Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Батпақтар туралы түсінік

Автор:   •  Май 16, 2020  •  Лекция  •  989 Слов (4 Страниц)  •  1,733 Просмотры

Страница 1 из 4

Дәріс

Тақырыбы: Батпақтар туралы түсінік

Дәріс мақсаты: Студенттерге батпақтың пайда болуын және оның дамуы тарихын түсіндіру. Батпақтардың гидрологиялық режимін анықтап үйрену.

Қарастырылатын сұрақтар: Батпақтар анықтамалары. Қалыптасу факторлары. Батпақтардың таралуы, түрлері. Батпақтық гидрографиялық жүйе.

Батпақтардың пайда болуы және дамуы. Үстіне мол ылғалға және ағыссыз жағдайға бейімделген өсімдіктер ғана өсетін, қалыңдығы 0,3 метрден кем болмайтын, минералды тау жыныстарының бетіне шөккен, ылғалға қанық органикалық материалдардан тұратын құрылымды батпақ деп атаймыз. Ал, шымтезектің қалыңдығы 30 см- ден аз аумақтарды батпақтанған жерлер деп атайды.

Әдетте, батпақтар мен батпақтанған жерлер қатарласа орналасады, сол себепті олардың арасын дәл бөлетін шекара жүргізу мүмкін емес, олар бір ландшафт түзілімі болып табылады.

Шымтезек жылма – жыл өлетін өсімдік қалдықтарының жеткіліксіз дәрежеде ыдырауының нәтижесінде пайда болады. Ол өзіндік физикалық, химиялық қасиеттерімен бетінде орналасқан минералды тау жыныстарынмен ерекшеленеді. Батпақтың пайда болуына негізгі 2 түрлі себеп жауапты: 1) аумақтың жалпы ылғалдылығы; 2) келетін жылу мөлшері.

Ылғалдың үздіксіз мол болуы жер бетінде органикалық материалдардың жиналуына басты себеп болып табылады. Бұл жағдайда топырақтағы оттегі алмасу әлсіреп, топырақ қуыстарына ауа келу қиындауына байланысты өсімдіктердің органикалық өлі қалдықтарының тотығуы шектеліп, гуминдік қышқылдар қалыптасады және органикалық материалдардың «бұқтырылған» жиынтығы пайда болады. Бұл заттар өз салмағының және ылғалдық түтікшелердегі қысымның әсерінен біртіндеп нығыздалуы әрі деформацияға ұшырауы нәтижесінде органикалық тау жынысына – шымтезекке айналады. Шымтезек күшті ылғал ұстау қасиетімен және денесіндегі судың молдығымен ерекшеленеді.

Зерттеу жұмыстары шымтезектің көлемінің 87...97% су, 10...2% - құрғақ зат, 1...7% - газдан тұратынын дәлелдеді.

Шекарасы шымтезек кенішінің шекарасымен сәйкес, батпақ алып жатқан тұйық контурлы, жер бетінің бір бөлігін батпақ массиві деп атаймыз. Батпақ массивтері әдетте біртіндеп батпақтанған жерлермен ұштасып жатады.

Батпақтардың өсімдік жамылғысы ағаш, шөп, мүк, бұталардың көптеген түрлерімен ерекшеленеді. Өмір сүретін ортаға беімделген белгілі бір өсімдіктер бірлестігін фитоценоз деп атайды.

Өсімдік ассоциациялары әртүрлі өмірлік сипатқа ие өсімдік түрлерінен тұрады ( мүктер, ағаш тұқымдастар, бұталар, шөптесін өсімдіктер, т.б.). Мұндай әрбір топта сулық – минералдық қоректену жағдайына талап қоятын және талап қоймайтын өсімдік түрлері кездесуі мүмкін.

Қоректену жағдайына талап қоятын өсімдік түрлері минералдылығы жоғары суларда өседі және олар құрайтын фитоценоздар евтрофты өсімдіктер деп аталады.

Екінші топтағы өсімдік түрлері тек құрамында еріген тұздар өте аз мөлшерде болатын тұщы суларда өседі және олар құрайтын фитоценоздар олиготрофты өсімдіктер деп атайды.

Осы екі топтағы өсімдік түрлерінің арасында, өтпелі жағдайдағы өсімдіктерді мезотрофты деп атайды.

Көл қазаншұңқырлары немесе шымтезек қорлары қалыптасатын жер бөліктері аумақтың алғашқы батпақтану көздері болып табылады.

Көлтабандардың батпақтануы олардың даму сатысындағы табиғи процесс болып табылады және мөлшеріне, табанының бедеріне, беткейлерінің құламалығына, сондай-ақ климаттық жағдайға және ағын сулы немесе тұйықтығына байланысты өтеді.

Құрлықтың баптақтануы топырақ қабатының ылғалдылығының мол болуына жәрдемдесетін белгілі бір физика – географиялық жағдайларға байланысты жүреді. Ұзақ мерзімдік ылғалдылық жағдайында өсімдіктедің оттегімен және минералдық қоректенуі нашарлайды, олардың орнын батпақтық өсімдіктер басады.

...

Скачать:   txt (14.9 Kb)   pdf (109.3 Kb)   docx (22.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club