Археологиялық ескерткіштердің түрлері
Автор: norris2004 • Сентябрь 28, 2021 • Реферат • 323 Слов (2 Страниц) • 541 Просмотры
1 Археологиялық ескерткіштердің түрлері
2 Мәдени қабат және стратиграфия
Археологиялық ескерткіштер-ежелгі адамдардың тарихына қатысты мәдени ескерткіштері
1Археологиялық ескерткіштердің түрлері өте көп.Оларға;қалашықтар,қалалар,жерлеу орындары,қабірлер,қорғандар,обалар,тұрақтар,тау кен орындары,шеберханалар,үнгірлер,көне жер өңдеу аландары ,көне жолдар, бекіністер,петроглифтер яғни тасқа жазылған жазулар және кездейсоқ табылған заттар т.б жатады.
Жалпы қоймаларда бұрынғы адамдар өздеріне маңызды құнды заттарды жер астына көміп сақтап отырған.Сосын ол заттын иесі өлгеннен кейін оныі заттары сол көмген жерінде сақталып отырған.Қоймаларда тек бағалы заттар емес көптеген металь құйындылары мен қола заттар көп кездеседі
Тас бейнелер мен петроглифтер.Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар күнделікті өмірін аңшылығын табынған күн және алып мамонт бизондардың суреттерін тас бетіне бейнелеген.Бұларды петроглифтер деп атайды.
Жерлеу орындары.Топырақты молалар үстінде орнатылған белгісі болмайды.Жерлеу орындары мустье дәуірінде пайда болып,жоғарғы палеолитке кең тараған.
Қорғандар.Жалпы ол түріктің қалашық деген сөзінен шыққан.Олардың түрлері көп.Оларға:Мұртты қорғандар,тас қорғандар,ұзын қорғандар, патша қорғандары т.б жатады.Қорғандар көлеміне байланысты үлкен және кіші деп бөлінеді.Ішкі құрылыстарыда әртүрлі боладыЖалғыз қорғандар сирек кездеседі.Негізі қорғандар тобымен орналасады.
2 Мәдени қабат және стратиграфия.
Мәдени қабат-адамның тұрмыс-тіршілігінің сақталған жер қыртысы.Мәдени қабатта байырғы адамдардың заттары,сүйек құрылыс қалдықтары және өзге де археологиялық белгілер сақталған.
Мәдени қабат әлсіз және қуатты болуы мүмкін.Неғұрлым қуатты мәдение қабат қалалардың орындарында қалыптасады.Ол біртіндеп қалыңдайды.Бірнеше ғасырлар бойғы мекеннің мәдени қабаты айқын көрінеді.
Мәдени қабаттың қалындауына немесе жойылып кетуіне табиғат факторлары барынша әсер етеді.
Мәдени қабатты зерттеу қиындығы-жер жұмыстарының ауқымдылығында.Байырғы ірі мекендердің мәдени қабаттары толық зерттеліп шығуы үшін ұзақ уақыт қажет.Оларға Қазақстанның орта ғасырдағы қалалары жатады.Олар:Отырар,Талғар, Далалық Ақтөбе қалаларыда ондаған жылдар бойы қазылып келеді.
...