Мектепке дейінгі білім беру мазмұны, оның өзіндік ерекшеліктері
Автор: bekza2801 • Апрель 3, 2020 • Контрольная работа • 2,032 Слов (9 Страниц) • 711 Просмотры
Мамандық: 5B0601705 Шетел тілі : екі шетел тілі
Оқу деңгейі: Екiншi жоғары бiлiм
Курс: 1
Бөлім: қазақ
Азиева Бекзат Базарбайқызы
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары
(СОӨЖ)
Мектепке дейінгі білім беру мазмұны, оның өзіндік ерекшеліктері
1. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны туралы не білесіз?
2. Мектепке дейінгі білім берудің өзіндік қандай ерекшеліктері бар?
3. Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда қандай өзгерістер туындап отыр?
- Мектепке дейінгі білім беру мазмұны туралы не білесіз?
Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу білім беру процесі:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (одан әрі-Стандарт) (2018 ж. 31 қазандағы ҚР БҒМ № 604 бұйрығы);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2018 жылғы 10 қазандағы №556 бұйрығы);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі-Бағдарлама) );
- Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.
Стандартта мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына және оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына бағытталып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделеді.
"Денсаулық" білім беру саласы.
"Денсаулық" білім беру саласы дене бітімі қасиеттерін дамытуды; негізгі қимыл түрлерін жетілдіруді; қимыл дағдыларын қалыптастыруды; қимыл ойындарының түрлерін ұйымдастыруды және өткізуді; спорттық жаттығуларды орындауды (шанамен, шаңғымен сырғанау, велосипед тебу, жүзу); спорттық ойындардың (футбол, баскетбол, бадминтон және басқалар) элементтерімен танысуды қамтиды.
"Денсаулық" білім беру саласының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған.
"Денсаулық" білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:
- дене шынықтыру;
- қауіпсіз мінез-құлық негіздері.
"Коммуникация" білім беру саласы.
"Коммуникация" білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.
"Коммуникация" білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.
"Коммуникация" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
- сөйлеуді дамыту;
- көркем әдебиет;
- сауат ашу негіздері;
- қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірі;
- драма.
"Таным" білім беру саласы.
"Таным" білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы, адамдардың ортақ мекені ретінде Жер планетасы, оның табиғатының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды.
...