Палеозой эрасының физикалық –географиялық сипаттамасы
Автор: aniza.askarova • Октябрь 26, 2018 • Реферат • 5,289 Слов (22 Страниц) • 2,031 Просмотры
Аннотация
Курстық жұмыс бойынша палеозой заманы – жер қыртысын түзген қатпарлардың стратиграфиялық шкаласының бір эрасы болып саналады. Негізінен алты кезеңге бөлінген. Соның ішінде әр кезеңге жалпы шолу жасау, тіршілік дамуын бақылау, палеогеграфиялық және палеотектоникалық жағдайларын анықтау, кен байлықтарын зерттей отыра эволюциясын қарастыру. Палеозойдың аяғында барлық гондваналық платформалар жаппай көтеріліп, ол мұз басу процесімен қатар жүрді. Сулы - мұздық және теңіздік – мұздық шөгінділерінің жиналуынан Двейк сериясын құралып, оның қалыңдығы кейбір жерлерде 300 метрге жетті. Палеозойдың аяғында Африка платформасы жаппай көтеріліп, онда мұз басу жүрді. Мұздық әне сулы-мұздық шөгінділер Двейк сериясын құрады, оның қалыңдығы кейбір жерлерде 300метрге жетті.Азияда кейбір шөгінділері геосинклинальды және платформалы формацияларды өте кең таралған. Өсімдіктер әлемін алатын болсақ, палеозой дәуірінде олардың айрықша дами қойғаны байқалмайды. Кембрийге дейін және палеозойдың шекарасында өсімдіктер әлемі құрамында елеулі өзгерістер болмаған. Барлық криптозой бойындағы сияқты, кембрийде де өсімдіктер негізінен қарапайым түрлерден, атап айтқанда, көк-жасыл балдырлардан тұрады. Палеозой дәуірінің өзінен кейінгі дәуірлерден де, өзіне дейінгі ежелгі криптозойдан да басты ерекшелігі, бұл кезде Жерде қатты қаңқасы бар күрделі құрылымды жәндіктер көп дамыған .Кембрий қабаттарынан әртүрлі қарапайым құрылымдағы өте ежелгі формациялар қалдықтары табылды.
Негізінен зерттеу жұмысы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мазмұны
КІРІСПЕ БӨЛІМ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Палеозой эрасының физикалық –географиялық сипаттамасы..............4-5
2.2. Палеозой кезеңдерінің эволюциясы..........................................................5-18
2.3. Эраның тектониалық жағдайы..................................................................18-21
2.4. Тіршіліктің дамуы......................................................................................21-22
ҚОРЫТЫНДЫ
Палеозой эрасының маңызды ерекшеліктері...................................................23-24
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................25
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Палеозой, палеозойлық эра (грекше – ежелгі өмір) - фанерозой заманының ежелгі геологиялық эраларының бірі.Палеозойдың ең төменгі шекарасы 542 миллион жыл бұрын болған. Жоғарғы шекарасы 251-248 миллион жылдардағы – Жер тарихындғы тірі организмдердің жаппай жойылу кезеңіне сәйкес келеді. Палеозой эрасы немесе палеозойлық қабаттар топтамасы деп атауды 1837 жылы ұсынған ағылшын геологы Седжевик, оған силурлық және девондық екі дәуірді кіргізген. Қазір палеозой эрасы алты жүйені біріктіреді. Америкалық палеогегографтар таскөмір дәуірін екі кезеңге бөліп қарастырады. Олар: миссисипийлік және пенсилвандық деп аталады. Палеозой эрасы Жер қабығындағы күрделі өзгерістермен бірге, көптеген және алуан түрлі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің даму эрасы болып, аса көп қазба қалдықтар сақталды.Осылардың негізінде палеозой қабаттары стратиграфиялық түрде айқындалды. Палеозой эрасы кезінде эпиконтиненттік теңіздердің ауданы және құрлықтардың жағалау пішіндері, материктердің орналасуы өзгеше болған. Панталасса біртұтас мұхиты мен оның теңіздері пайда болды. Құрлықтағы алғашқы таулар жүйесі және су асты жоталары қалыптасты. Полюстердің орны басқаша болып, климаттық зоналар өзгерді.
Мақсаты:Палеозой эрасына жалпы шолу жасау.Тіршіліктің дамуына, кезеңдеріне , палеогеграфиялық маңызы баререкшеліктеріне тоқталу және зерттеу.
Міндеті:1.Эраның тектоникасы мен кезеңдерін қарастыру;
2.Тіршіліктің дамуын бақылау;
3.Маңызды ерекшеліктерін сараптау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Палеозой эрасының физикалық –географиялық сипаттамасы.
