Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан аумағының физикалық географиялық аудандастырылуы

Автор:   •  Ноябрь 15, 2018  •  Реферат  •  11,277 Слов (46 Страниц)  •  2,848 Просмотры

Страница 1 из 46

                                

КІРІСПЕ

Курстық  жұмыстың өзектілігі: Физикалық-географиялық аудандастыру мəселесі – географияның əлі де жеткілікті деңгейде талданып, зерттелмеген ең күрделі мəселелерінің бірі. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру мəселелеріне əдеби жəне картографиялық көптеген материалдар арналған. Еліміздің аумағын алғаш рет табиғи салалық жəне кешенді физикалық-географиялық аудандастыру мəселесімен Л.С.Берг, И. М. Крашенинников Н. Г. Рыбин, М.М.Өтемағамбетов шұғылданды. Қазақстанның табиғи жағдайларын зерттеу жұмыстары негізінен кеңестік кезеңде жүргізілді. Қазақстанның кең-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі, бір-бірін қайталамайтын табиғат кешендерінен тұрады. Қазақстан аумағы екі дүние бөлігін (Еуропа мен Азия) біріктіріп жатыр. Осыған сəйкес, қайталанбас көркем табиғатымен, үлкен массивті құмдарымен, жазира даласымен, қарлы биік тауларымен, құрғақ климатымен, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыстарымен, күрделі геологиялық құрылысымен, ежелгі географиялық тарихымен, мол табиғат байлығымен өзара ерекшеленетін байтақ елімізді ірі тоғыз табиғат аймақтарға бөліп қарастыруға болады.        

        Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақстанның физ-географиялық жағдайына жалпы шолу жасап, физикалық-географиялық аудандастыру мəселесін қарастырып, жеке аймақтарға тоқталу;                                Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу керек:        1.Қазақстанның физикалық – географиялық жағдайына шолу жасау;

2. Физикалық-географиялық аудандастыру мəселесін қарастыру;

3. Қазақстан аумағының  жеке аймақтарының ерекшеліктеріне тоқталу;

  • Жазық аймақтар
  • Аласа таулар
  • Биік таулы аймақтар

Курстық жұмыстың  пәні: Қазақстанның физикалық географиясы.        Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша географиялық, әдістемелік, әдебиет көздерін ғылыми - әдістемелік, теориялық тұрғыдан талдау. Курстық жұмыс тақырыбына қатысты мәліметтерді жинастыру, жүйеге келтіру, ғылыми әдебиеттер мен мақалаларға, статистикалық мәліметтерге, оқулықтарға сараптамалық және анықтамалық, салыстырмалы талдаулар жасау, болжамдау әдістерін қолдану.  

Курстық  жұыстың  теориялық және практикалық  маңызы:

- Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайына шолу жасап, Физикалық-географиялық аудандастыру мəселесі  қарастырылды;

-  Қазақстан аумағының  жеке аймақтарының ерекшеліктеріне жеке сипаттама берілді;

