Археологиялық ескеркіштердің түрлері
Автор: Абдулмалик Арынов • Сентябрь 28, 2021 • Реферат • 310 Слов (2 Страниц) • 304 Просмотры
Археологиялық ескеркіштердің түрлері
Кез-келген ежелгі жерлеу, қоныс, олардан табылған заттар, құрылыс және де ежелгі мүсіндер, көне ғимараттардың қалдықтары және басқалары ежелгі тарихи дереккөздерге, олар салынған дәуірдің ескеркіштері болып табылады.Еңбек құралдары мен қару жарақтар, ежелгі тұрмыстық заттар бізге ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе алатын еді, бірақ мұндай ескеркіштер салыстырмалы түрде аз. Бұл көне заттар қазба жұмыстары арқылы табылады. Қазбаның мақсаты-заттарды,тіпті әдемі сирек кездесетін және қымбат заттарды табу емес, қазбаның мақсаты- тарихи зерттеулер.
Негізгі археологиялық ескерткіштер ежелгі қоныстар мен көне қорымдардың қалдықтары. Ежелгі қоныстардың ішінде археологтар үш түрді ажыратады. Бірінші тұрақтар, яғни ашық бекітілмеген елді мекендердің қалдықтары. Екінші ол қалашықтар яғни бекіністері бар қоныстардың қалдықтары.Қалашықтар-бұл өте кең категория, оған әлсіз бекіністі Энеолит қоныстары мен Орта азиядағы алып қоныстардың қалдықтары, Қара теңіз аймағының ежелгі қалалары жатады. Бекітілмеген бекіністердің қалдықтары, бекіністермен бір мезгілде болған қоныстар қыстақтар бар. Бұл ежелгі қоныстардың үшінші түрі. Ежелгі қорымдарды екі үлкен топқа бөлуге болады. Біріншісі үстінде ешқандай үйіндісі жоқ жерледен тұрады. Бірнеше осындай қабірлер қорымды құрайды. Екінші топқа жерлеу шұңқырының үстінде топырақ үйіндісінің құрылуымен сипатталады. Әдетте бұл қорғандар деп аталады.Археологиялық ескерткіштердің осы негізгі түрлерінен басқа шеберханалар, мешіттер, храмдар тағыда басқа мекендерден тысқары жерлерде суару жүйелері, тастағы таңбалар, кен алған орындар бар.
...