Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің мамандығым

Автор:   •  Апрель 5, 2023  •  Реферат  •  417 Слов (2 Страниц)  •  214 Просмотры

Страница 1 из 2

                                                     Менің мамандығым

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Себебі, бұл болашағымызда үлкен рөл атқарады және өмірлік жолымызда көптеген мүмкіндіктер ашады. Сондықтан белгілі бір мамандыққа оқуға түсер алдында мұқият ойланып, сол мамандыққа деген сүйіспеншілікпен өзіңе деген сеніммен ой түйіндеген жөн.

Жалпы мен өзім жас түлек болғандықтан соңғы екі жыл өзімді қандай саладағы маман иесі ретінде көретінім туралы өте көп ойландым. Қолымнан не келетінін түсіне алмай толғандым. Басымдағы тек бітпей кеткен бір уайым мен қорқынышты ойлар маза бермеді. Сол кезде көзіме түскен мамандықты таңдай салғаннан кейін бұл сұраққа қайтып келмеуге тырыстым. Бірақ, уақыт өте келе бала кездегі арманым туралы ойлана бастадым.

Маған кішкентай кезімнен бері педагогика саласы қызық болатын. Оған қарамастан, бұл салаға деген құштарлығымды үлкен жауапкершілік алдындағы қорқыныш әсерінен жауып тастаған болатынмын. Өсе келе, санамда «жауапкершілік алудан қорықпау керегі дұрыс екен» - деген ой қалыптасты. Содан кейін мен болашақ мамандығым ретінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі мамандығын таңдадым. Бұған себеп болған сол бала кезден келе жатқан құштарлық және қазақ тілін басқаларға үйрету деген арман. Менімен жасты жасөспірімдердің көбі орысша сөйлейтінің бәрі жақсы біледі, бұл бала кезден маған біршама қиындық тигізген болатын. Мен ауылда ата-әжемнің қолында өскен соң, орысша мүлде түсінбейтінмін. Бірақ әке-шешем қалаға алып келгесін сыныптастар арасында өзімді жайсыз сезінгендіктен, орыс тілін үйрене бастадым. Осыған қарап, мен өзім үшін «туған тілімді біраз болсын дамытқым келеді» деген ұстаным қалыптастырдым. Енді мақсатыма қол жеткізу үшін қолымнан келгенше тырысып жатырмын. Әзірше бұл оқуымды жақсы бітіру, ал кейін жоғары оқу орнына түсіп, тәжірибе жинақтау.

...

Скачать:   txt (5.6 Kb)   pdf (54.8 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club