Палеозой бойы бірнеше рет ойпатты жерлерді теңіз сулары басты. Пайлеозойдың басында Сібір платформасының маңын теңіз суы алып жатты. Ордовик кезеңінде солтүстік жарты шардағы басқа платформаларда да теңіз трансгрессиясы байқалды. Оңтүстіктегі платформаларды су процесінің болмауы, олардың біртұтас Гондвана континентінің құрамында болуына байланысты болды. Тек қана Аустралияның солтүстік-шығыс бөлігі мен Амазонка өзені аймақтарында су басу әрекеті байқалды.
Климат.
Солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық ендіктеріне қоңыр салқын, жаңбырлы ауа райы тән болды. Охот теңізінің маңында сулы – мұздық – теңіздік шөгінді қабаттың болғандығы олардың Пангея құрамында болған кезінде мұз басу процесі болғандығын дәлелдейді. Мұздану түзілістері – тиллиттер Аустралияның оңтүстігіндегі кембрийлік шөгінділердің астында кездеседі.Бірақ,теңіздік шөгінді басым орын алады. Олардың таралу түрлеріне қарағанда кембрийдің бас кезінде платформалар, үлкен көлемде континенттік режимде болып, кембрийдің орта кезеңде олардың көп бөлімін су басқанын байқауға болады.
Палеозойдың бірінші жартысында Африканың солтүстік бөлігінде теңіздің суы барынша кең жайылды. Алғашқы палеозойда климат алуан түрлілігімен ерекшеленді, құрлықтың көпшілік жерінде аридтік, ал экватор маңында тропикалық ылғалды климат тән болды.Палеозой эрасының силур кезеңінен бастап климат салқындай түсті. Девонның орта кезінде экватор маңы мен тропиктік теңіздердің жағалауында ылғалды тропиктік климат жағдайының тұрақтылығы байқалды.
Соңғы палеозойдағы климат қаталдығымен ерекшелінеді. Тас көмір мен пермь кезеңінде оңтүстік жарты шарда мұз басу процесі жүрді. Оның ұзақтығы шамамен 100 млн жылға созылды. Оңтүстіктегі біртұтас суперконтинент Гондвананың өзін қоршап жатқан теңіздерден жағаларының биік орналасуы оның климатының салқындауына әсер етті. Таскөмір мен перьмде мұз басу Оңтүстік Американың батысынан басталып Антарктиданың шеткі бөлігі арқылы,Африка, Үндістан және Аустралияның оңтүстігін қамтыды. Африкада мұз басу іздері – тиллиттер Замбия, Зимбабве, Шығыс Конгода, Танзаниядан табылды.
Гондвана құрамындағы Африкалық мұз басудың орталығы Замбези өзенінің маңынан басталып, Мадагаскар, Оңтүстік Африка мен мен Оңтүстік Америка аудандарын қамтыды. Африкалық мұз басу кезіндегі мұздың қалыңдығы 5 км жетті. Мұз басу кезеңі таскөмір дәуірінің соңы мен перьмнің басына сәйкес келеді. Осы кезде мұз басу аумағы оңтүстік тропиктікті кесіп өтіп, құрлықтың 35%-н қамтыды.
Палеозойдың аяғында барлық гондваналық платформалар жаппай көтеріліп, ол мұз басу процесімен қатар жүрді. Сулы - мұздық және теңіздік – мұздық шөгінділерінің жиналуынан Двейк сериясын құралып, оның қалыңдығы кейбір жерлерде 300 метрге жетті. Ол континенттің оңтүстік бөлігіндегі иіндерді – Карру, Калахари және Конго ойыстарын толтырды. Олардың үстінде Каррудың қалың континенттік формациялары жиналды. Мұз басудың негізгі орталықтары Конго синеклизасынан шығысқа қарайғы ежелгі массивтер алабында, сондай ақ Нубия – Арабия қалқанында жатты.
2.2.Палеозой кезеңдерінің эволюциясы
Дж.Филлипс 1840 жылы “палеозой” терминін “өтпeлi” таужыныстарга колданып, олардың үстіндегілеріне “мезозой” жэне “кайнозой” деген атау берген. ¥зак уакыт бойы бұл үш дәуір “постдокембрий кезеңі’ деген жалпы атаумен 6ipirin аталып келді.Тек 1930 жылы, С.Чедвик оларды - “фанерозой”, ал протерозой мен apxeйді - “криптозой” (кемесю Tipmmix) деп атады.
Қазір палеозой эрасы алты жүйені біріктіреді. Олар: кембрий, ордовик, сидур, девон, таскөмір, пермь. Бұл дәуірлер геологиялық картада төменгі Палеозой (кембрий, ордовик), ортаңғы Палеозой (силур, девон), жоғарғы Палеозой (таскөмір, пермь) деп бөлінеді.
...