Географиялық ойлау
Автор: Mikaaa • Октябрь 22, 2018 • Лекция • 943 Слов (4 Страниц) • 1,970 Просмотры
37. «Географиялық ойлау» ұғымының мәні Географиялық ойлау. Бұл ұғымға алғаш рет Н.Н. Баранский түсінік берген: «Географиялық ойлау - бұл біріншіден, түйгенін картаға түсіретін, аумаққа негізделген ойлау, екіншіден, байланысқан, кешенді ойлау, ол бір «элементтің» немесе бір «саланың» ауқымымен шектелмейтін, былайша айтқанда бір саусақпен емес, аккордтармен ойнайтын ойлау болып табылады». Э.Б.Алаев географиялық ойлаудың «үштік бірлігі» ұғымын ұсынды, ол аумақтық, кешенділік, нақтылық болып табылады, яғни локалдық, аймақтық, ұлттық, құрлықтық, зоналық және басқа жекелеген проблемалардың міндетті түрде олардың ғаламдық «аяға» сәйкес келуін қажет етеді. Географиялық ойлаудың негізгі белгілері: а) зерттелетін нысандардың географиялық сипаты; ә) географиялық болмысты қарастырғанда және оны бейнелеуде синтездің жоғары дәрежеде болуы; б) әрбір географиялық нысанның, әрбір аумақтық бірліктің қайталанбас өзіндік дара сипаты болатындығын терең түсіну. 1990-жылдары жаңа «географиялық ойлау» қажеттілігі туындады, осы тақырыпта РҒА География институтының ұжымдық монографиясын жариялауы да тегін емес. Географиялық ойлау дәстүрлі және жаңа бағыттарды қамтиды.
38. Белгілі бір аумақтағы (таңдау бойынша) көлік қатынасы мен көлік тораптарын үлгілеу «Көлік инфрақұрылымын үлгілеу»
Мақсаты – таңдау бойынша алынған аумақтағы көлік инфрақұрылымын үлгілеуді жүзеге асыру арқылы кеңістік үлгілеуді үйрену
Керекті құралдар мен жабдықтар: шағын аумақтың (қала немесе қала ішіндегі аудан және т.б.) сызба-жоспары, өлшеу және сызу құралдары
Тапсырмалар:
1) таңдап алынған аумақтағы жалпы көлік жолдарын сызбалар түрінде көрсету
2) Жекелеген көлік тораптарының сызбасын жасау
3) Қаладан шығатын және қалаға кіретін көлік ағындарының бағыттарын үлгілеу
4) Құрастырылған үлгілерді талдау негізінде аумақтың көлік инфрақұрылымы туралы қорытындылар жасау және болашақта дамытылуына қатысты ұсыныстар негіздеу
39. Жоғары оқу орындарында жобаларды іске асыру ерекшеліктері
40. Географияны биологияландыру, мысал келтіру
41. Қызмет көрсету (таңдап алынған сала мысалында) саласын жүйелі үлгілеу Қызмет көрсету саласы бойынша үлгілер құрастыру
- Көрсетілген үлгі бойынша таңдап алынған елдегі белгілі бір қызмет көрсету саласын орналастыру мен оның тиімділігіне ықпал ететін факторларды үлгілеу
- Саланың кеңістік дамуын үлгілеу (мысалы елде туризмнің дамуын көрсететін сызба). Мұнда елдегі туристік орталықтар, туризм түрлері, көлік инфрақұрылымының орналасуы көрсетіледі.
- Саланың даму деңгейіне қатысты ақпарат негізінде үлгілер құрастыру. Мысалы, туристер санының динамикасының диаграммалары, туристік қызмет түрлерінің тиімділігін көрсететін сызба және т.б.
42. Қазақстандағы жобалардың негізгі түрлері, ерекшеліктері мен айырмашылықтары
43. Географияны математикаландыру, мысал келтіру
44. Табиғи жүйе ретінде өзенді үлгілеу: элементтер, байланыстар, факторлар, салдарлар Үлгілер сызба түрінде орындалады және қысқаша түсінік беріледі, мысалы, көл үлгісінде қамтылатын элементтер:
Элементтер: объектінің өзі, тереңдігі, ұзындығы, ені, суының қасиеттері, құятын және ағып шығатын өзендер, жағалауындағы өсімдік жамылғысы, балық түрлері (олардың барлығын шартты белгілермен және сандармен белгілеп шығу)
Байланыстар: аталған элементтердің байланыстарын сызықтар, стрелкалар түрінде көрсету;
Факторлар: көлдің өз элементтерінен басқа табиғи факторлар (климат көрсеткіштері – жауын-шашын, буланушылық, температура), антропогендік факторлар (жақын маңындағы қала, завод, курорт, туризм объектісі, ауыл шаруашылық жерлері және т.б.)
Салдарлар: көлдің аталған факторлардан зардап шегуі (көлге түсетін қалдықтар, ластаушылар, көл суын пайдалану және т.б.)
45. Ресей экономикасының жаңғыруы Ресей Федерациясы — өтпелі экономика тән индустриялы-аграрлы ел.
Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. Біртұтас мемлекет құрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді. Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болғанын білесіңдер. Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды: 1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі; 2) экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, оның салалық құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық байланыстарына да өзгерістер енгізілді. Машина жасау — Ресейдің экономикалық даму деңгейін анықтайтын маңызды саланың бірі. Оның үлесіне елдің өнеркәсіп өнімінің 20%-ы тиесілі. Ресейде машина жасау саласы бойынша 50 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. 1990 жылдары жеңіл автокөлік жасаудан басқалары өнім көлемін екі еседей қысқартты. Бұл шетелдік машиналар мен жабдықтарға қарағанда ресейлік өнімдердің сапасының төмен болуымен түсіндіріледі. Ресейдің машина жасау кәсіпорындарында таукен, энергетика, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына қажетті машиналар мен құрал-жабдықтар, көлік құралдары мен электр техникасы, электрондық құралдар жасалады. Кейбір өнімдер тек бір ғана көсіпорында шығарылады. Мысалы, троллейбус шығаратын жалғыз зауыт Энгельс қаласында орналасса, картоп жинайтын комбайндар тек Рязаньда жасалады. Жалпы алғанда, өнімнің 90%-ы еуропалық бөлікте жасалады.
...