Түлкібас ауданының территориялық географиялық сипаттамасы
Автор: 87473204321 • Ноябрь 29, 2018 • Реферат • 24,231 Слов (97 Страниц) • 1,057 Просмотры
КІРІСПЕ
Түлкібас ауданының территориялық географиялық сипаттамасы.
Түлкібас ауданында 15 ауыл әкімшілігі орналасқан. Халқының саны 108,9 мың адамды құрайды, оның 100 пайызы ауыл халқы. Ауданның әкімшілік орталығы – Т.Рысқұлов ауылы.
Облыс орталығына дейінгі қашықтығы 80 км. Шығысында Жамбыл облысының Жуалы ауданымен шектелген. Оңтүстігінде Төлеби ауданы, солтүстігінде Бәйдібек ауданы, батысында Сайрам аудандарымен шекаралас орналасқан.
Климаттық және агроклиматтық ерекшеліктері.
Агроклиматтық жағдайы: аудан тау етегінде орналасқан, суық болмайтын күндері 160-180 күнді құрайды, жылдық ауаның ылғалдылығы 330-390 мм. Қыс айларында қардың қалыңдығы 50-60 см-ге барады, ұзақтығы 120-126 күнге созылады. Жер қыртысы ылғалды ашық сұр топырақты болып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы көп салалы егіншілік және мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның тура ортасынан тау етегінен бастау алатын Арыс өзені өтеді.
Егін шаруашылығында басты егілетіндері дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), мақсары, көкөніс, бау, жүзім, мал азғындық жоңышқалықтар.
Аграрлық құрылымында 3435 шаруа қожалығы, 126 өндірістік кооператив пен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін мекемелер жұмыс істейді. Соның ішінде тұқым өндіретін 2 шаруашылық, көкөніс өнімдерін өңдейтін консерві зауыты, цемент зауыты, әк зауыты және ұн, шарап зауыттары өнім шығарады.
Түлкібас ауданының барлық жер көлемі: 227 504 га. Егістігі: 67,920 га. Оның ішінде суармалысы: 13,863 га. Көп жылдық (ағаш, жүзім) – 3 950 га. Жүзім – 509 га. Шабындық – 7629 га. Жайылым – 88 702 га. Бау – 2 270 га.
Ауа-райының агрометеорологиялық жағдайы және оның зиянды нысандардың дамуына тигізетін әсері.
Қыс айлары.
Қаңтар айы. Қаңтар айының бірінші онкүндігінің 01-02-сі күндері алабұлтты, орташа тәуліктік температура +2, +0,5 градусты құрады, 5-6 м/сек батыстан жел тұрды. 03-ші қаңтар күні ашық , орташа тәуліктік температура +1,5 градусты құрады. 04-ші қаңтар күні кар жауды, орташа тәуліктік температура +3 градусты құрады. 05-ші қаңтар күні алабұлтты, орташа тәуліктік температура +1,5 градусты құрады. Аптада ең төменгі ауа температурасы -3 градус қаңтардың 02-06-09-10-ы күндерінде тіркелді, ал ең жоғарғы температура көрсеткіші +11 градус, қаңтар айының 7-не тіркелді. Қаңтар айының екінші онкүндігінде ауаның температурасы +7 градусты, ал төменгі температурасы -3 градусты көрсетті. 11-12-13-14-15-16-17-ші қаңтарда 4-5-6 мм шамасында қар жауды, орташа тәуліктік температура -5, -4,5 градусты құрады. 15-16-18ші қаңтар күндері, шығыстан шамамен 6-8-12-14-15-18 м/сек және 17-19шы қаңтарда оңтүстік-батыстан шамамен 3-5-6-8 м/сек жел тұрды, орташа тәуліктік температура -5 градусты құрады. 20-шы қаңтар күні ашық, орташа тәуліктік температура +3, градусты құрады. Қаңтар айының үшінші онкүндігіндегі ауаның жоғарғы температурасы +9 градусты, ал төменгі температурасы -3 градусты көрсетті. 23-24-25-сі күндері алабұлт, температура -6-7, 0-3 градусты құрады. 26-27-28-ші қаңтар күндері күн ашық , шығыстан 8-10-12м/сек жел тұрды. Орташа тәуліктік температура -1,-2 градусты құрады. 0º-тан асатын температура жиынтығы +33º С болды.
Ақпан айы. Ақпан айының бірінші онкүндігінде орташа тәулік температура 0 градусты құрады. Ақпанның 03-ші күні 5мм шамасында қар жауды. Ауаның төменгі температурасы 04-05-ші ақпан күні –9-8 градусты көрсетті.Ақпанда максималды ауа температурасы +5 градусты құраса, минималды ауа температурасы -10 градусты құрады. Ақпан айының екінші онкүндігінде 13-14-ші күні 4-5 мм шамасында жаңбыр жауды. Ауаның жоғарғы температурасы +13 градусты көрсетті. Батыстан жел соғып жылдамдығы 4-6-7-8-10-12 м/сек болды. 17-18-19шы ақпан күндері күн ашық болды, төменгі температура 0-8 градыс, ал жоғарғы температура +4-10 градусты көрсетті. Максималды ауа температурасы +130 С-ты, минималды температура -80 С-ты құрады. Ақпан айының үшінші онкүндігінде 21-ші ақпан күні 3 мм шамасында жаңбыр-қар жауды. Ауаның жоғарғы температурасы +10 градусты ақпан айының 28-і күні көрсетті. Ауаның төменгі температурасы 22-ші ақпан күні -1 градусты көрсетті. 27-ші ақпан күні оңтүстік-батыстан 3-5 м/сек жел тұрды. Осы мерзімге дейін 0 0 С-тан асатын температуралар жиынтығы +770 С болды.
...