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ

  1.  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗ– ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты менСолтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады.                                                                Қазақстан батысында –  Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі – Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр. Республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды.                                                         Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен.Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде алма мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатады.                         Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды даладалашөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (45°27' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°18' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне тереңдеген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады.                                                                                         Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі.                                                Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз мемлекеттер: Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, СауырТарбағатай жоталарының, Жетісу Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.                         Қазақстан климатының шұғыл континенттілігі мен құрғақшылығы географиялық орыны мен мұхиттан алыс жатуына байланысты. Солтүстігінде қоңыржай суық, жазы қоңыржай жылы, оңтүстігінің қысы жылы, жазы ыстық және құрғақ. Қазақстанның кең байтақ аумағына байланысты, мемлекеттің түрлі аймақтарында ауа райы айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Мысалға, оңтүстікте егін егу басталып жатқан кезде, солтүстік жерінде әлі қар жатып, боран соғып тұруы ғажап емес. Қазақстан климатының қалыптасуына арктикалық, қоңыржай теңіздік және тропиктік ауа массалары әсер етеді. Қазақстандағы ең суық ай - қаңтар. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -19°С (Петропавл), оңтүстікте -2°С (Дарбаза), кей күндері солтүстік-шығыста -54°С-ге дейін барады. Қазақстанның ең жылы айы - шілде. Шілденің орташа температурасы - солтүстікте +19°С, оңтүстікте +28 °С +30 °С, ең жоғарғы температура солтүстікте +41 °С, оңтүстікте +47 °С болып келеді.Жиынтық радиация мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-5500 МДж/м² тең. Қыста - ауаның қысымы жоғары. Жазда - ауа қысымы төмен. Қоңыржай, тропиктік, арктикалық ауа массаларды жыл бойы республика аумағында өтеді.Қазақстанда кездесетін желдер: СайқанЕбіШілікАрыстанды-ҚарабасҚордайМұғалжар желдері. Жоңғар қақпасында үнемі жел соғып тұрады.                                                                                 Қазақстанның топырақ жамылғысы өте күрделі. Кез-келген аймақтағы топырақтың таралуы топырақ түрлері және оны түзуші факторлар мен тығыз байланысты. Сондықтан топырақ жамылғысы белгілі бір географиялық заңдылықтарға байланысты қалыптасады. Қазақстанның топырағы мен өсімдігі және жануарлар дүниесі әркелкі және таралуы да біркелкі емес. Табиғаттың мұндай компоненттерінің орналасуына топтың  тарихи қалыптасуымен қазіргі кездегі физика-географиялық жағдайлар әсер етті. Еуразия материгінің ішкі шөл занасында орналасуы мен Қазақстан климатының құрғақтығына байланысты көрші жатқан Орта Азия мемлекеттеріне ұқсас болып келеді..Қазақстанда топырақ - өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің таралуы жалпы алғанда ендік бағыттағы табиғат зоналары биіктік белдеуліктері байланысты өзгеріп отырады. Қазақстанда бұталы және орманды алқаптар өте аз, олар бар болғаны Қазақсттанның жалпы территориясының 1,5% ғана алып жатыр.                Республика территориясы бойынша өзендер әркелкі таралған. Яғни солтүстіктен оңтүстікке қарай өзендердің орналасу жиілігі азая түседі. Атмосфералық жауын-шашындар көп түсетін орманды дала және дала зоналарының әрбір 100 км² жерінде 4-6 км өзен болса, шөлейт зонасында     2-4км, ол шөл зонасында 0,5км-ден аспайды. Ал,таулы аудандарда жазықтарға қарағанда өзендер анағұрлым көп. Мысалы, Жоңғар Алатауының етегінде 100км²-қа 2-4км, ол орташа биіктіктегі бөліктерінде 12-16км-ге дейін жетеді.Қазақстандағы өзендердің гидрографиялық жүйесі мен режимі жазықтық аудандарда ендік зоналық, ал таулы аймақтарда биіктік белдеулік бойынша сипатталады. Республика территориясы бойынша ылғалдың жеткіліксіздігінен,  әсіресе шөлді аудандарда беттік ағындар сирек, өзендердің суы өте аз болып келеді. Көптеген өзендер құяр сағасына жетпей, арнасы кеуіп кетеді.Қазақстандағы өзендердің жалпы саны 85мыңға жетеді, олардың 8 мыңға жуығы (10%) 10 км-ге созылса, тек 10 өзеннің  ұзындығы 800 км-ден асады.                                                                        Қазақстан Республикасының территориясында көлдердің жалпы саны  ( теңіз, су қоймаларын қоспағанда )  48 мыңға жетеді, олардың жалпы ауданы 45 мың км² құрайды. Ауданы 1км² болатын шағын көлдердің сандық үлесі 94%, ол ауданы жөнінен 10% құрайды, ал ауданы 100км²-тен асатын ірі көлдердің саны бар жоғы 22. Көл қазаншұңқырларының көпшілігі шөлді аудандарда орналасқан, мысалы, Балқаш, Алакөл, Сасықкөл және т.б.Қазақстандағы көлдердің орташа тереңдігі 2м, ал ең тереңі 4-8м-45м-ге  жетеді де,олардың көбісі 100-350м абсолюттік биіктікте орналасқан.                Қазақстанның өсімдік жамылғысында 4750-ден астам жоғарғы өсімдіктер бар, олардың 66-ысы ағаштар,266-бұталар, 250-аласа бойлы өсімдіктер, л 2800-і көпжылдық және бір жылдық шөпті өсімдіктер. Жалпы өсімдіктердің 12%- эндемиктер. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің де түрлері өте көп, азық-түліктік және майлы өсімдіктердің 150 түрі, мал азықтық өсімдіктрді 500-ден астам түрі, дәрілік шөптердің 230-дан астам түрлері Қазақстанның территориясынан кездеседі.                                 Қазақстан территориясы жануарлар жөнінен бүкіл ТМД елдері сияқты Голарктикалық зоогеографиялық облыстың Палеоарктикалық бөлімінің құрамына кіреді. Қазақстанның шөл және шөлейтті зоналары Жеортатеңіздік, дала зонасы мен таулы аймағы Орталық Азиялық облыс тармағына жатады.Республика фаунасының тарихи даму тегі неоген дәуірінен басталып, бірақ оның құрылымы мен таралу ерекшеліктері мұз басу дәуіріндегі климат жағдайларының өзгеруіне байланысты қалыптасқан.                                Қазақстанның территориясында сүт қоректіліердің 158 түрі, құстардың 485 түрі,бауырмен жорғалаушылардың 58, қосмекенділердің 12, балықтың 150 түрі және омыртқасыздардың мыңдаған түрлері мекен етеді.Қазақстанның фаунасы біркелкі емес, оның таралу тегі мен геология-географиялық жасы жағынан әртүрлі жануарлар бар.                                                Қазақстан жерінің 90% - ін жазықтар алып жатыр, ол  Оңтүстіктен Солтүстікке 1600 км ге, ол  батыстан шығысқа қарай 3000 км ге созылып жатыр. Қазақстандағы табиғат зоналарының орналасуына геологиялық және геоморфологиялық процестер, радиациямен, атмосфералық және циркулляциялық факторлар әсер етеді. Осын дай  ерекшеліктерге байланыс ты Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне қарай мынадай ретпен орналасқан:

...

Скачать:   txt (116.2 Kb)   pdf (517.8 Kb)   docx (284.1 Kb)  
Продолжить читать еще 45 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club