Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Картография және топография негіздерімен

Автор:   •  Март 13, 2022  •  Лекция  •  12,409 Слов (50 Страниц)  •  569 Просмотры

Страница 1 из 50

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

  ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

  Таскараева К.А.

«КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН» пәнінен

лекциялар жинағы

 

Шымкент, 2021

Кіріспе

«Картография және топография негіздерімен» пәні – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық картамен басқа да картографиялық өнімдермен кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану əдістемелері туралы ғылым. Картографияның жетістіктері карталарда атластар менглобустарда көрініс тапқан. Картография бойынша ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында, жоғары оқу орындары мен картографиялық кəсіпорындарындажүргізіледі.

Əрбір географиялық картаның атқаратын қызметі болады.Оны ғылым мен білімнің, өндірістің белгілі бір салаларындағымамандар, туристік танымжорықтың жетекшілері, оқушылармаңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрушыларкескіндейтін аумақты терең зерттеп оқып үйренген сайын солаумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктеріайқын ашылып көрсетіле түседі.

 Пәнді оқытудың мақсаты:

        географиялық карта, карта түрлері, оларды пайдалану ерекшеліктерін, картадағы бұрмаланулар, олармен жұмыс істеу барысында ескерту түсініктерімен таныстыру, географиялық карталардың басты қасиеттері мен ерекшеліктерін ашып көрсету, олардың алуан түрлілігін көрсету, карталармен жұмыс істеудің жолдары мен әдістерін анықтау.

        Пәнді меңгерудің міндеттері:

  • Географиялық карталар мен пландар бойынша жалпы білімі мен түсінігін көрсете білу;
  • Географиялық карта, карталардың түрлері, оларды пайдалана білу ерекшеліктері туралы білуді жүзеге асыру;
  • Карталардың басты қасиеттері мен ерекшеліктерін ашып көрсете білу;
  • Топографиялық карталармен жұмыс істеудің жолдары мен әдістерін меңгеру;
  • Географиялық білімдерді өз беттерінше іздестіру және оны алу қабілетін дарыту, гуманистік бағдар қалыптастыру;
  • Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды қамтамасыз ету, өзінің іс-әрекетін табиғат және қоғамның қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкестендіруге үйрету;

«Картография және топография негіздерімен»  пәнін оқыту студенттердің білімін, іскерлігін, интеллектісін, ерік-жігерін, көңіл-күйін, оқуға деген ынтасын және басқа да танымдық қабілеттерін дамытып, олардың ойының дамуына ықпал етеді, көзқарасын қалыптастырады, білімді алуды қамтамасыз етеді.

Лекция №1. Кіріспе. Картография және топография пәні, міндеттері және олардың басқа ғылым салаларымен байланысы

  1. Картография және топография пәні, міндеттері.
  2. Картографияның басқа ғылымдармен байланысы.
  3. Картографияның даму тарихы.

Картография деген табиғаттың және қоғамның құбылыстарын географиялық

 картада бейнелеу тағыда осы бейнелердiң қасиеттерi, олардың жасалу әдiстерiмен, пайдалану туралы ғылым.

        Картография өзiнiң құрылымы бойынша картографиялық пәндер жүйесi болып табылады, оның құрамдас бөлiктерi:

Картатану – географиялық карта және оның қасиеттерi туралы ғылым, оның құрамына картографияның тарихы және карталарды пайдалану әдiстерi кiредi;

Картографиялық информатика – карталардың жүйелендiру мәселелерiн, оларды талдау, баға беру, сақтау және таратуымен шұғылданады;

Математикалық картография – жер бетiн карта парағында географиялық орнын бейнелеуде дәльдiгiн қамтамасыз мәселесiн шешедi;

Картоматерия – карта бойынша өлшеу тәсiлдерi мәселелерiн қарастырады.

        Сонымен қатар бұл курста геодезия мен топография пәндерiнiң негiзгi мәселелерi қарастырылады. Геодезия – жердiң немесе оның жекелеген бөлiктерiнiң пiшiнi мен көлемiн карта мен пландарға түсiру, сол сияқты адамның инженерлiк қызметiнiң сан алуан мiндеттерiн атқару мақсатында жер бетiн өлшеу әдiстерiн зерттейтiн ғылым.

        Топография – жер бетiн өлшеу әдiстерiн жасап, оның негiзiнде iрi масштабты немесе топографиялық карталар түзетiн ғылым.

...

Скачать:   txt (181.2 Kb)   pdf (449.5 Kb)   docx (129.8 Kb)  
Продолжить читать еще 49 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club