ. Волгадан батысқа қарай шөлейттер Арал тәрізді жеке учаскелер түрінде кездеседі. Шөлейттің бір учаскесі Қырым түбегінде, Сиваш манында, екінші учаскесі — В. И.Ленин атындағы Волга-Дон каналынан оңтүстікке қарай Волга мен Дон аралығында, үшіншісі — Кавказ алды Кума-Терек ойпатында орналасқан. Волгадан шығысқа қарай шөлейт зонасы мемлекеттік шекараға дейін ені 200—400 км-дей болып созылып жатыр[1].
...