Тұтқырлығы жоғары және парафинді мұнайларды саңылаусыз жинау жүйесі
Автор: bekasansyzbay • Октябрь 5, 2023 • Контрольная работа • 585 Слов (3 Страниц) • 259 Просмотры
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Техникалық факультет
«Мұнай-газ ісі» кафедрасы
«Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау» пәнінен
№1 БОӨЖ
Тақырыбы: Тұтқырлығы жоғары және парафинді мұнайларды саңылаусыз жинау жүйесі
Мамандығы: 6В07202
Орындаған:Сансызбай Б.
Мейрамбекұлы Р
Тобы: НГДк – 401
Тексерген: Мерекеқызы А.
Ақтөбе 2023
Жоспар:
- Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
- Тұтқырлығы жоғары және парафинді мұнайларды саңылаусыз жинау жүйесі
- Мұнайгаз қоспаларын саңылаусыз жинау жүйесі.
- Жергілікті жер бедеріне байланысты саңылаусыз жинау жүйесі
1)Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ өнеркәсібінің даму болашағын Каспий теңізінің қайраңындағы (шелфіндегі) кен орындарын игерумен байланыстырады. Әлемде теңіз кен орындарын игерудің жеткілікті мол тәжірибесі жинақталған.
Суы таяз және тереңдеу болып келетін (яғни жағалауға жақын және одан едәуір қашық) аудандарда орналасқан теңіз мұнай газ кен орындарындағы ұңғы өнімдерін жинау және дайындаудың әртүрлі жүйелері бар. Теңіздегі кен орындарында ұңғыны бұрғылау, одан өнім алу, алынған өнімді (мұнай, газ және су) жинау және дайындау үшін әртүрлі гидротехникалық құрылым-жасақтары қолданылады. Олардың түрлерін таңдау көптеген себептерге байланысты болады.
2) Қазақстан Республикасында 30-дан астам жоғары парафинді және асфальтты-шайырлы мұнай кен орындары ашылған. Бұл кен орындарының қатарына: Өзен, Жетібай, Қаламқас, Құмкөл және т.б. жатады. Осы аталған кен орындарының мұнайы қату температурасы жоғары, жылжымалылығын тез жоғалтатын, бойындағы еріген парафиндерге, шайырларға, асфальтендерге қаныққан болып келеді. Мысалы, Өзен кен орынының мұнайы 300С-де баяу қозғалады.
Осындай мұнайды жинау және дайындау үшін шығару желісінде (П-1)
пеші, жинау коллекторында (П-2) және магистралды құбырларда (П-3) пештері орнатылады. Конструкциясы мен қуаттылығы бойынша олар бір-бірінен ерекшеленеді. Электрлі және мұнайдан айырылған газ арқылы жұмыс істейтін пештер қолданылады. Магистралды құбырларда пештер әрбір 100-150км қашықтықта орнатылады.
[pic 1] |
Сурет 1 - Жоғары парафинді мұнайды жинау жүйесі |
2. Мұнайгаз қоспаларын жинаудың саңылаусыз жүйесінің бірнеше түрі бар:
1) мұнай кен орындарының өлшеміне және пішініне (конфигурация-
...