Тас таптаған тарланбоздар
Автор: arailymukibaeva • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 6,428 Слов (26 Страниц) • 224 Просмотры
Қармақшы аудандық білім бөлімі
Секция: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы : Тас таптаған тарланбоздар
(Қазақ әдебиетіндегі жылқы образы)
Зерттеуші: Сахиев Мадияр
Ақай ауылындағы№99 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Пән мұғалімі: Маханбетова Бақыткул
Ғылыми жетекшісі : Бекмағанбетов Шанжархан
Қорқыт ата атындағы университеттің филология факультетінің оқытушысы, доцент
ЖОСПАРЫ:
- Кіріспе
Ұлттық құндылықтың бір қыры
2.Негізгі бөлім
2.1 Мені қызықтырған әлем
2.2. Тегіміз - түркі. Түлігіміз -жылқы
2.3. Қазақ әдебиетіндегі жылқы образы
2.4 Тас таптаған тарланбоздар –тарихи құбылыстар
3. Қорытынды
Желден-----
Ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Кіріспе
Ұлттық құндылықтың бір қыры
Жұмысымның негізгі мақсаты: «Жеті қазынаның, Ұлы даланың жеті қырының бірі-жылқының ерекше қасиеттерімен танысу, жылқы туралы таным- түсінігімді кеңейту, қаны да, жаны да қазақ баласының жылқы жануарына деген сезімін таныту, жылқының бабаларымыздан келе жатырған кәделі, бағалы қазына екенін ұғыну, халқымыздың жылқы малына қатысты салт – дәстүрлеті мен ырым-тиымдарын білу және қазақ әдебиетіндегі жылқы образының сомдалуына талдау жасай отырып,шығармалардың көркемдік құндылығын ашу.
Жұмысымның ғылыми жаңашылдығы мен өзекті мәселелері:
Жылқы түлігінің дүниежүзінің көптеген елдеріне танылған тектілігіне, жылқының қазақ халқының тарихындағы орнына тоқтала келе, қазақ әдебиетіндегі жылқы образы арқылы авторлардың оқырманды ұлттық рухани құндылықтарға баулуды көздегеніне өз таным-түсінігім, талдауым бойынша тоқталып, «адам есті жануардың» туымды тұлға болуға үлгі боларлық қасиеттеріне көз жеткізуге ойлы тыңдарман-оқырмандарға ықпал ету.
Мақсатқа жету жолында алдыма қойған міндеттерім:
1. Жылқы түлігінің пайда болуы ( биологиялық дамуы) , адамзат, оның ішінде қазақ халқы өмірінде қолданылу тарихын зерттеу.
2. Қазақ әдебиетіндегі жылқы образының сомдалуының көркемдік, тәрбиелік, рухани құндылығына сыни тұрғыда баға беру.
3. Бүгінгі жылқы шаруашылығының дамуы, жылқы өнімдерінің табиғи құнарлылығының әлемдік нарықтағы, медицинадағы табыстарына талдау жасай отырып, Ұлы даланың ерекше қырларының бірі- жылқының тектілігін тану.
Жұмысымның тәжірибелік құндылығы:
Жиналған материалдар негізінде ҚР-ның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың « Бабалардың мұрасы, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың болмысы арасындағы сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» және 2018 жылдың 11 қарашасы күні жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында басым бағыт берілген «Атқа міну мәдениеті» тақырыпшасында көрсетілгендей «...Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағанын, еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін, жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалап, бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды» деген сөзін басшылыққа ала отырып, тас таптаған тарланбоздар тарихы арқылы ұлтық тәлім-тәрбие құндылықтарын, әдеби шығармалардағы жылқы образына талдау жасай отырып, жылқы ұстау мен оның табиғи өнімін тұтынуды (ауыл өмірінде) отбасылық дәстүрге енгізуге тарту.
...